Ғалым Файзолла Оразаев қазіргі журналистердің тіліне наразы

Ғалым Файзолла Оразаев қазіргі журналистердің тіліне наразы

Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор Файзолла Оразаев қазіргі ақпарат құралдарының тіліне өкпе-ренішін білдірді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы"

Кезінде еліміздегі жетекші жоғары оқу орнында ұзақ жыл журналистиканың мамандарын даярлаған ғалымның айтуынша, бүгінгі ақпарат тілінің халі өте мүшкіл. Оған сала мамандарының қазақ тілінің қарапайым ережелерін білмеуі, олардың қазақтың тіл мәдениетінен хабарсыз болуы және әсіреаударманың белең алуы себеп.
"Токиода жер сілкінісі болғанда, орыс радиосы "В Японии имело место землетрясение" деп хабарлады, қазақ жатып келіп аударды: "жер сілкінісі орын алды"... Қазақ олай айтпайды, "жер сілкінісі болды, жер сілкінді" дейді. Журналистикада жастарға үлгі көрсетуі керек үлкен буынның өзі сөйтіп жазады. Той-томалақтарда да сол қазіргі журналистердің аударма тілімен, соларға еліктеп сөйлейтін адамдарды байқайсың", - дейді филолог, ардагер журналист мысал келтіріп.
Оразаевтың айтуынша, өзі дұрыс жазуды, дұрыс сөйлеуді білмейтін адамдар шәкірт тәрбиелеп, жастарға бұрыс ақыл айтатын болып кетті. Халықаралық қолданысқа термин тәрізді енген сөздерді жаппай науқаншылдықпен әрі орынсыз аудару да қазіргі қазақ тілінің сиқын кетіріп тұр. "Мейрамхана" деп жатады, оны кезінде Міржақып Дулатов "құрметхана" деген еді, ол да келіңкіремейді. Ол жерде кісінің өлімін де, қырқын да, жетісін де өткізіп жатады, оның несі мейрамхана? Соны дүниежүзі ресторан деп жүр, бізге неге солай айта бермеске?! "Горный гигант" деген жерді "Таулы қырат" деп аударды, өзі таулы болса, өзі қырат болса, ол не болғаны?! Кейінгі ұрпақтың тілі байырғы қазақтың тіліне қайтып келмейді деп қауіптенемін. Тілді білетін, ел ішінен шыққан адамдардың өзі сөз бүлдіретін болды", - дейді Оразаев.
Мұны "жылап отырып айтатын мәселе" деген ғалым көзі ашық адамдардың осы мәселеге назар аударғанын қалайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста