Герольд Бельгер соңғы сұхбатында нағыз қазаққа қалай айналғанын айтты (Видео)

Герольд Бельгер соңғы сұхбатында нағыз қазаққа қалай айналғанын айтты (Видео)

Жазушы, көркем аударманың хас шебері, заты да, аты да қазаққа айналған азамат Герольд Бельгерді көпшілік қазақ тілінің жанашыры ретінде жақсы біледі. Сондықтан да біз оны іш тартып, Гер-аға атап кеткенбіз. Тау-тұлғаның көптен бері жүрегі сыр беріп келген еді.

Герольд Карлұлын қалың жұрты бүгін яғни 10 ақпанда Алматыдағы Әуезов театрында ақтық сапарға шығарып салды.
«Қазақтың тілі, жалпы, құдіретті тіл ғой. Керемет бай тіл. Соның байлығын астын сыза жүріп, барлығына түсіндіргім келеді. Орыстарға, немістерге түсіндіргім келеді», — дейтін Гер-аға.
Герольд Бельгер осыдан бірер жыл бұрын КТК арнасындағы «Жүрекжарды» бағдарламасына осылай деп сұхбат берген еді.
Айтылған әңгімесінің басым бөлігін қазақ тілінің жай-күйі төңірігенде өрбіткен. Өйткені, Гер-аға Гетемен ұлттас, Пушкинмен жерлес болғанымен, өзін тек Абайдың шәкірті санаған жан.
Герольд Бельгер 1934 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Тек 7-ге толғанда, Сталиннің жер аудару саясатымен Қазақстанға отбасымен жетіпті. Сөйтіп, қазақ ортасына түскен бала кейін нағыз қазақ атанды.
 «1941 жылы соғыс басталған кезде Еділ бойындағы немістерді жаппай Қазақстанға көшірген. Соның арасында мен де келдім. Келген жеріміз қазақтың ауылы. Ленин атындағы. Ішінде бір орыс, бір неміс отбасы бар. Еділ бойынан Есіл бойына келдік. Еститінім қазақтің тілі, оқиғаным қазақ мектебі, ойнайтыным қазақтың балалары», — деген еді Гер-аға.
Әрине, ары қарай да білімін қазақша жалғастырған. Ал еңбек жолын Жамбыл облысында ұстаздықпен бастаған екен. Тек кейін қаламгерлігі жетелеп, Алматыға келген. Міне, дәл осы кезде Гете, Пушкин және Абайды бір-біріне жақындатып, тәжімалау ісімен айналысты. Сөйтіп, «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тасөткел», «Зоб», «Бауырластықтың белгісі» сынды төл туындыларын қосқанда 75 томдық еңбекті жазып шыққан.
«Ол кісінің өмірі, дәріптеп өткен тіл мәселесі Қазақстан тарихында өнеге болатын үлгі деп айтар едік. Яғни, қазақ тілін жақсы меңгерген Герольд қазақты дос санап өтті», — дейді жазушы Смағұл Елубай.
«Бельгер не үшін қымбат бізге? Өйткені ол қазақтың қамын қазақтан да артық ойлағаны үшін қымбат. Тек қана қазақты жақсы көремін деп жалған жалаулатып сөз сөйлеген адам емес», — дейді Дулат Исабеков, жазушы.
Биыл күзде 81-ге толатын тұлғаның соңғы уақытта жүрегі сыр беріп келген. Ол соған қарамастан жазуын тоқтатқан жоқ. Ақыр аяғында, биыл 21 қаңтарда жүрегі ұстап, аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Гер-аға сол жатқаннан тұрмады. Көпшілік біле бермейтін шығар, Герольд Бельгер қалың ойға батып, толғанған шағында Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанына келіп отыратын әдеті болған. Енді бұл жер де жетімсіреп қалғандай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста