Голливуд қазақшаға бет бұрды ма?

Голливуд қазақшаға бет бұрды ма?

Балалары күнұзақ үйіндегі «көк жәшікке» телміретін қала жұрты голливудтық «Тачки» деген мультфильмді жақсы білетін болар. Небір түрлі темір тұлпарлардың өмірі мен жарыс жолдары туралы қызықты хикаят­тарға толы болғандықтан ба, мектепке дейінгі балалардың қызығушылығы ерен. Сол фильм­дегі «Макуин» есімді жүйрік машинаның суреттері тоңазытқышы мен балалар бөлмесіне ілінбеген үйлер кемде-кем шығар. Міне, осы мультфильмнің «Тачки-2» нұсқасы қазақша дыбысталып, алдағы маусым-шілде айларын­да отандық кинопрокатқа түс­пек.
Негізі, бұл жобаға бастамашылық жа­са­ған да, қазіргі уақытта голливудтық компаниямен серіктес ретінде жалпы үйле­с­тіру жұмыстарын атқарып отырған да «Меломан» компаниясы екен. Осы компа­нияның ұлттық жобалар жөніндегі менед­жері Низами Мәмедовтің айтуынша, қазақ тіліне аударылып дыбысталған бұл мульт­фильм қазақстандық кинотеатрлардың экранына шығатын алғашқы голливудтық жоба болмақ. «Бұл жоба біздің компания­ның бастамасымен қолға алынып, қазір қызу жұмыстар жүріп жатыр. Disney/Pixar студиясы фильмнің жұмыс істеуге арналған бейнематериалдары мен диалог мәтін­дерін ұсынып, онымен қазір «Болашақ» қауымдастығының креативті командасы айналысуда. Мультфильмнің мағынасын қазақша мақал-мәтел, әзілдермен дәл беру үшін ол топтың құрамында ағылшын тілінен тікелей қазақша аударатын аудар­машы, редактор, дубляж режиссері бар», – деді ол кеше «Меломан» компаниясына телефон шалғанымызда.
Осыдан кейін «Болашақ» қауымдас­ты­ғына хабарласып едік, расында да, арнайы топ «Тачки-2» мультфильмін аудару жұ­мыс­тарымен айналысып жатыр екен. Топқа жетекшілік етіп отырған Аян Әлжанов деген азамат фильмнің ағылшынша толық мәтінін алып, оны қазір қазақ және ағыл­шын тілін жақсы білетін кәсіби аудармашы аударуға кіріскенін айтты. Жалпы, аударма, дубляж ісінде тілдердің ерекшелігіне байланысты кездесетін ең бірінші қиындық – сөйлем тіркестерінің ұзарып кетуі. Бұл проблема фильмнің «Тачки» деген атауын аударудан-ақ басталған секілді. «Атауына байланысты бастапқыда 40-қа жуық ұсы­ныс айтылды. Қазір бір-екеуіне ғана тоқтап тұрмыз», – деген Аян Жеңісұлы бұл атау да әлі түбегейлі бекітілмегендіктен, жария қылуды жөн көрмеді.
Дубляждың алдында тұрған ең ауыр әрі маңызды жұмыс – мәтін аударудан ке­йін­гі шаруа – фильм кейіпкерлерін лайықты дауыстармен дыбыстау. «Меломан» ком­па­ниясының хабарлауынша, «Тачки-2» мульт­фильмін толық дубляждау үшін 40-тан аса жеке дауыс керек екен. Disney/Pixar студия­сы дауысқа және дыбыстау сапа­сына ай­рық­ша мән беретіндіктен, негізгі назарға 35-тегі және одан жасы жо­ғары кәсіби әртістерді алып отырған сыңайлы. Басты бес кейіпкерді дыбыстау­шылардың тиісті талаптарға сәйкестігі студияның Лос-Анже­лестегі офисінде қарал­мақ.
Низами МӘМЕДОВ, «Меломан» компаниясының ұлттық жобалар жөніндегі менеджері:
– Дыбыстау жұмыстары сәуір айын­да басталып, Алматыдағы «Синема Тон Продакшн» студиясында жүргізіледі. Сосын дубляждың дәлдігін саралау үшін келісім бойынша мамырдың 1-інен кешіктірмей, Лондондағы Shepperton студиясына беруге тиіспіз. Осы­дан кейін қазақ және орыс тіліндегі мульт­фильм Қазақстан мен Ресейде бір мезгілде, яғни маусымның 23-інде прокатқа шығарылады.

P.S.
Сәтін салып, уақытында шықса, түркітілдес елдердің ішінде «Тачки» мультфильмі аударылған екінші тіл – қазақ тілі болмақ. Бұған дейін бұл фильм түрік тіліне аударылған екен. Қияңқы қылық­тары да, кескілескен шайқастары да бар, суреті сұрықсыз, сюжеті түсініксіз болып келетін, сөйте тұра, балаларымыз­ды теледидар­ға матап қоятын небір түрлі мульт­фильмдерге қарағанда, мына фильм әлдеқай­да жақсы екенінде дау жоқ. Енді тек аудар­ма­сы анық, дыбысталуы сәтті шықса екен. «Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін қор қылды» деген­нің кебін кимесе деп тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста