Gakku TV телеарнасы іске қосылды

Gakku TV телеарнасы іске қосылды
Таяуда көрермен назарына тек отандық өнімді ұсынатын Gakku TV телеарнасы іске қосылды. Телеарнаның бас директоры Тимур Балымбетовтың айтуынша, Gakku TV арнасында хабар екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде таратылатын болады.
Тимур БАЛЫМБЕТОВ, Gakku tv телеарнасының бас директоры:
– Gakku tv - тек қазақстандық өнімді ұсынатын Қазақстан тарихындағы тұңғыш телеарна. Оның эфирінде отандық эстраданың бұрынғы өкілдері мен қазіргі заман өкілдерінің үздік әндері, клиптері, басқа да шығармашылық жұмыстары көрсетілетін болады. Телеарнаның мақсаты қарапайым: жастарды елін-жерін сүюге, төл өнерімізді құрметтеуге және мәдениетті ілгерілетуге бағытталған.
Сонымен қатар мәдени мақсатты көздеген телеарна басшылығы қазақстандық әртістердің өнер туындыларын тегін көрсетпекші.
Gakku TV қазірдің өзінде Қазақстанның кабельдік желілері арқылы және «Отау ТВ» спутниктік желісі арқылы таратылуда. Телеарнаның жоспарында музыка индустриясының түрлі салалары туралы баяндайтын бағдарламалар топтамасын іске қосу да бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста