Еуропаны елең еткізді

Еуропаны елең еткізді

Қармақшы ауданының балғын әншісі Айжан Қыдырбек «RІMІNІ FEST-2010» фестивалінде бас жүлдеге қол жеткізді. Қазақы ауылдың қаршадай қызы осылайша Еуропа жұртшылығын тәнті етті.

Айжан аудан орталығы – Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің алтын­шы сыныбында оқиды. Ол алты жасынан бері өнер сахнасында жүр. Алғаш рет бал­ғын әнші аудандық өнер байқауында топ жарған еді. Одан кейін «Ақ көгершін» фес­тивалінде екінші орынға қол жеткізді. Оның жетістігі тек осымен шектелмейді. Өнер саласының мамандары былтыр өткен «Менің Отаным» патриоттық әндер бай­қауы мен биылғы «Балауса» фестивалінде де бас жүлдеге Айжанды лайық деп сана­ды. Балғын кезінен талайды мойындатқан талант­ты қызды қанатының астына алып, тәлім үйреткендер қатарында «Әнші бала­пан» байқауы жобасының жетекшісі Роза Жанчурина бар.
Италия жеріндегі ән байқауына біздің елімізден үш өнерпаз аттанды. Олардың арасында А.Қыдырбектің жұлдызы жанып, көрермен қошеметіне ие болды. Кәрі құрлықтағы курортты аймақ саналатын Ри­мини қаласында өткен фестивальге әлем­нің бірнеше елінен 9-25 жас ара­лығындағы үміткерлер қатысты. Ән әлемі­нің қыр-сырын таразыға тарта білетін ма­ман­дар қазақстандық әншінің өнерін бас бармақпен бағалады.

Айжан Қыдырбек, жас әнші:
– Мен халықаралық өнер бәйгесінде «Свети моя земля» және «Домбыра» әнде­рін орындадым. Сондай-ақ талғампаз тың­дармандар алдында «Сарани кетломомен» әнін де әуелете шырқадым. Бұл шығарма итальяндардың халық әні болып табылады. Байқау екі аптаға созылды. Менің талан­тым­ды кішкентай кезімнен танып, өнер әлемі­не жол сілтеген Қанат Төребеков ағама алғыстан басқа айтарым жоқ. Бар­лық тілеулес жандарға ризашылығымды біл­дір­гім келеді.

А.Қыдырбектің ата-анасы қарапайым жандар. Әкесі – Қыдырбек Қалашбаев же­ке шаруа қожалығында еңбек етеді. Алай­да Сыр сүлейлерінің термелерін шебер орын­дай біледі. Анасы – Хадиша Елеунұро­ва мектепте математика пәнінің мұғалімі. Өне­гелі отбасы өздерінің шығыстың шайы­ры – Тұрмағанбеттің қарындасы – Мағу­жан­нан өрбіген ұрпақ екенін әрдайым мақ­танышпен айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста