Гүлзира Айдарбекованың жас кездегі суретін көрген жұрт оны танымай қалды (фото)
Гүлзира Айдарбекова жас кездегі суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Танымал продюсердің жас күнгі түрін көрген жұрт оны танымай қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
“Бұл кез, Қайратым 5 жастағы, ал Аяныма аяғым ауыр кез. Осыдан 25 жыл бұрынғы. Қайратты босанғанда 60 кг-нан 44 кг-ға, 16 кг тастағанмын. Қашан толады екенмін деп армандап, 10 жылдан соң ғана жәймен тола бастадым. Толықтыратын дәрі жоқ ол кезде қазіргідей, бірақ осыдан семіреді деген біраз тамақты жеуші едім. Қайраттың жылағанын естімей қаламын деп, туылған күнінен бастап дұрыс ұйқы көрмей, 16 кг-ға азғанымды өзімде байқамай қалдым. Қазір арықтау xит болатынын білгенімде осылай жүре беруші едім. Шашы бұйра, ақ кардигандағы мен ғой”, – дейді Айдарбекова.
Үсенқызы осылай дегенімен, желі қолданушыларының басым бөлігі продюсерді танымай қалды.
“Қайсысы сіз?”, “Суреттегі әйелдердің ішінен сізді таба алмадым”, “Ортасындағы сіз ба?”, “Қайраттан аумайды екенсіз”, “Жұлдыз ба десем, мына кезіңіз келініңізге келеді”, – деп пікір білдірді оқырмандар.
“Шашы бұйра, ақ жемпірдегі мен”, – деп жауап берумен болды Айдарбекова.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.