«Еуразия» кинофестивалі басталды

«Еуразия» кинофестивалі басталды

Кеше Алматыда VІІ Халықара­лық «Еуразия» кинофестивалі басталды. Қыркүйектің 19-24-і аралығын қамтитын бұл фестиваль биыл ерекше қарқын алып, қазақ кино өнері үшін маңызды деген қадау-қадау мәселелерді алға тартатынға ұқсайды. Франция, АҚШ, Германия секілді Еуропа елдері мен Үндістан, Әзірбайжан, Түркия, Иран секілді көршілес Азия елдері кино саласы майталмандарының келіп қатысуы біз үшін жаңалық болмағанымен, бұл жылдан-жылға фестиваль аясының кеңіп, оған әлем назары ауа бастағанының дәлелі бола алады.

                                                                Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) 
Оңтүстіккореялық әйгілі режиссер Ким Кидук төрағалық ететін байқаудың халықаралық қазы­лар алқасында, сондай-ақ әйгілі жапон режиссерлерінің бірі Йоичи Сай, Ресей халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко және әй­гілі француз актері, режиссер және сазгер Жиль Маршан, ал отандық киногерлер арасынан соңғы кездері өзінің «Құрақ көрпе», «Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны», секілді туындыларымен қазақ кино өнеріне тың серпіліс алып келіп, биік белеске бастаған жас та болса, тәжірибелі, шебер кинорежиссер Рүстем Әбдіраш бар.
Өткен жылы естеріңізде болса, «Еуразияның» конкурстық бағдарламасына ұсынылған 15-ке тарта отандық фильмдер ішінен іріктелген А.Са­таевтың «Адасқандар» мен Ф.Шәріповтің «Қызғылт қоян туралы аңыз» фильмдері қаты­сып, киногерлер тарапынан лайықты бағаланған болатын. Ал биыл үміт ұшқынын лаулатқан бір іс «Қарқынды дамып келе жатқан қазақ киносы – 2010 жылдың соңы мен 2011 жылы түсірілген фильмдер» айдары бойынша,  қазақ киносының экранына жолдама алған фильмдер ішінен Р.Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны», Е.Кончаловскийдің экшн-фильм заңдары бойынша түсірілген – «А-ға қайта оралу», А.Са­таевтың – «Ликвидатор», С.Тәуе­келовтің – «Жерұйық», Е.Нұрмұхамбетовтің – «Аңшы бала» және Д.Саламаттың «Кішкентай» фильмдері байқауда өз бақтарын сынаса, тағы сегіз киножоба (дебьют) байқаудың «Қазақ­стандық киножобалар нарығы» сынына іріктелініп алынды. Атап айтқанда, олар – Эмир Байғазиннің – «Гармония сабақтары», Талғат Бектұрсыновтың – «Үйге оралу», Әділхан Ержановтың – «Уытты барымташылар», Эльмира Гильманның – «Паромшы» т.б. жас кинорежис­серлердің тыр­нақалды туындылары.
Еуразия кинофестивалі жылдағы үрдісінен биыл да таймай, өз көрермендерін әлемдік кино саңлақтарымен жүзбе-жүз жолықтырады. Қонақжай еліміздің топырағына табаны тиетіндердің арасында «Оскар» сыйлығының жүлдегері, француз актрисасы Жюльет Бинош, америкалық актер, продюсер әрі сценарист, «Шанхайдағы талтүс», «Шақырылмаған қонақтар», «Ол, мен және оның достары» фильмдерінің кейіпкері Оуэн Уилсон да бар.
Айтпақшы, бұл жылы фестивальға АҚШ киногерлері өздерінің деректі фильмдерін ала келіп, байқау аясында өздерінің Қазақстандағы күндерін жариялап отыр. Қысқасы, қазақ киносы әлемдік кеңістікке қанат қағып, түбі тегеурінді индустрия қалыптастыруға нық қадамдар жасауда. Заманында Қоянды, Қарқаралы секілді ірі жәрмеңкелер қазақты қалай өркениет өріне сүйресе, Еуразия, Ш.Айманов сынды фести­вальдер де бүгінгі қазақ киносын солай дамуға жетелесе деген ізгі үміт бар кеудеде. Жалпы, «Кинофестивальдің берері не?» деген көкейдегі сұрақты дөп басқандай, байқаудың ұйым­дастырушылары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Қазақстан кинематографистер одағы бүгін кинофес­тивальдің екінші күнінде «Кинофестиваль арман ба, әлде бизнес пе?» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ биыл осы фестивальға тосын сый ретінде біздің киногерлер «Қазақ киносының энциклопедиясын» жарыққа шығарыпты.
Фестиваль шеңберінде жүретін барлық іс-шаралар мен маңызды кездесулер, кино­көрсетілімдер «Almaty towers» кешенінде болады. 24 қыркүйекке дейін осы ғимаратта таңертеңнен кешке дейін шетелдік, отандық кинолар тегін көрсетіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста