Ескi тиынды көрсем, есiм кеткенше қуанамын

Ескi тиынды көрсем, есiм кеткенше қуанамын

Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Владимир Евстофеев – түрлi елдердiң валютасы мен монет жинауды өмiрлiк кәсiбiне айналдырған санаулы жандардың бiрi.
Қазiр Владимир Александровичтiң қолында 88-ге жуық қағаз ақша жинақталған. Олардың қай елдiкi екенiн, қай кезеңде, қандай металдан жасалғанын, соны бiлу үшiн тарих беттерiн парақтайтын иесi тап басып айта алады.
– Мен мына тұрған Балықшыда туып-өстiм, – деп еске алады Владимир Александрович, – 1939-1940 жылдары бес-алтылардағы ойын баласымын, үлкен ағам парашютпен секiрiп, солардың төсбелгiлерiн маған бере салатын. Одан Ұлы Отан соғысы кезiнде Сталинград маңына көшiп бардық. Баламыз ғой, қирап қалған қаланың көшелерiн, үйлерiн кезiп, тыным таппайтын едiк. Сондай бiр күнi үйлердiң бiрiне тығылған патша заманының мол ақшасына кенелдiк. «Олжамызды» теңдей бөлiп алып, соның есебiнен коллекциямның молайғанына қуанып жүрдiм. Бiрақ 1945 жылы менi балалар үйiне әкетiп, жиған-тергенiмнен айырылып қалдым. Ендi қайтадан монеттер мен купюрлардан басқа, шырпы қораптарын, папирус қағаздарын, кәмпиттiң сыртын жинай бастадым. 1954 жылы әскери училищеге түспек болып әжеме тастап кеткен жинағым тағы да сақталмады.
Оған да мойымай, 1960 жылдардан сүйiктi кәсiбiме қайта көшiп, ендi тиындар мен қағаз ақшаларды тұрақты жинаумен айналыстым. Кейбiреулерiн сатып ала бастадым. Ескi, сирек тиын-тебен тауып алсам, төбем көкке екi елi жетпегендей болады. Мұндай жағдайларды санап тауыса алмайсыз: резервуарларды жөндеу кезiнде 1931 жылғы 5,10 тиындықтар табылды; Иркутск пойызынан бекетке түскенде бiр әйелдiң қалтасынан молдаван ақшасы 25 бани түсiп қалды; Алматыдағы «Көктем» шипажайында суға шомылып жүрiп, 1942 жылғы румынның күмiс ақшасын тауып алдым. Жергiлiктi қариялардан сұрастырсам, бұл жерде Ұлы Отан соғысынан кейiн сотталған шетелдiктер жұмыс iстеген екен. Румын ақшасы, мүмкiн, солардан қалған шығар.
Уақыт өте Евстофеевтiң «хоббиi» жан-жағындағыларға да «жұға» бастады. Содан елiмiзге келген шетелдiктер, бiзден сырт елдерге шыққандар, туыстары мен дос-жарандары бұл кiсiге бұрынғы-соңғы ақша түрлерiн әкелiп, сыйлайтын болыпты. Қазiр коллекциядан әлемнiң бiршама мемлекетiнiң валютасы орын алғанын нумизмат мақтана әңгiмелейдi. Мысалы, Монғолияның кеңес өкiметi кезiндегi 1 сомға парапар ақшасы «бiздiкiн» дәлме-дәл қайталайды. Жалпы, дизайннан ұрлау не көшiру түрлi елдiң ақшасы осылай бiр қолға жиналғанда әшкере болып қалады. Қытай тиынының ортасы тесiк. Еуроодақ елдерiнде қолданылатын металл ақшаның бiр жағы бiрдей бейнеленсе, екiншi жағына әрбiр ел өзiнiң бейнесiн салған. Ханшайымның қырынан қараған жүзi салынған ағылшынның 20 центi әр кезеңде шығарылып тұрған. Оған қарап ханшайым әйелдiң 18, 30 жастағы, одан бертiнгi түрi қандай болғанын бiлесiң.
Владимир Александрович коллекциясын шығу тегiне ғана емес, жылдарына қарап та бөлген. Патшалық Ресейде 1758 жылға дейiн ақша «деньга» аталған. Бұл тиын емес, мыс ақшалар едi. 1758 жылы күмiс ақшалар айналымға шығады. Тиындар 1928 жылдан пайдаланыла бастаған. Оның құндылығы соншалық, алғашқы кездерi оған мал-мүлiк, баспана сатып алуға болады екен. Евстофеев сол кездегi патшалық алтын рубльдiң қолында жоқтығына өкiнедi. 1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiн «деньга» күшiн жойып, бiр жағында – РСФСР деген жазуы, екiншi жағында балға мен орақтың суретi бар жаңа ақша дүниеге келдi. 1924-1925 жылдары ондағы жазу СССР деп өзгертiлдi. Мұны, қазақ даласында да осы ақша күшiнде болғанын ескерiп айтып отырмыз. Ал 1993 жылдан бергi тәуелсiз Қазақстанның төл теңгесi мен тиындары өз алдына бөлек «жайғастырылған». Егемен ел өзiнiң мерейтойлық монеттерiн шығара бастады. 2006 жылы бiз сөз қылған нумизматқа «Алтын қыран» монетi мен орденi және «Алтай ұлары» орденi сыйға тартылды. Алайда жаңадан шығып жатқан мерейтойлық монеттер Владимирде түгел емес. Айтуынша, «бағалары қымбат».
Евстофеев қорындағы тиындардың iшiнен қарабұжыр күйiнен арылмағандары көзге шалынады. Ол кiсi ысқылап, қанша сүртсе де, тазарта алмаған. «Мына бiр тиынды үстiнен балтамен ұрыпты. Басқа нәрсеге пайдаланғысы келген-ау», – дейдi бiреуiн көрсетiп. Ақшаны тек сатып алу құралы дейтiндер қателеседi. Металл ақшалардың адам ағзасына тигiзетiн пайдасы көп. Нумизмат коллекциясындағы 1904-1908 жылдары шыққан 2 тиындық мыс тиынын қимаса да, ауданнан сұрап келген науқасқа емделуге берiптi.
Адамдардың коллекция жинауға әуестiгi талай ғалымның зерттеу нысанасына айналған. Оны пайдалы санайтындар да, зиянды дейтiндер де бар. Ал нумизматикамен түпкiлiктi айналысқан бiздiң кейiпкерлерiмiздiң сүйiктi iсiне адалдығы тек тәнтi етедi.

«Википедия» сөздiгiнен: «Нумизматика – монеттiк чеканка мен монеттер бойынша ақша айналымы тарихын зерттейтiн пән».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста