Ет жемейтін қазақ

Ет жемейтін қазақ

Ел арасында ет жеуде қасқыр мен қазақты салыстырып жатады. Қайсысы көп жейді деп те дауласады. Алайда атам заманнан бергі асымызды аузына алмайтын қандастарымыз да бар екен. Қызылжарлық жігіт ет жеуден тыйылғалы ешбір ауырмайтын болған.
Кикбоксингтен спорт шеберлігінен үміткер Бақтияр Тұраров барлық ауру­ға асқазандағы тамақ себеп болатынын айтады. Қатерлі ісік, қант диабеті, жүрек аурулары және ауыз қуысындағы қанша­ма аурулардың бәрі асқазанға тәуелді. Осыны оқып-зерттеген ол үш жыл бұрын ет жеуді қойған.
Бақтияр еттен ғана емес, мал өнімде­рінің түгелінен дерлік бас тартқан. Май жемейді, сүт ішпейді. Тек жеміс-жидек қана тұтынумен жүр. Адамға тәулік бо­йы­на қажетті қуатты екі алма ғана бере алады. «Қарынды қампайтып жеген та­мақ қуат бермейді, қайта оны қорыту үшін қаншама күш кетеді», – дейді Бақ­тияр.
Бақтиярдың қымбатшылық заманда жемістен басқа тағамдардан бас тартуы отбасылық бюджетке де көп жеңілдік болған. Мысалы, ол күніне ең көп де­ген­де бір келі алма немесе бір келі алмұрт жейді. Кей күндері осының жартысы да жетіп жатыр. Ал бұл жемістердің Қызыл­жар базарындағы бағасы 200-300 теңге ғана. Бақтияр тамақты тоя жеп ауруға шалдығып – бір, оны емдеу үшін дәрі сатып алып екі шығындалатын­дарды түсінбей әлек.
Жас жігіт ет жемеген үш жылдың ішін­де жеті келі салмақ жоғалтқан. Қазіргі салмағы – 53 келі. Салмақ жеңілдігінің спортшыға көмегі де көп. Қимылы да ширақ. Ең бастысы, ауруларға қарсы иммунитеті жақсарған. Қызылжардың қақаған қысында көшеде спорттық жейдемен ғана және малақай­сыз жүрген жігітті көріп қалсаңыз, таң­ғал­маңыз, ол – ет жемейтін Бақтияр. Дәрігерлер оған дұрыстап тамақтан­баса, екі-үш айда өліп қала­тынын айтқан екен. Ал Бақтияр жеміс­тен басқа тамақ жеме­ген үш жыл ішінде ешбір аурумен ауыр­маған. Тіпті бірде-бір рет тұмаурат­па­ған.
Бақтияр ТҰРАРОВ, Қызылжар қаласының тұрғыны:
– Адам денсаулығына қажетті заттар етте жоқ екенін көбі көріп жүрсе де, мойындағысы келмейді. Мысалы, футболшылар үзілісте апельсин жейді, ал теннисші­лердің банан жеп жатқанын көреміз. Неге олар ет апарып жемейді? Себебі ет асқазанда сегіз сағат бойы қорытылады. Қуат бергеннен гөрі сол қуатты жұмсайды екен. Менің білуімше, ерте замандағы адамдар жеміс-жидекпен қоректенген. Ет жеуді жер бетін мұз басқан кезде бастаған. Жеміс-жидек қатып қалған соң, жан-жануарларды жей бастаған екен. Қазір менің жолыма достарым да түсуде. Ет жемеуімде ешқандай діни астар жоқ. Мұсылманмын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста