Француз ғалымы Тәттімбет күйлерінің жинағын шығарды

Француз ғалымы Тәттімбет күйлерінің жинағын шығарды

Алматыда қазақтың ұлы сазгері, шертпе күй өнерінің негізін салушы Тәттімбет Қазанғапұлының шығармалары жазылған Dombra du Kazakhstan L’heritage de Tattimbet («Қазақ домбырасы: Тәттімбет күйлері») атты компакт дискі көпшілікке таныстырылды. Бұл жинақ – француз тарихшысы, өнертанушы, Сорбонна университетінің түлегі Гзавье Аллездің еңбегі.

Тәттімбет шығармаларының жи­на­ғы Шәкен Айманов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясында та­ныс­тырылды. Баспасөз мәслихатына му­­зы­катанушы Жарқын Шәкә­рім, өнер­танушылар Ерлан Төлеутай, Саида Дәукеева, Мемлекеттік «Да­рын» сый­лығының лауреаты, жа­зу­шы, кино­дра­ма­тург Дидар Амантай қа­тысты. Dombra du Kazakhstan L’heritage de Tattimbet атты компакт дискіге таңдаулы өнер­паздардың орын­дауындағы Тәттімбет күйлері енген. Олардың қатарында белгілі жа­зушы, өнертанушы Таласбек Әсем­­­құлов, қара­ған­дылық күйші, Тәт­тімбет мектебінің орындаушылық дәс­түрін таза сақтап отыр­ған Құнан Кәріпбеков, керекулік жас күйші Қайрат Айтбаев, астаналық өнер­паз­дар Нұр­ғаным Жексенбай және Ақжусан Иман­ғазылар бар. Тәттімбет мұрасын қазақ­тың шертпе күй өне­рі­нің шебері Әбікен Хасе­нов­сіз көз ал­дымызға елестету мүм­кін емес. Сон­дықтан да дискіде Хасе­нов күй­ле­­ріне ерекше маңыз берілген. Фран­­ция­лық ғалым әйгілі дала данышпаны Тәт­тім­бет шығар­ма­шы­лы­ғын зерттеуге 1998 жылдан бас­тап жүйелі түрде кіріскен екен. Қыр­күйектің 13-інде Париждегі әйгілі BUDA MUSIQUE студиясынан шы­ғар­ған дискісі – қазақтың ұлы күй­шісіне қа­тысты ұзақ жылғы еңбегінің же­місі. Гзавье Аллез қазақ халқының тарихын зерттеумен де әуестенеді екен. Баспасөз мәслихатында ол өзінің 1900-1940 жылдардағы қазақ халқының басынан өткен зұл­мат оқиға­лар­дың сырын ашуға қызығатынын айтты. Еуропалық ғалым шетелде Алаш қайрат­кер­лері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұр­сынов, Бақыт­жан Қаратаев, Тұрар Рысқұ­лов, Мұхамеджан Тынышпаевтар жайлы ғы­лыми мақалалар да жариялаған.

Гзавье АЛЛЕЗ, тарихшы, қазақ музыкасын зерттеуші:
– Қазақ музыкасын зерттеуге қызы­ғу­шылығым ерекше. Себебі Тәттімбеттің шертпе күй өнерінде музыканың клас­си­калық дәстүрі бар екеніне көзім жетті. Мен бұл жазылған еңбекпен тоқтап қал­май, Тәттімбет өнерін ары қарай зерт­теуге тырысамын.


Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, өнертанушы:
– Гзавье Аллездің еңбегін өте құнды деп бағалаймын. Өзімізде бар асыл дүние­лерді біз арзан деп бағалайтын сияқ­тымыз. Ал Гзавье қазақ халқының өне­ріне асқан қызығушылық танытып, ба­рымызды әлемге паш етіп отыр. Оның осы әрекетіне қазақ халқының аты­нан рақмет айтқым келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста