Ескерткіштер ескерусіз қала бере ме?

Ескерткіштер ескерусіз қала бере ме?

Жұмыр жердің бетінде сан алуан ғажайыпты көруге әбден болады. Олардың барлығына таңғалуға тура келеді. Кейбірі адам қолымен жасалған. Ендігісін табиғаттың өзі ерекшелеген. Әйтеуір, адамзат баласы үшін бағалы байлықтың бірі болып табылады. Дүниежүзіндегі дүйім ел сол игіліктерді тамашалауға әуес. Десе де ол мәдени мұралар талай қиындықты бастан өткізді. Тіпті, түрлі себептермен жер бетінен жоғалып кеткені де бар. Оларға іштей қынжылыс білдіруге тура келеді. Әрине, оған түрлі себептер баршылық. Оларды сақтап қалуға кезінде адам санасы жетпеді. Сан алуан соғыстар олардың еріксізден қирап, жермен-жексен болуына алып келді. Сондай-ақ, түрлі тосын әрекеттер де олардың көзден ғайып болуына итермеледі. Қазіргі таңда олардың кейбірінің атын естіп, тарихшылар сол ескерткіштер жайында артында жазып қалдырғаны болмаса, ондай мәдени мұралардың орнын да таба алмай қалып жатқанымыз жасырын емес.
Адамзат санасы жетіліп, мәдениет саласының өрісі кеңей бастаған шақтан бұл мәселе басты тақырыпқа айналды. Осының нәтижесінде сан алуан ұйымдар құрылып, бұл тұрғыда нәтижелі жұмыстар жүргізе бастады. Қазір дер-жаһандағы жұрт ЮНЕСКО аталатын ұйымды жақсы біледі. Бұл құрылым Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет салалары бойынша жұмыс атқаратын сала болып табылады. 1945 жылы 16 қарашада Еуропаның қақ төрінде Францияның бас ордасы – Париж қаласында құрылған ұйымның құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орын тепкен 70-ке жуық бюро мен бөлімшелер кіреді. Оның қаулысы сол жылы Лондонда өткен конференцияда қабылданып, арада жыл өткенде көптеген мемлекеттердің сол қаулыға қол қоюымен бекітілді. Соының нәтижесінде 20-дан астам мемлекет актілерін сақатуға өткізгеннен кейін күшіне енген. ЮНЕСКО 1975 жылы бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қолдау жөніндегі конвенцияны өмірге енгізді. Бүгінгі таңда бұл конвенция әлемнің 190-ға жуық мемлекетінде бекітіліп отырған жайы бар. Кеңес одағы ол 1988 жылы бекітілген. Қазақстан өз алдына жеке мемлекет болып, тәуелсіз ел атанғаннан кейін ЮНЕСКО құрамына қабылданды. Бұл 1992 жылдың 22 мамыры болатын.
Олай болуы заңды да секілді. Өйткені, кең-байтақ қазақ жерінде сан алуан мәдени және табиғи ескерткіштер саны аз емес. Оның кейбірін әлі күнге дейін өзіміз де толық тани алмай келеміз. Осындай салқын көзқарастың салдарынан олардың кейбірі жұрттың көзінен таса қалып, біршамасына жойылу қаупі де туындады. Ата-бабалар аманат етіп кеткен сол байлықты жоғалтып алсақ, біз үшін орасан қателікке айналар еді-ау. Өйткені, кешегі кеңестік империя тұсында біздің еліміз ондай мәдени және табиғи байлықтарға мойын бұра алмады. Саясаттың салқыны ондай оң істерді атқаруға кедергісін келтірді. Әйтпесе, қазақ жерінің кез-келген бөлігінен аңыз бен әпсанаға толы өңірлерді кездестіруге әбден болады. Бұл қазақ халқының тереңнен тартқан тамыры бар ежелгі ұлттың бірі екенін айғақтайтын дүниелер екені белгілі.
Сондай жобаларды ЮНЕСКО үйлестіріп отырады. Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін біздің елімізден ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне бар-жоғы үш-ақ табиғи және мәдени ескерткіш енгізілген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглиф тас кешені, Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері бар. Сонымен қатар, біздің елімізден әлемдік мұралар тізіміне үміткер нысандар тізімі аз емес. Мәселен, талайды таңғалдырған Мерке түрік ордасы үміткерлер қатарына 1998 жылы қосылған. Сол жылдарда Беғазы-Дәндібай мәдени ескерткіштері, Тасмола мәдениетінің қорғандары мен тас құрылыстары, Ешкіөлмес петроглифтері, Арпа-Өзен петроглифтері, Қаратау жотасының палеолиттік нысандары мен геоморфологиясы, Отырар оазисінің археологиялық нысандары, Ұлытау мәдени ландшафты сол қатарға қосылды. Ал 2002 жылы Солтүстік Тянь-Шань (Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Ақсу-Жабағылы қорығы сол үміткер мұралар тізіміне қосылса, осыдан төрт жылдай Батыс Тянь-Шань да сондай мәні зор табиғи ескерткіштер қатарында санала бастады. Ал 2012 жылы батыс пен шығыстың арасын жалғаған Жібек жолын біздің ғалымдар тарихи мәні ерекше мұралар тізіміне қосуға ниет білдірді. Былтыр Қызылорда облысындағы Қорқыт ата кешенінде солардың қатарына қосуға өтініш жасалған. Алдағы уақытта олардың қатарын оғыздардың ордасы – Жанкент пен Ақорданың бас шаһарына айналған Сығанақ қалашықтары толықтыруы мүмкін.
Ашыған айтайық, күні бүгінге дейін сол мұраларды сақтау бағытында көптеген олқылықтар орын алып келгені жасырын емес. Біздің түп-тамырымызды таразылап беретін талай қалашықтарды көрінген көк атты келіп зерттеп, қазақ халқы үшін маңызды дүниелер тістегеннің аузында, көрінгеннің қолында кеткені рас. Әсіресе, кезінде Байқоңыр қаласы маңында орын тепкен көне орындарды зерттейміз деп келген ресейлік ғалымдардың көп дүниені қолды еткенін жақсы білеміз. Қазір олардың қайда екенін біз біле де бермейміз. Бұл кезінде кеткен олқылықтың салдары екені көзге айқын көрініп тұрған жайы бар.
Бүгінгі таңда ешкімге кіріптар емеспіз. Ойлаған ісімізді ешкіммен ақылдаспай-ақ өзіміз реттей алатын мүмкіндік туды. Өткенімізді өшірмеуге бірден-бір дәнекер тарихи дүниелер көзден таса қалып қоймаса деген тілегіміз бар. Әйтпесе, кейінгі ұрпаққа қандай дүниелерді көрсетеміз? Даңғайыр даланың сан алуан ескерткіштері мол емес пе? Алайда оларға қырын қарап, ескерткіштер ескерусіз қалып жатса, олардың да жермен-жексен жойылып кетпесіне кім кепіл? Шындығын айтқанда, бізге әзірге жетпей жүрген мәселелер осыған саяды.
Ұлан-ғайыр даламызда жатқан ескерткіштер біздің еңсемізді өзгелер алдында еңселі етері сөзсіз. Сондықтан түпсіз терең тарихтың бір бөлшегіне айналған мәдени мұралар көзден таса қалып қоймаса игі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста