Фото – тылсым өнер...

Фото – тылсым өнер...

Құдайға шүкір, бүгінде мойнына фотоаппарат асынған қазақ фотограф­тарының қарасы жыл өткен сайын көбейіп келеді. Десек те, сыры мен қыры көп бұл өнер бізде әлі де болса кенжелеп қалғаны жасырын емес. Қазақ фотографтары­ның басын бір арнаға тоғыс­тыруды мақсат еткен «Фото­өнер» қоғамдық бірлестігінің өзі бір жыл бұрын ғана құрылды. Бір­лестік төр­ағасы, елге белгілі фототілші Асылхан Әбдірайым аға­мыз­бен «Жас Алаш» газетінде бірге жұмыс істеп жүргені­мізде қазақ фотоөнерін дамыту, жұртшылыққа таныту арманы екенін жиі айтатын. Осы айдың басында басталған «Тәуелсіздік тағылымы» атты отандық фотосуретшілері­міздің көрмесі – Асылхан аға арманының жүзеге асып жатқанына дәлел. Кеше сол фотокөрме Астанада да жалғасын тапты.  Көрмеге еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Президенттік Мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков келіп тамашалап кетті.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту болған көрмеге 20 фототілшінің 200-ден астам фотосы ілініпті. Тәуелсіздік таңымен таласып, азаттықтың туын тігіп, ел болып рә­­міз­­дерімізді қабылдап жатқан сәттегі фотолардан басталатын көрме әртүрлі сәттерден көрініс береді. Әрқайсысы, бір-бір шежіре. Керемет көріністерді қалт жі­бермей түсіріп үлгерген фотографтардың шеберлігіне таңғаласың, еріксіз там­санасың.
Көрмеге Шүкір Шахай, Сайлау Май­лыбаев, Асылхан Әбдірайым, Орынбай Балмұрат, Ермек Сарбасов, Жақсылық Тұрлыбеков, Мұхтар Қалдарбеков, Айтжан Мырзанов, Нұрғожа Жұбанов, Асылхан Бәген, Нұрманбет Қизатұлы, Нұрғиса Елеу­беков, Жұмабай Мұсабеков, Амангелді Мутигуллин, Сәрсенбек Қызайбекұлы, Самат Құсайынов, Серік Зұлқаров, Сұлтан Сейітов, Алтынбек Қартабай, Сәби Майе­меров, Жеңіс Ысқабайлардың жұмыстары қойылыпты. Көрмеден Түсіпбек Сләм­құлұлы мен Бағдәулет Батырбекұлы секілді Қытайдағы қандастарымыздың фото­ларына да орын берілген. Алғаш Тәуел­сіздігімізді алған тұстағы тарихи сәттердің басым көпшілігі бүгінде Премьер-ми­нис­тр­дің жеке фотографы болып жүрген Шү­кір Шахайдікі екен. Сол кездің өзінде қазақ фотографтарының тапшы болғанын осыдан-ақ аңғарамыз.
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымның айтуынша, көрме жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ. Бұдан былай көрмені негізінен ұлттық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастыру жоспарда бар. Оның ішінде салт-дәстүрлеріміз бар, ұлт­тық спорт бар. Қысқасы, келешекте ұлттық дүниетанымымызды насихаттайтын кө­рініс­терден сыр шертетін жұмыстар жұрт­шылық назарына ұсынылмақ.
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі көр­мемен ғана шектеліп қалмайды. Әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Фотожур­на­листика шеберлігі» пәнінен дәріс оқитын Асылхан Әбдірайым алдағы уақытта осы салаға арналған оқу-әдістемелік оқулық­тарды да басып шығаруды мақсат етіп отыр. Оның айтуынша, бүгінде фотоөнерге баулитын қазақша оқулықтар жоқтың қасы. Сонымен қатар Қытай Халық Респуб­ликасында танымал болған Түсіпбек Сләмқұлұлы деген фотографтың «Фото­графияның 1000 сұрағының 1000 жауа­бы» деген кітабын да қазақшаға аударып, басып шығару жоспарда бар. «Бұл да фото­әліппе есебінде құнды оқулық бол­ғалы тұр», – дейді Асылхан Әбдірайым.
Асылхан ӘБДІРАЙЫМ, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Келесі жылы сайт ашу жоспарда бар. Ал оған дейін көрмеге қойылған осы суреттерді альбом қылып басып шығар­мақпыз. Сонымен қатар, жыл сайын үздік фотожурналистерді ар­найы номи­нация бойынша мара­паттап отырамыз. Бұл фототілшілерді ынта­ландыра түседі деп сенемін. Алдағы жылғы көрмеге биылғы­дан да көп адам қатысатын шығар. Қатысуға ниет­тілердің қарасы әлден-ақ көбейіп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста