Ғазизхан Шекербековтің отбасылық суреті көпшілікті тәнті етті
Ғазизхан Шекербеков жеке өмірін көпке жария еткенді ұнатпайды. Өнер иесі былтырға дейін үйлі-баранды екенін жасырып келген. Бұл ойынан айныған әнші отбасын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Өнер иесі жұбайы мен балаларымен түскен суретін жариялады.
"Статистикам түсіп бара жатыр ғой, отбасымды бір салып қоймасам", – деп жазды ол.
Оқырмандардың басым дені әншінің отбасылы екенін білмеген.
"Біз сізді бойдақ деп жүрміз ғой", "Қай уақытта үйленіп үлгергенсіз, түріңіз үйленген адамға ұқсамайды ғой", "Келіншегің сұлу екен", "Әйеліңіз әп-әдемі екен", – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, әншінің бір ұл, бір қызы бар. Сондай-ақ Ғазизхан мен оның жары үшінші перзентінің дүниеге келгенін күтіп жүр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу