Ғалымдарымыз «итжеккенге» кетпек...

Ғалымдарымыз «итжеккенге» кетпек...

Осыдан бір ғасыр бұрын, 1911 жылы желтоқсанның 14-і күні Оңтүстік Полюске Норвегияның полярлық саяхатшысы және зерттеушісі Амундсен Руальдің табаны тиген болатын. Руальмен жарыса шыққан Роберт Фалкон Скотт бір ай уақытқа кешігіп, 1912 жылы қаңтардың 18-інде жетеді. Алайда құрамында бес адам боп шыққан Скоттың экспедициясы қайғылы оқиғамен аяқталады. Өздерімен ала шыққан мото-шаналары бұзылып, ит жеккен арбаларды менсінбей, оның орнына алған мәнжүрлік шағын жылқылары суық пен жол азабынан өледі. Ақыры, қайтар жолда суық пен сырқаттан экспедиция мүшелері түгелімен қырылып қалады. Содан бері Оңтүстік Полюске экспедиция жасау дәстүрге айналды. Бұл дәстүрге енді біздің ғалымдарымыз да үлесін қоспақ.
Кеше Астанада өткен баспасөз мәс­лихатында «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық ұйымы Жердің Оңтүстік Полю­сіне тұңғыш қазақстандық автокөлік экс­педициясын ұйымдастырып, бір топ ғалыммен аттануға дайындалып жатқанын хабарлады. Өздеріңіз білесіздер, бұл ұйым 2010 жылы құрылған болатын. Қоғам қызметінің құрылудағы басты мақсаты – географиялық және сол іспеттес табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардың дамуына ықпал ету, ғылыми жетістіктерді насихаттау, ғылыми ізденістердің нәтиже­лерін көпшілікке паш ету, сондай-ақ тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізуге атсалысу және ғылыми шығармашылықты дамыту. Осыған байланысты Қазақ гео­графиялық қоғамының қамқорлық кеңесі қаржы көздерін тауып, ал ғылыми кеңесі іріктелген ғылыми жобаларды іске асы­рады. Осы негізде жүзеге асқалы жатқан алғашқы жобалардың бірі – осы экспе­диция. Қазақ географиялық қоғамының мүшесі, профессор Орденбек Мазбаевтың айтуынша, экспедиция құрамына гео­графтар ғана емес, тарихшылар, биолог­тар, экологтар да кіреді. Алайда әзірге нақты қанша ғалым баратыны, кімдердің баратыны белгісіз. Барлығы іріктеуден өтпек.

Ғылыми кеңес Оңтүстік Полюске бара­тын ғалымдарымызға Ақ континенттің табиғи-климаттық ерекшеліктерін зерт­теуге жағдай туғызатын экспедицияның ғылыми бағдарламасын әзірлеуде. Ғалым­дарымыз, негізінен, ең таза саналатын континенттің метео-экологиялық қалыбын, сол жердің қары мен мұзының сына­ма­ларын алып, Қазақстанға әкеп зерттемек. Сондай-ақ Оңтүстік Полюстегі климатқа метео бақылау жасамақ. «Өздеріңіз біле­сіздер, Антарктида әлемнің ауа райына ықпал етуші, ауа райының «кухнясы» десе де болады. Новолазаревск бекетінен Оңтүстік Полюске дейінгі барар жолда ме­тео бақылау жүргізіп, сол арқылы аталмыш материктің экологиялық жағдайын бай­қамақпыз. Себебі Ресейдің мәлімет­тері қолымызға түсе бермейді. Ал бұл зерт­теулеріміз Қазақстан үшін артық болмайды. Тіпті қазіргі география оқу­лықтарымызда да мұндай мәліметтер жоқ. Ол оқулықтар ескі деректермен оқы­тылады», – дейді Орденбек Мазбаев.
Жоба бойынша, экспедиция «Ново­лазаревская» бекетінен бастап жолға шығып, Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуел­­­сіздігі күні қар­саңында, 16 жел­тоқсанда Оң­түстік Полюске жетуі көзделген. Яғни бұл экс­педиция ең әуелі Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығына ба­ғыш­талады. Сосын Руаль Амуд­сеннің Оңтүстік Полюске алғаш аяқ басқанына жүз жыл толуына, сондай-ақ еліміздің Ислам кон­ференциясы ұйымына төраға болуына және Семей яд­ро­лық полигонының жабы­луының 20 жылдығына арна­лады.
Айпақшы, ғалым­дары­мыз­дың Оңтүстік Полюске сапары басталмас бұрын, олар мінетін көліктер діттеген жерге барып келіпті. Жол сынағын ойдағыдай өткерген Toyota Hilux авто­көліктері Исландияда арнайы тапсырыс­пен жасалған көрінеді. Олар 2010 жылдың тамызында арнайы тест-драйв сынағынан өткен, енді келесі саяхатқа әзір.
Антарктиданың сарышұнақ аязына бейімделген көліктердің саны үшеу. Екеуі – қазір сол Антарктида құрлығында. Біреуі – осы жақта. Несін айтасыз, жүргіншілеріміз арасы 2308 шақырым болатын «Ново­лазаревская» бекеті мен Оңтүстік Полюс маршрутын 108 сағатта жүріп өтіп, Антарк­тидаға жету жылдамдығы бойынша ре­корд жасаған. Бұл да Қазақтың тарихында алғашқы рекордшы ел ретінде тайға таңба басылғандай жазылмақ. Ендеше, Ақ құрлықта көк туымыздың желбірейтін күні алыс емес...

НОВОЛАЗАРЕВСКАЯ БЕКЕТІ
Экспедиция өз саяхатын 1961 жылдың 18 қаңтарында Владислав Гербович ашқан «Новолазаревская» бекетінен бастайды. Бекеттің солтүстігінде теңіз асты мұздық шалғайы басталып, Ленинградский күмбезімен шектеледі. Оңтүстігінде жатқан материктік мұз қалқанының бөктері 50 шақырымда 1000 метр биіктікке көтеріледі. Бекет Лазарев теңізінен 80 км қашықтықтағы «Королева моды» жерінде орналасқан Ширмахер оазисінде орнатылған. Оазистың ауа райы, негізінен, күн радиациясының қарқындылығы және континенттік белгілер басымдылығымен төменгі температуралық сипаттамасында қалыптасқан. Бекет маңайын­дағы жылдық орташа ауа температурасы – 11 градус, ең төменгісі – 41 градус, ең жоғарғысы +9,9 градус. Полярлық түн (күн) екі айға жуық созылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста