Фариза Ескермес өзінің ашық образына ата-анасы қалай қарайтынын айтты (фото, видео)
"Джейран" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Фариза Ескермес өзінің сахналық ашық образдарына қатысты ата-анасы қандай пікірде екенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Фариза Ескерместің айтуынша, ата-анасы оның өнер жолындағы шығармашылығына әрқашан қолдау білдіріп келе жатыр.
 
Алайда, дегенмен әнші ару оларға шоу-бизнестегі кейбір жайттардың ұнамайтынын жасырмады.
 
Өнер иесінің сөзінше, ата-анасы оның "Джейран" тобы кезіндегі ашық образдарын аса жақтыра қоймаған. Олар тіпті қызына өз наразылығын білдіруге тырысқан. Бірақ, тікке мұндай сынды айта алмаған.
 
 Фариза Ескерместің айтуынша, ата-анасы оның көңіліне тиіп қалады деп ойлаған екен.
 
"Ата-анам жұмыс жағынан маған ештеңе айтқан емес. Жаман деп те айтпайды. "Жақсы, жарайсың, құттықтаймыз" дейді. Сонымен болды. Олардың мүлдем өнерге қатысы жоқ. Өзге саланың адамдары. Бірақ, не дегенмен қарайды, көреді ғой бәрібір. Сол себепті, көңіліне тиіп кетпесін, жұлдыз ауруына шалдықпасын деп ойлайды ғой.Мен "Джейранда" жүргенде маған бір-екі рет айтқысы келді. "Сен неге ол жерде ашық киіндің" деген сияқты. Айта алмады соны. Мен оны іштей сездім. Олар "қате болса, соны өзі өтсін, өзінің жолы" деген ұстанымдағы кісілер" , - деп ағынан жарылды Фариза Ескермес НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында.
 
Еске сала кетейік, Фариза Ескермес өткен жылы "Джейран" тобының құрамынан шығып, жеке шығармашлығын бастауға бекінген. Алайда, бүгінде ол өзін әнші емес, актриса ретінде танытып жүр.