Ғалымның шығармалар жинағы жарық көрді

Ғалымның шығармалар жинағы жарық көрді

ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі мемлекет және қоғам қай­рат­кері, Парасат, Құрмет, «Барыс» ордендерінің иегері, фил­ология ғылымының докторы, профессор, жазушы, Қорқыт Ата мұра­лары бойынша ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мыр­затай Жолдасбековтің 75 жылдығына орай «Күлтегін» бас­па­сынан жарық көрген 7 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
М. Жолдасбековтің «Күлтегін» баспа­сынан жарық көрген 7 томдық шығарма­лар жина­ғы «Асыл арналар», «Тәуелсіздік тағылымы», «Кісілік кітабы», «Асылда­рым», «Күнде­рімнің куәсі» (1-2 кітап), «Шір­кін, дәурен», «Мыңжылдық жолау­шы» атты сегіз кітаптан тұрады. Басылым­дар­да автордың зерттеулері, мақалалары, сұхбаттары, эсселері, тебіреністері, ойла­ры, әндері, сценарийлері мен М. Жолдас­беков еңбектерінің «Өткен күнде белгі бар» атты библиографиялық көрсеткіші енгізілген. Бұған дейін «Мөлдір бастаулар» (1992), «Жүрегі жүз жыл жырлаған» (1993), «Орхон ескерткіштері» (2001), «Тас­тар сөйлейді» (2001), «Елтұтқа» (2002), «Шың мен шыңырау» (2002), «Қа­зақстан – ХХI ғасырда», «Орхон ес­керт­кіш­терінің толық атласы» (2005), «Күнде­рім­нің куәсі» (2007), «Сөзді ұғатын кез келді» (2007) тағы басқа да көптеген еңбек жазған ғалымның қоғам өмірін­дегі қайраткерлігі де көпшілікке мәлім. Кі­тап тұсаукесерінде халық тағдырына қатысты кез келген мәселеде өзінің ашық ой-пікірімен топ жарып жүрген қайрат­кер­дің қандай құрметке болса да лайық екен­дігі айтылды. КСРО-ның Халықтар дос­тығы (1986), Қазақстан Республикасының Құрмет (1996), Парасат (2005), ІІІ дә­ре­желі «Барыс» (2011) ордендерінің, Күл­тегін сыйлығының иегерінің жаңа кітап­тарының тұсаукесерінде ҚР Ұлттық кітапханасы кітап қорынан «Жүрегіне қа­ламын сүйеген» атты кітап көрмесі ұйым­дастырылды. Кешке белгілі ақын-жазу­шы­лар, баспагерлер, белгілі қоғам қайраткер­лері, әде­биеттанушылар, жоғары оқу ор­ындарының студенттері, Алматы қаласы­ның кітап­ханашылары қатысты. «Ғалым ретінде көне дәуірлік кезеңге алғашқы тү­рен салған санаулы­ларымыздың бірі. Одан кейін Мырзекең тұтас ауыз әде­бие­тінің, Жетісудың бай, құнарлы тарихы бар, сол кезеңді зерттеді. Міне, осының бар­лы­ғы, айналып келгенде, зерттеуші ғалымның парасат-пайымының тереңдігін, табанды­лығын аңғартады. Бізде құндылықты ба­ға­лаудың үш түрлі өлшемі бар: биіктік, кең­дік, тереңдік. Сол тұрғыдан алған кезде осы үш ұғым Мырзекеңнің тұлғасын көр­кей­тетін, тамы­рын тереңдететін, парасат-пайымының биіктігін аңғартатын дүние­лер», – дейді ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан ОРАЗАЛИН.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста