Гүлзира Айдарбекованың келінін жұлқылағаны көпшілікке ұнамай қалды (видео)
Жапонияның астанасы Токио қаласына саяхаттап келген Қайрат Нұртасты анасы жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова желідегілердің қатаң сынына қалды. Әншінің анасы ұлының үйге оралғанына қуанышты екенін желідегі парақшасында жазды.
"Баламыз аман-есен елге жетіп,қуанып жатырмыз. Қатты күліп қойды демеңіздер, осылай көңіл көтеріп тұрамыз қуанғанда. Аман келгеніне қуаныштан жүрегім жарылуға шақ",-деп жазды.
Видеоны көрген желі қолданушылары жанындағы қызды жұлқылаған продюсерге ашуланды.
"Неге сонша мына қызды жұлқылады?", "Байқұс қыздың жазығы не?", "Қимылыңыз сондай ерсі, видеоны салмай-ақ қойғаныңыз дұрыс еді",-деді желідегілер.
Продюсердің өзі болса оқырмандарының өзін сынайтынын біліп, жанындағы қызды жұлқыламағанын жазған.
"Жапондық киімін көрсетейін деп алға тартып жатқаным, жұлқылағандай болып қалыпты. Видеомызды көріп, өзіміз жатып күлдік. Мира 23 жасынан жанымда, тура өз қызымдай болып кеткен. Видеоны отбасымызға жіберуге түсіргенбіз, Мираны тартқылағаным қызық түскен соң, сіздерді бір күліп алсын деп жолдап отырмыз. Күліп жүрейік!",- деп жазды ол.