Гербтегі кілтте не кілтипан бар?

Гербтегі кілтте не кілтипан бар?

Бұны қазақ халқын ашықтан-ашық қорлау деп түсінгеннен басқа амалымыз жоқ. Әлде осы елдің байырғы тұрғындарын сауатсыз, түк аңғармайтын аңқау деп ойлады ма екен? Әйтеуір Қызылжар қаласының гербіне христиан дінінің басты белгісі – крест салып, төрімізге ілгізіп қойды.

2005 жылы Қызылжар қаласының гербін жасау ұйғарылады. Сол кездегі қала басшысы Владимир Никандров ашық байқау жариялап, суретшілерден қаланың бүгінгі келбетіне сай келетін таңбалардың сызбасын қабылдай бастайды. Сөйтіп, байқау комиссиясының шешімімен Попов деген суретшінің еңбегі қаланың гербі болып бекітіледі. 5-беттегі суретте көріп отырғандарыңыз – сол герб. Тәп-тәуір жасалған дүние, алайда...

Алайда бұл таңбаның астарына үңілсеңіз, үлкен жымысқылық жатыр. Ол туралы сәл кейінірек. Ал герб шаңырақ іспеттес дөңгелек пішінде жасалған. Оюмен көмкерілген. Ол дұрыс енді. Шеңбер ішінде Петропавл қаласының бүгінгі тынысын және маңызын білдіретін төрт символ-белгі таңбаланған екен. Тістегеріш өнеркәсіп пен машинажасау қаласы екенін білдіреді, масақ – Қазақстанның астықты өлкесі, кітап білім мен ғылым орталығы дегенді ұғындырады.
Ұлтшыл қазақтардың қанын басына шаптырып отырған төртінші символ – кілт. Оның қандай мағына беретіні туралы былай делінген: кілт – географиялық орналасуын білдіреді, яғни қала Қазақстанның солтүстік қақпасы.

Анықтамасы дұрыс-ақ. Ресеймен шекаралас қала екені де жасырын емес. Жазушылар мен журналистердің «солтүстік қақпа» деп суреттейтіндері де рас. Бірақ кілтті христиандардың крест бейнесінде салудың қаншалықты қажеті болды екен?! Бір емес, бір кілттің бойынан үш бірдей крест байқауға болады (суретті қараңыз). Інжілшілер дінінде «жұмақтың кілті» деген ұғым бар. Міне, кілтті бейнелеу соны білдірсе керек.

0731

– Суретші Қазақстанның солтүстік қақпасы екенін айтқысы келсе, неге басқаша суреттемейді? Мысалы, неге ашылып тұрған қақпаны салмайды немесе құлыпты бейнелесе кім қой депті?! Бұл жерде мәселе – басқада. «Қала – христиандардікі» дегенді қалайда дәлелдегілері келеді. Қаланың атын Қызылжар қылып ауыстыртпай отырғандары да сол себептен, – дейді тарихшы Серік Дүйсенов.

Елімізде діни наным-сенімге еркіндік берілген. Бірақ қаланың бұрынғы әкімі Владимир Никандров мұсылмандарға қарсы «соғыс» жариялағанын әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Осыдан екі-үш жыл бұрын Рамазан айында азан шақырттырмай қойған болатын. «Мешіттің жанындағы үйлердің балалары азаншының дауысынан шошиды» деген желеумен Құран сөзін сыртқа естіртпей, діндер өкілдері арасында араздық тудырып ала жаздаған-ды. Ақыры ол әкім де кетіп тынған. Бірақ істеген ісі ұмытылар емес.

Ал осы герб қабылданар кезде бас көтерер бір қазақтың табылмағаны өкінішті. Әлде билікте жүрген ағалар сол кездегі қала әкімі Никандров мырзаның қас-қабағынан қорықты ма екен? Сұрақ көп, бірақ жауап берер адам жоқ.

Ендігі үмітті қаланың қазіргі әкімі Ерік Нұрақаев мырзаға артамыз. Кабинетінің төрінде ілулі тұрған кресті алып тастауға дәті жететін шығар.

Қадірбек ШӘРІПОВ, Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы:
 
– Христиандардың белгілері – крест, мұсылмандардікі ай деп жатамыз ғой. Бірақ бұл – бертін пайда болған дүние. Нақтырақ Омар халифтің кезінде дін өкілдерін бір-бірлерінен айыру үшін жасалған. Сондықтан гербте крест бейнеленді екен деп қазақтар шоқынып кетпейді. Мұны саяси сауатсыздықтан болған қателік деп түсінген жөн. Оны ауыстыру қажет, әрине. Алайда қандай да бір өзгеріс жасауға Қызылжардың халқы әлі дайын емес сияқты көрінеді. Сан жылдар бойы саналарын улап тастаған ғой. Сондықтан қаланың атын ауыстыруға да көбі құлықсыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста