Головацкийде Тәуелсіздік монументі ашылды

Головацкийде Тәуелсіздік монументі ашылды

Алматы облысының Головацкий ауылында облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетовтің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғыры» монументі ашылды.

Монумент авторлары «Қорғас» ШЫХО» АҚ Бас сәулетшісі Талғат Жортанов пен белгілі мүсінші Павел Шорохов туындының композициялық шешіміне «Отан отбасынан басталады» деген халық қағидасын негіз еткен.

Өткір жүзі төрт жаққа қаратылып, жерге қадалған төрт қылыш – атыс-шабыстан арылған, тыныштық пен бейбіт өмірді бетке алған тәуелсіз Отанымыздың отауын қоршап тұрған тіреуі, уығы іспеттес. Төрт жағынан бірдей биікке көтерілген уықтардың түйіскен тұсы отаудың биік шаңырағын айқындай түседі. Түйіскен төрт қылыштың дәл ортасындағы шаңыраққа орнатылған дөңгелек Шар – ашық аспандағы сарқылмас сәуле – Күнді бейнелейді.

Отаудың ортасына, асыл тасты тұғырға орнатылған қасиетті Тайқазан Тәуелсіз еліміздің символы – барыс және көне тарихымыздың куәгері қошқар мүйізбен көмкерілді. Бұл бейнелер ортақ отбасының береке-бірлігін, татулығын, жеріміздің байлығын, көне тарихымыздың жаңашыл заманмен тұтастығын танытады.

Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі:
— Еліміздің шығыс қақпасы саналатын Жаркент өңіріне мұндай ескерткіштің орнатылуы заңды. Бұл тәуелсіздік жолында күрескен ерлеріміздің асқақ рухына бас иетін, болашаққа деген сенімімізді бекемдейтін қасиетті орын болары сөзсіз. Туындыдағы тұғырда тұрған тайқазан қашаннан қазақтың ырысы, берекесі, қазынасы болған.

Ауылдық орталық саябақта орналасқан монументпен қатар Н.Головацкий бюстінің маңы абаттандырылды. Жанынан балаларға арналған ойын алаңы жасалды.

Дәл осы күні «Жаркент өнер мектебі» де өзінің есігін айқара ашты. Музыка, бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер бойынша тәлім беретін мектепте қазіргі таңда 240 бала білім алуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста