Ғашықтық әндер ғапылдықтан туған

Ғашықтық әндер ғапылдықтан туған

«Махаббатсыз  дүние бос» деген Абайдың халықтық нақылға айналған тіркесімен келіспейтін пенде жоқ шығар фәниде. Құранның «Зәрият» сүресінің 49-аятында: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық, бәлкім, ойланарсыңдар», – делінсе, дүниедегі жұптың ең асылы – ер мен әйел, оған да талас жоқ! Олардың арасындағы ғашықтық, ынтықтық сезім көкірегі ән болып ағылып, күй болып төгіліп тұрған өнер иелері туындыларының басты тақырыбына айналуына не себеп?
Адам ата мен Хауа анадан тараған ұр­пақ­тың арасындағы бір-біріне деген сүйіс­пеншілік – заңды құбылыс. Әнші, ақын, күйші, жазушының сұлулықтың айнасы болған әйел адамға деген жүрекжарды сезімі өлең, жыр, ән, күй, проза болып ақ­та­ры­лып, сезімнің мөлдірлігінен автор­лар­дың бағын ашты. Абайдың «сенен артық жан тумас, туса туар, артылмас» деуі, Естайдың атақты «Қорланында» «жігітте арман бар ма сүйгенді алған» делінсе, Әсеттің «Інжу-маржан» әнінде:
«Сейфүлмәлік, Жамалдай,
 Бейнетіңе көнсем-ай.
 Қозы Көрпеш – Баяндай,
 Бір молада өлсем-ай», – деген ұлттық ән өнеріндегі сал-серілер­дің заманында әншінің зары болған өлең жолдары, уақыт өте халық жадында мәңгі­ге сақталған бағына айналды.
Қазақтың халық және халық компози­тор­лары әндері музыкалық және поэти­ка­лық байлығы жағынан түрлі жанрға бөлі­неді. Қазақ әнін зерттеуші Борис Ерзакович ол жанрларды былайша жіктеп береді: тұрмыс-салт, эпикалық аңыздар, тарихи оқи­ғалар, халықтың әлеуметтік-экономи­калық жағдайы, ауыл өмірінің тұрмысы мен қоғамдық дәстүрлері т.б. Махаббат тақырыбына қазақтың барлық жезтаңдай әншілері қалам тартқандықтан, ол тақы­рып­тың өзін жеке алып қарауды зерттеуші жөн көрген екен. Б.Ерзаковичтің жарты ғасыр бойы жинаған қазақтың 2500 ән-күйінің ішінде 206 әнді бөліп қарап, «Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы» деген атпен арнайы жинақ шығаруы – со­ның дәлелі. Қазақтың ғашықтық әндері­нің саздық сипатын ғалым былайша суреттей­ді:
«Ғашықтық әндер қазақтың кәсіби әнші, жырау, ақындарының халық назарын аудару мақсатында қолданған басқа жанрдағы әндеріндей кіріспе айқайдан тұрмайды. Кіріспе айқаймен басталатын сирек кездесетін әндер, негі­зінен, басталған әуеннің орта дең­гейін­дегі бірнеше не бір ғана дыбысқа құ­рыл­ған. Әннің бұлай басталуы шақы­ру туғызбайды, тек әуеннің бастапқы арқа­сүйері рөлін ғана атқарады. Мұның түсі­нігі, біздіңше, ғашықтық әндердің сыр­ластық, сүйіспеншілік сипат алуын­да. Олар әуелде автордың сүйіктісіне ар­науы­нан туса, кейін оның ең үздік шы­ға­р­масы ретінде өзінің және өзге орын­даушылардың орындауында ауыл­дың думанды кештерінде әртүрлі нұсқада орындалу арқылы елге тарады».
Расында, дәстүрлі ән мен күй дәуірлеп дамыған алтын ғасырында Біржан салдың «Ләйлімі», Ақан серінің «Балқадиша», «Ақ­тоқ­­тының аужары», Балуан Шолақтың «Ғалия­сы», Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі», Естай­­дың «Қорланы», Мұхиттың «Зәуреші», Сауыт­бек­тің «Ақбөпесі», Қайыптың «Ақбө­бегі», Әсеттің «Мақпал», «Ардағы» аталған әнші-композиторлардың аты аталғанда бірге аталатын эталонына айналған.
Мұрат ӘБУҒАЗЫ, өнер зерттеуші, күйші:
 – XIX ғасырда сал-серілік дәстүр орныққан кезде сал-серіліктің белгісі ретінде сұлуға, сүйгеніне ғашықтық әндер арнау дәстүрлі түрде қалыптас­қан. Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай сынды барлық әнші-композиторлар сала-салаға бөлінген «Ардақ», «Мақпал», «Ләйлім» деген атпен әндер шығарды. Бұл әндер дәл Мақпал, Ардақ, Ләйлім  есімді қыздарға арналмауы мүмкін. Тақырыптық әндер бұрынғы халық әндерінде де болған, олардың компо­зитор­лары ұмытылып қалғандық­тан, бұл көрініс көбіне композиторлық әндерге тән болып келеді. Музыкатану саласында сал-серілік дәстүрді зертте­генде, ғашықтық-лирикалық әндер жеке бір сала болып қарастырылған.
Бұрынғы әндердегі қалыптасқан үрдіс сүйген қыздың атымен ән шығару бүгінге де келіп жетті. Дегенмен қазіргінің әндері ілгерідегідей ауқымды халықтық деңгейге жеткен жоқ. Елдің аузында айтылмақ түгіл, айтылған жерінде ұмытылып қалып қояды. Ал сал-серілердің ғашықтық әндері тек ғашықтық сезімін білдірумен ғана шектел­мей, сол заманның әлеуметтік жағдайын, қыз баланы еркінен тыс қаламаған адамға беруі, онымен санаспауы сынды шындық­тарды әшкерелейді. Әншінің мұң-зары әлеуметтің мұңымен үндес.

P.S.
Шариғат ұғымында әнді харам деушілер бар. Дегенмен пайғамбары­мыз Мұхаммедтен бір шынжыр бойымен үзілмей жалғасқан көзі ашық, көкірегі ояу шежірелік шәкірттері, нағыз исламтанушылар бұл ойды жоққа шығарады. Дәстүрлі ән мен күйдің ғашықтық тақырыптағы шығармала­ры­ның өзі адамды ашыналық арсыз ойға жетелеп азғырмайды. Керісін­ше, бұрынғы дәуір шындығын көз алдыңа әкеліп, күрсінтеді, толғандыра­ды. Адамзатты махаббатпен жаратқан мейірімі шексіз Алланың адам баласын жұп қылып жаратуында, қыз бен жігіттің арасында таза, тұнық сүйіспенші­лік сезімнің тууында білген адамға хикмет бар. Тек сол ақ, адал сезімді бір сәттік қалжыңға, ойынға айналдырмаса игі еді. Сонда ғана классикалық деңгейге көтерілген «Айттым сәлем, Қаламқас», «Мақпал», «Ардақ», «Ләйлім», «Қорлан» сынды туындылар бұл заманда да туа жатар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста