Грек археологтары Аристотельдің моласын тапты
Ғалымдар Аристотельдің моласын таптық деп мәлімдеді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.
Тарихи олжа 20 жыл жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған. Грек археологы Костас Сисмандис мола Халкидики түбегінде жатыр деп мәлімдеді. Ежелгі грек философы Стагира қаласына таяу тау бөктеріне жерленген көрінеді.
Археологтар сондай-ақ ежелгі жазбаларда айтылатын алтарьды да тапқанын растады. Айта кетейік, мола 1996 жылы табылған болатын. Алайда ғалымдар бұл молада Аристотельдің жерленгенін дәлелдей алмады. Ғалымдар жаңа деректер мен салмақты дәйектерді енді ғана тауып отыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу