Ғылыми атақта абырой қалды ма?

Ғылыми атақта абырой қалды ма?

Ғылым – ең таңдаулы зияткерлер ғана түрен салатын сала. Себебі инемен құдық қазғандай көз майын тауысып, санасына салмақ түсіріп, жылдап зертханада отырып, ғылымның кәдесіне жарайтын жаңалық ашқан адам ғана ғалым атанса керек. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз осыдан қалған шығар, бәлкім?! Әйтпесе Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев секілді қазақтың марқасқа ұлдарының аты бүгінге дейін жетер ме еді?! Өкінішке қарай, соңғы кездері осы аға буынның атын асқақтатып, ғылымның айбынын арттырып жатыр деген ізбасар інілердің із кесіп жүргендері көрінбейді.
Ьүгінгі әңгіме талай жыл теория мен тәжірибеге тер төгіп, кітапхананың шаңын жұтып жүрген жандар туралы емес. Қыз­метін қарық қыла алмай жү­ріп, дақ­пырт-даңққа құмартқан шалағай «ғалым­дарды» қаузайтын ащы ақиқат. Бұл мәселе тек біз­ді ғана емес, сізді де, басшыларды да, бас­қаны да ойландыруы тиіс.
Қариялар «шымшық сойса да, қасап­шы сойсын» деп отыратын. Бұл даналық сөз әркім өз ісінің маманы болсын дегенді меңзесе керек. Ал бүгінде ғылымға қосар үлесі болсын-болмасын ғы­лым кандидаты, ғылым докторы деген атақты иелену жаппай сәнге айналған. Әсіресе мемлекеттік қызметпен айналысып отырған лауазымды тұлғаларға осы атақ­тың керегі не? Ерігіп не зерігіп кеткен көке­леріміз­дің жұмсақ тағында отырып алып, тапсырыспен жаздырған ғылыми еңбектің арқасында дардай атақ иесі болып жүрген­дерін қасқырға қой бақтыр­ғанға теңейміз бе сонда? Шындап келгенде оларға ғылым керек пе, әлде ғылыми атақ па?
Шора САРЫБАЕВ, ҚР ҰҒА академигі:
– Ғылыми атақ алу үшін ғылыми жаңа­лық ашу керек. Ол жаңалық сол саланың дамуына міндетті түрде үлес қосқаны абзал. Ал біздегі ғылыми атақ қорғап жатқандарда мұның бірі де жоқ. Студенттердің рефераты дең­ге­йін­де жазылған жұмыспен ғылыми атаққа қол жеткізе салады. Олардың көбі – шені, дәулеті бар азаматтар. Әйт­песе министрлікте отырған­дар­дың қай­сы­сының зертханада тәжі­рибе жасап жүргенін көрдіңіз? Со­лардың қай­сы­сы кітапханада отырып, кафедрада қызмет етіп еді? Керек десеңіз, олар өзінен бұрын сол тақы­рыптың қорға­лып кеткенінен де бейхабар. Қысқасы, ғылым қолды болып кетті. Ғылыми атақ­ты қорадағы қой­дай үлестіріп бере берсе, ғылымда не кие қалды? Осы бассыздыққа шыдай алмағандықтан да мен Ұлттық Ғылым академиясынан өз еркіммен жұмыс­тан кеттім. Қазір мен Тәуелсіздік ал­ған жылдардан бергі жазылған, қор­ғалған еңбектердің библиография­лық көрсеткіштерін жи­нақ етіп жазып жатырмын. Қазір оның алты томы баспа бетін көрді. Жетіншісі жазылу үс­тінде. Әлі үш томына жүк болатын материалдар дайын тұр. Құдай қуат берсе, олар да шығып қалар.

Нұртаза АБДУЛЛАЕВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Иә, ғылымда шенді шенеуніктер­дің көп екені рас. Бірақ олардың бәріне бірдей топырақ шашу – ағаттық. Мен он жылдан астам уақыт диссертация­лық кеңестің мүшесі болдым. Қорғал­ған ғылыми жұмыстардың ішінде тың тақы­рыптар жоқ, бәрі таптаурын бол­ған тақырып деп айта алмаймын. Егемендік алғаннан кейінгі Қазақстандағы діни ахуал мен экстремистік әрекет­тер­ге байланысты жазылған еңбектерді өзім ерекше бағалаған болар едім. Мұнай саласындағы кадрлық қызмет туралы да көтерілген мәселелерді жоқ­қа шығаруға болмайды. Бірақ ғы­лыми атақ беру кезінде ағат кеткен тұстары­мыз бар екенін мойындауға тиіспіз. Қазір жүйе өзгерді. Бұрынғы жоғарғы аттестациялық комиссия (ЖАК) жабылып, жаңа жүйе енгізілді. PhD деген дә­ре­жені алу енді оңайға түспесі анық. Сондықтан саясаттану ғылымының кан­дидаты немесе докторы деген ғы­лыми атақты жамылып жүрген шенеу­ніктер болашақта ойланатын болар?

Ғылымға еш қатысы болмаса да, ғылы­ми еңбектерін «сәтті қорғап» алған­дар Қазақ­станның қай түкпірінде де жетеді. Құзырлы министрліктерден алынған мәлі­меттерге жүгінсек, егемендік алғаннан кейінгі 20 жылда 20 мыңға жуық адам ғылыми атақ алыпты. Бұл не деген тегін атақ десеңізші. Бұрынғы ға­лым­дар ғылым­ға өмірін арнайтын. Тіпті ғылыми атақ алуға өмірі жетпей, үзіліп кет­кендері де болған. Бір басылымнан академик Асқар Жұмаділдаевтың сұхба­тын оқығаным бар еді. Әлемге аты танымал математик сол сұхбатында бір теория­мен бес-алты жылдан бері айналысып жүргенін айтыпты. – «Сол жұмысты аяғына дейін жеткізе аламын ба, жоқ па деп уайым­дап жүргенімде, әкім болып жүр­ген­дердің көбі доктор болып кеткен. Халық­тың қамын ойлап жүр­гендердің ғылым­мен айна­лысуға қалай ғана қолы босайды екен? Мысалы, мен студенттерге сабақ бер­сем, ғылыммен айна­лысуға уақытым жетпейді», – деп ағынан жарылыпты.
Шынымен де, қазір ешқандай жан қи­наудың қажеті жоқ. Себебі уақыт өзгерді. Жаһандану заманы. Интернеттің тетігін ба­сып қалсаңыз, қалаған тақырыбыңызды тауып аласыз. Тіпті сізге дайын жұмысты ұсы­натын қызмет көрсету сайттары да бар. Тек қалтаңыз қалың болса болды. Іс бітеді, атақ-даңқ келеді.
Кеңес кезінде педагогика ғылымдары бойынша небәрі 20 доктор болса, қазір оның саны бірнеше мыңнан асып-жығы­лады. Бұл – ғылым мен ғылыми атақтың ара­қа­шықтығын көрсететін құбылыс. Әйт­песе сонша докторы, толып жатқан кандидаты бар педагогика саласы неге күні бү­гінге дейін сауатты оқулыққа жарымай ке­леді? Келешек ұрпақтың білімді болуы оқулыққа тікелей байланысты екенін ес­керсек, оқулықтағы олқылықтардың орнын толтырмай, білімнің тасы өрге домалай қоюы екіталай.
Алтай ТАЙЖАНОВ, философия ғылымының докторы, профессор:
– Ғылым – адамның табиғат пен қо­ғам туралы объективті білімін қа­лып­тастыруға мүмкіндік беретін таны­мының ең жоғарғы пішімі, оның тәжі­рибелік қызметінің бір саласы. Ғы­лым­ды іргелі ғылым және қолдан­балы (кәделі) ғылым деп бөліп жүрміз. На­ғыз ғылым іргелі ме, басқа ма, кәдеге жарамай қоймайды. Бірақ ол үшін ғылым мазмұны ақиқатты, нақтылы, деректері пайымды болуы қажет. Ай­талық, Кеңес заманында біз гумани­тарлық ғылым саласында «Аристов бы­лай деген, Бартольд былай деген, Гумелев былай деген, Бичурин былай деген» деп өзгеден дәйексөз алумен шектеліп келдік. Олар не айтса да, со­ны құптау қажет болды. Ал қазір еркіндік бар да, ізденіс жоқ. Ал, негізінен, ақиқатқа жетудің бірнеше жолы бар: біріншіден, сол ұлттың өкілінің өз түйсі­гі арқылы ұлт болмысын саралау арқы­лы айқындалатын шындық, ол түпнұс­қаны оқу барысында аңғарылады; екін­шіден, түпнұсқа деректің өзі мәлім етер тарихи шындық; үшіншіден, оқи­ғаның өзінің дамуынан туатын шындық. Кейде бұл оқиғаның бұлай өрістеуі мүм­кін емес деп топшылайтын кезің де болады.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры, ғы­лым ғасыры. Ойшыл жазушы Мұхтар Әуе­зов: «Ғылымы өскен ел – мәдениет тарихында шын өскен ел. Ғылым-тәрбиесі өр­кендеген ел – өсер ұрпағын, халық-қоға­мын шын көрсеткен ел», – деген. Ғылымы дамыған елдің болашағы берік болады. Бүгінде мемлекет отандық ғылымның әлемдік талаптарға сай дамуына баса назар аударып, тиісті қаражат бөліп отыр. Ендеше, ғылымға шын мәніндегі талант­тар, дарындылар барып, олар атақ үшін емес, ел игі­лігі үшін еңбек еткені абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста