Гламур емес, бізге тамыр керек

Гламур емес, бізге тамыр керек

Бір кездері біз жыр-дастанды таңнан-таңға тыңдап, қара сөздің қаймағын қалқып ішкен, бертін келе, кітап кемірген халық болғанымыз бүгінде ертегі секілді. Сенсорлы телефон ұстап, джип мінген қазіргі ұрпақ үшін найза ұстап, арғымақ мінген ата-баба, шындап келгенде, архаизм де, әдеби кітап оқу – атавизм, ал жыр терме тыңдау – мамбетизм. Өйткені бұл – «гламур» ғасыры.

– Соткаңның нөмірін берші:
– Ол жоқ менде...
– Қойшы, мүмкін емес!
– Ал сенің әкеңнің машинасы қандай?
– Машинамыз жоқ, әкем де...
– Онда үйлерің де жоқ шығар?
– ....
– Сен кедейсің онда!..
Бірінші сынып оқушыларының арасын­да болған осы бір қарапайым диалогтан-ақ қоғам ахуалын тану қиын емес. Қанша ащы болса да, шындық. Бала өтірік айта ал­майды, ол өзі арқылы қоғам құндылы­ғын осылай бір-ақ сәтте жайып салып отыр. Қанша жерден білімді, өз ортаңда сыйлы болсаң да, қымбат көлігің, зәулім сарайың болмаса, қазір ешкімді де өзіңе сендіре алмайсың. Себебі «гламур ғасы­рының» ұраны – «ақылды болсаң, неге ке­дей­сің?» деген америкалықтар сұрағы. Яғ­ни киіміңе қарап құрметтеп, шен-шек­пеніңе қарап төрге шығаратын бұл үрдіске қарап, шын мәнінде, біз ұмтылған өрке­ниет биігі осы ма деген сауал туады.
Бұқаралық мәдениет заңы: ұнамай ма, өзің жаса!
Бұқаралық мәдениет – халық болып тұтынуға арналған мәдениет болғанымен, ол халық санасын өсіруге емес, коммер­циялық индустрияны қалыптастыруды көздейтін үрдіс болса керек. Бүгінде біз өз өнеріміз, өз сахнамызды, жалпы, өз қаза­ғымызды өзіміз танымай жүрсек, ол осы бұқаралық мәдениеттің етек алуынан. Себебі ол ешқандай ұлтты танымайды, ешбір салт-дәстүрге арқа сүйемейді, оның талғамы мен идеалы сәнге қарай құбылып, көз ілеспес жылдамдықпен жаңарып отырады. Солайша қоғамдағы сұранысты қанағаттандыра отырып, ол біртіндеп бү­кіл­халықтық статусқа ұмтылады. Мұны қа­зіргі қоғамда қаптап кеткен әндер мен фильм­дердің аяқ алысына қарап-ақ ба­ғам­дау қиын емес. Парадокс, яғни қоғам толы қайшылық: ән салушы көп, бірақ нағыз әнші жоқ, кино көп, бірақ нағыз кино жоқ, сол сияқты мәдениет бар, бірақ ол жоқ. Жоқ дегеніміз, міне, осы мәдениет деген түсінік бар, бірақ шын мәніндегі оның көрінісі мәдениетке мүлдем қайшы. «Гламур ғасырдың» ең басты құралы осы бұқаралық мәдениет болса, оның басты құралы – телевизия. Яғни гламурқұмарлық секілді бізге жат әдетті таңған да сол. Жарқ-жұрқ еткен киім, жарқылдап жүру, қарқылдап күлу – «гламурлы» өмір сүру деген сол. Қазір телеарналардың барлы­ғы­ның дерлік насихаттап жатқаны осы. Жақсы әнді, жақсы киноны, жалпы, барша жақсыны жақсы деп таңдайтын халық емес, «мынау жақсы, мынау жаман» деп бізге оны телеарна арқылы әлдекімдер таңады. «Әлдекімнің» ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс, себебі ол бұ­қара мәдениетінің тізгінін ұстаушы. Қалғанымыз соған бас шұлғып көнуші ғанамыз. Қарсы тұрғың келсе, өзің жаса, өзің соны мойындат – бүгінгінің бет алысы осы. Қазақша айтқанда, «жал­ғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас». Белгілі бір режиссер өзінің қалай режиссерге айналу тарихын баяндап берді: теле­дидар не көрсетсе де жарат­пай­тынмын, ашуым келеді, теле­дидар көрген құрлы, оған түкіріп бітемін. Қашанғы шыдасын, бір күні ұлым «әке, жетер, қолыңнан келсе, өзің жаса, бол­маса теледидарға түкіруді бәрі­міз де білеміз» демесі бар ма?» Солайша аға­мыз ұялып, ендігіде өзі қалаған дүниені өзі жасауды ұй­ғарған.
Тотықұсы тосылып, қарға сайраған...
АҚШ-та бұқаралық мәдениет екіжақты сипат алса керек: америкалық шексіз бос­тандық – заңғар көкте де, америкалық ин­теллект – құлдида. Бұқаралық мәде­ниетте бұлай болуы заңды болса керек, себебі қоғамдағы барлық қатынастарды сауда-саттыққа ұластыру бұл мәдениеттің басты мақсаты екендігін К.Маркс өзінің «Капи­талында» анық жазған. Бүгінде біз­дің концерт сарайлары неге ақылы, бол­маса эфирге неге ақша төлеуіміз керек деп күйініп жүрген қауым, демек, бүгінгі за­ман­ның бет алысын танымайтын болға­ны. Бұл заманда ән де, сән де, кино да тауарға айналуға мәжбүр. Бізді жылатып та жүрген осы, таланттар тасада, ақшасы бар, еті тірілер «гламурлы» өмір сүруде. Себебі шын талант – ұяң, ал жасанды дарын иесіне арсыздық тән. Бір нәрсе жасаса, жерден жеті қоян тапқандай, барлық жерде көрсету арсыздың қолынан келсе, шын талант үшін ол өліммен тең. Солайша ол өмір бойы кедейлік тауқыметіне төзіп өмір сүре беруі мүмкін, ал тартынбаған әріптесі көлігін күн сайын ауыстырып мініп, шырт түкіріп жүреді. Себебі бұл – «гламур ғасыры». Гламурқұмар адам жұрт алдында шашын қырып тастай салады қажет болса, себебі оған өмірдің өзі – шоу. Бірақ бір нәрсе анық, шоудың ғұмыры мәңгі емес. Ендеше, гламур емес, бізге тамыр керек екенін ұмытпасақ. Киіміне қарап төрге оздырған қауымға қарап, Қожанасырдың «же, шапаным, же» дегені еске түседі екен.

Сырт көз
Әбдуәлі Мамәділ, психолог:
– Абай мұны баяғыда бір-ақ ауыз сөзбен «қарыны тоқтық, көйлегі көктік, аздырар адам баласын» деп айтқан да қойған. Жылтыраққа құмарту, жалт-жұлт еткенмен өзін алдау ол – бейсаналы түрде шын мәніндегі уайымнан қашудың жолы. Саналы түрде «мен мәңгі сұлу, мәңгі жас, мәңгі осылай гламур кешем, себебі мен ерекше туғандардың санатындамын» деген сияқты ойларды өзіне таңу бұл – психологиялық дерт десек те болады. Негізіненен, 18 бен 25 аралығындағы жастарға тән болып келетін бұл да бір адамның не өзіне, не өзгеге есеп бермей, «мен ерекшемін» деп қабылдаудан туған өмір сүрудің формасы. Сән өкілдері, стиль саласындағы, жарнама саласындағылар, кейбір БАҚ осы аудиторияға бағытталған дүниелер беріп және одан жап-жақсы табыс та табады. Гламурды турдырушы, қоздырушы, әсіресе журналдар болып табылады. Олар тек баршылық, молшылықты, тек қымбат бұйымдарды ғана насихаттау арқылы өз тұтынушыларын көбейтеді, ал сол арқылы адамның тұлға ретінде дамуына тежеу салады. Ал мұның қауіптілігі сонда, соңы дағдарысқа апарып соғады. Қазір Батыстағы қаржы дағдарысы ең алғаш осыдан бір ғасыр бұрын пайда болған адамдардың санасындағы дағдарыстың сыртқа шыққан көрінісі. Біз содан сақ болайық, бүгін өзімізді жылтыраққа алдырамыз, жарнамаға елігеміз деп, болмаса жылтырағанына сеніп, қоғамда бәрі керемет деп отырмай, келе жатқан қорқыныш, қиындықтардың алдын алуды ұмытып кетпейік, себебі Батыстағы дағдарыс бізге де келіп жетпесіне кім кепіл?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста