Гәкку-Күләш аққу-ән болып қалықтады

Гәкку-Күләш аққу-ән болып қалықтады

Қарағанды үшін өткен жұманың соңы тарихи оқиғаға толы болды. Сарыарқаның сайын даласының топырағынан жаралған бұлбұл қызының 100 жылдығын атап өтті. Хас өнерді қастерлейтін қауым Қарағандыға жиналды. Одан кейін туған жері – Ақтоғайда жалғасты өнер шеруі. Небәрі 24 жасында КСРО Халық әртісі атанған дарын иесінің даралығы тағы бір рет паш етілді.
Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толуына орай Арқа төсінде, кеншілер мекенінде тұңғыш рет музыкалық фестиваль ұйымдастырылды. «Қазақ Гәккуі – Күләш» музыкалық фес­тиваліне еліміздің өнер қайраткерлері мен Күләш апамыздың отбасы ат арытып арнайы келді. Шетелдік қонақтар да бар.
Фестиваль басталмас бұрын БАҚ өкіл­деріне құрметті меймандар баспасөз мәс­лихатын өткізді. Оған Күләш Бай­сейіто­ваның қыздары Қарлығаш пен Раушан Байсейітовалар мен жиені Әнел Шәріпова қатысты. Қазақстанның Халық әртісі Нұр­жамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин де болды.
Юрий АРАВИН, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері:
– Адам өмірден өткенімен, шын талант­тың өнері – мәңгілік. Ондай өнер ешқашан өлмейді. Қанша жыл өтсе де, Күләштің есімі елімен бірге жасасып келеді. Күләштің қазақ өнеріне қосқан үлесі шексіз. Оның дауысында ұлттық нақыш болатын. Табиғат берген дарын. Ал кәсіби білім алғаннан кейін ол өнерін тіптен өрістетті.

Қарлығаш БАЙСЕЙІТОВА, К. Байсейітованың қызы:
– Анамыз қайда гастрольге барса да, әпкем Құралай екеуімізді қасынан қалдырмай, бірге алып жүретін. Сахнаға шыққанда, кәдімгідей құлпырып шығатын. Қандай проблема болса да, сахна сыр­тында қалдыратын. Негізі, туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде құжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді.

Сахна саңлағының туған күні түрленіп айтылып жүргені рас. Бұл, ең әуелі, сол ке­зеңдегі саясаттың әсерінен туындап отыр­­ған мәселе екені анық. 24 жасында қазақ деген халықтың даңқын асқақтатып, оның мәдениеті мен өнерін танытқанда, ол мін­детті түрде астанадан шығуы керек болған. Ауылдан шыққан қарапайым қа­зақ қы­зының айды аспанға бір-ақ шығар­ғаны мүмкін емес еді.
Раушан БАЙСЕЙІТОВА, К. Байсейітованың қызы:
– Оны бірде алматылық, бірде се­мей­лік етті халық. Анамыз да, оның ата-анасы да Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Кейін Алматыда білім алды.

Күләш десеңіз, Қыз Жібек, ал Қыз Жі­бек десе, Күләш түседі халықтың есіне. Әрине, өнер иесінің бұдан бөлек Ақжүнiс, Сара, Алтыншаш, Татьяна, Баттерфляй сын­ды сомдаған бейнелері бар. Дегенмен «Қыз Жібек» операсындағы Жібек рөлінің орны ерен. Кезінде Ғабит Мүсірепов «Кү­ләш пен Қыз Жiбек бiр-бiрiне синоним бо­лып кеткен ұғымдар. Ондай Жiбектi қа­зақ сахнасы ендi қайтып көрмейдi»,– де­ген-ді.
Нұржамал ҮСЕНБАЕВА, Қазақстанның Халық әртісі:
 – Күләштің әншілігі өз алдына, оның драмалық әртістік қабілеті ерекше еді. Опера әншісіне образды ашу – өте ма­ңызды. Осы тұрғыдан оны үлгі етемін. Жал­пы, опера – драма мен музыканың синтезі. Жастайымнан Кү­ләш Байсейіт­оваға еліктеп өстім, сол кісі секілді болғым келді. Өнерде алғашқы орын­дағаным – «Қыз Жібек» болды. Әрине, Күләш апамыз салып кеткен Жібек бейнесі өзінше бөлек. Күләш ең әуелі – Қыз Жібек. Оны әр қазақ біледі. Бұл – үлкен жауапкершілік жүктейді.

Күләш әндері бар үш күйтабақ жарық көріпті. «Әлбетте, Күләштің орындауын­дағы барлық шығарма болмаса да, бірсы­пырасы жинақталған»,– дейді Ю.Аравин. 100 жылдығына орай, Түркия­да класси­калық ән фестивалі да ұйымдастырылыпты. К.Байсейітова атындағы вокалистер бай­қауы, жоғары оқу орны мен мектеп те, кө­ше мен ескерткiш те бар. Дегенмен қазақ бұлбұлының мұражайы жоқ екен.
– Бұл жайлы бастама көтергенімізге біраз болды. Бірақ әлі ілгерілеу жоқ. Ана­мыз­дың жеке заттары, қойылымдарға ки­ген көйлектері әр жерде, – дейді қыз­дары.
Баспасөз конференциясынан кейін құр­метті қонақтар облыс әкімінің қабыл­дауында болды.
Қазақ бұлбұлының 100 жылдық ме­рейтойына арналған салтанатты шара 13 қазан күні Күләш Байсейітованың туған жері – Ақтоғай ауданында жалғасты. Сонымен бірге Нарманбет пен Балқаш қаласының аралығында қазақтың бұл­бұлына ескерткіш орнатылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста