Ғылыми атақтан шатақ шығып жүрмесін

Ғылыми атақтан шатақ шығып жүрмесін

Дүниедегі дамыған, жетекші 50 елдің қатарына енудегі алғашқы қадамдарымыз басталып та кетті. Әлемдік білім стандарты бойынша оқу жүйесін жүргізіп жатқанымызға да біраз болды. Құдай бұйыртса, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алатын биыл екінші PhD докторанттар түлемекші. «Бұйыртса» деуіміздің астарында мән жатыр. Себебі 2008 жылы түскен докторанттардың маусым айына жоспарланған қорғауы, жаңа бұйрыққа сәйкес, кейінге шегеріліп отыр. Білім және ғылым министрінің шешіміне наразылық білдірген докторанттар не себепті түн ұйқысы төрт бөлініп, тұйыққа тірелді?
Докторанттардың жанайқайы 20 мамыр күні «Егемен Қазақстан» бетіне жарияланған 31 наурыз­дағы №127 бұйрықтың 7-тармағына орай шықты. Бұйрықтың негізгі мазмұны мынадай: докторанттың әлемнің жетекші ғылыми компаниялары Thomson Reuters пен Scopus құрамына енетін басылымдарда ғылыми мақаласы шықпаса, қорғауға жіберілмейді. Олар оқуға түскен 2008 жылы мұндай талап болмаған. ГОСО РК 5.04.034-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Докторантура. Негізгі ережелер» деген 2008.09.01 күні енгізілген ереженің 8.7-тар­мағында: «Докторант­тың ғылыми зерттеуінің нәтижесі 10-нан кем емес ғылыми басылым, журналда, оның ішінде үшеуінен кем емесі алыс шетелдің ғылыми басылымында жарияланып, халықаралық ғылыми кон­ференцияларға ұсынылуы керек. Осы арқылы жарияланымдар докторлық диссертацияны қор­ғауға алып шығатындай негізгі ережелерді қамтуы керек», – делінген.
Анар МҰСТАФАЕВА, PhD докторант:
– Диссертациямның тақырыбы — «Қазіргі араб терминологиясы: оның құрылымы мен аударылуы (информатика терминдері бойынша)». Араб елі бойынша қарасам, филология саласында ешқандай журнал жоғары­дағы компанияға кірмеген. Араб терминдерінің орыс тіліне аударылуы Еуропада, АҚШ-та өзекті емес, ал араб елдері мен Қазақстанда өзекті. Scopus-қа филология саласы бойынша Ресейдің бір ғана «Вопросы языкознания» журналы ғана еніп отыр. Мамандығым шығыстану саласындағы араб филологиясымен байланысты. Әл-Азхар, Айн-Шамс университеттерінің «Жаршыларына» мақа­ла­ларым шықты. Олар да Thomson Reuters, Scopus-қа кірмейді. Мәселе осында, биылғы жылдың соңына дейін қорғауымыз тегін, ал келер жылы ақшалай жағы да қиын­дық тудыра­ды. Желтоқсанның соңына дейін мақаланы шығаруға үлгермейміз. Египетте 1-курста берген мақаламды таяуда ғана алдым. Шетелдік жетекшім — Айн-Шамс университетінің профессоры Амер Мухаммед Ахмед: «Египетте ғылым­ға енді кірген докторанттардан мұндайды талап етпейді», — дейді.
Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, PhD докторант:
– «Мамандығым – мәдени антропо­логия. «Көне түркі мәдени жәдігерлер­леріндегі адам және әлем модельдері»  деген тақырыбым бұрын-соңды зерттел­меген. Көркемдік жетекшім Ахмет Таша­ғұл Мимар Синан атындағы өнер уни­ве­р­­си­тетінің профессоры, ғылыми істер жө­нін­дегі проректоры (Түркия). Тақыры­бым бойынша 10 жаңалық аштым, 10 ғы­­лы­ми тұжырымдама енгізілді. Гол­лан­дияда алты, Түркияның «Яссауи» ғылы­ми журналында үш мақалам шық­ты. Мәскеу мемлекеттік университетінің «Ломоносов – 2011» халықаралық ғы­лы­ми форумына қатыстым. «Көне түркі мәдени жәдігерлерінде көрініс тапқан адам концепциясы» атты баяндамам – іріктелген 15 жұмыстан грамотамен мара­­патталған екі жұмыстың бірі. Бұй­рық шығысымен, мақаламды Scopus-қа кіретін «Journal of Turkish Times Education» журналына жібердім. Ақыл­дастар алқа­сы мақалаң журналға шығады деген анықтаманы бес айдан кейін алатыным­ды айтты. Кезекте 500-ден астам адам тұр. Шыққанша 1-8 жылға дейін күтуім керек. Тіл үйрендім, стипендия алғаным үшін жоғары жаққа рақмет айтып, жылы жауып қоюыма болу­шы еді. Бірақ ғылы­ми зерттеуім мемлекетімнің идео­логиясы үшін маңыз­ды емес пе? Бұған дейін Мәскеуге барып, түркілердің ұрпағы едік, олар мынадай болған деп айта алдық па? Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығында мен соны зерттеп, айтуға мүм­кіндік алып отырмын.
Гүлнәр БАЙКҮШІКОВА, PhD докторант:
– Тақырыбым – «Қазіргі халықа­ралық қатынастардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі. Еуропа елдерінің Орталық Азияға тәжі­рибесі». Талапқа сай, Франция, Поль­ша­да мақалам шықты. Импакт-фактор­дан бас тартпаймыз. Бірақ министрлік осы бұйрықтағы импакт-фактор мәсе­лесін биылғы бітірушілер үшін жеңіл­детсе. Бір ай қалғанда талапты өзгертуі – әділетсіздік. Бітіргеннен кейін, университетте жұмыс істеуім керек еді. Бірақ менің ғылыми дәрежемсіз, енді қимылдау қиын.
ТОСҚАУЫЛ БЮРОКРАТИЯЛЫҚ ЕМЕС, ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА БОЛУЫ КЕРЕК
Әлемнің дамыған елдерінің даму жол­да­рына көз тігер болсақ, кез келген салаға, жүйеге реформа енгізген, жаңартқан елдер қарқынды дамыған. Қазақ елінің дамуын ойлаған көзіқарақты ғалымдар Жапония сынды ғылымы мен инновациясы, ақпараттық технологиясы әлдеқашан ғарыш­қа қарыштап кеткен елдің жүріп өткен сара жолына қазір не себепті қызы­ғушылықпен көз тігіп отыр? Әрине, елді өрге сүйрейтін алғышарт – білім-ғылым саласына да қатысты. PhD докторы акаде­миялық дәрежесін дайындауда ілгерілеп кеткен әлемнің ең үздік жоғары оқу орын­да­рында дәріс оқып жүрген ғалымымыз бұл жаңалықтан бейхабар болғанымен, БҒМ-нің талабын толық қолдайтындығын білдірді.
Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик:
– Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, импакт-факторы бар журналды өзімізде шығару керек. Әр университет журнал шығару дегенді қойып, әр саланы әр университетке тапсыру керек. Екіншіден, басылатын мақалалар өте жоғарғы рецензиядан өтуі керек. Әр кварталда бір шығу керек деген қалыптасқан заң бар. Материал толмаса, шықпау керек. Ғылыммен ай­на­лысқан адам жылына екі-үш мақала жазуы мүмкін. Одан артық жаза алмай­ды. Импакт-факторы бар журналды шығаруға біздің әлеуетіміз жетеді. Бірлі-жарымды болса да мықты ғалым­дар бар. Мысалы, Қазақстандағы мате­матика жөніндегі ең жоғарғы импакт-фактор менде. Маған шетелдік журнал­дар өздері шығады, мен іздемеймін. Мен кез келген журналға басқым кел­мейді. Ал мықты журнал менің мақа­ламды бірден алмайды. Олар екі-үш адамға рецензия жібереді. Олар ма­құ­л­­даса, басады, мақұлдамаса, бас­пай­ды. Біз ғылымды ойыншыққа айна­л­дырып жібердік. Импакт-факторға қатысты талап – дұрыс. Сізді құрметтесін десеңіз, оған көнуіңіз керек. Менің бес жыл бұрын жазған мақалаларым енді шығып жатыр. Ештеңесі жоқ, бір-екі жыл күту керек. Мықты журналға мақалаңыз шықса, атыңыз да шығады. PhD-ді бітіру үшін 5-10 мақала жазу керек десе, таласуға болады. Кеңес Одағы кезінде 33 парақ бір мақаламен докторлық қорғаған адам болған. Мықты проблеманы жақсылап шешті. Сосын шетелдегі басылымның барлығы бірдей мықты емес. Шетелде шығу керек деген пунктті алып тастау керек. Шетелде шықса болды деп, ақша бер де, Қытайда баса бер. Импакт-факторы барға, ең болмаса, бір мақала шығар­саңыз жетеді. Оның өзін шығарту оңай емес. «Ертөстігім – бір төбе, қалған­дарың – бір төбе» дегендей, импакт-факторы бар басылымға жарияланған мақала – бір төбе, қалғаны – макула­тура. Саннан сапаға көшу керек. Тос­қауыл бюрократиялық емес, ғылыми тұрғыда болуы керек. PhD-докторанттың қорғауына университет емес, жетекші ғалым жауап беруі қажет.
Ғылым еріккеннің ермегі ме?
 Негізгі мәселе гуманитарлық ғылым саласы бойынша туып отыр. Бірақ бұл – жаратылыстану ғылымдары диссертация қорғау мен ғылыми мақаласын әлемдік мойындалған басылымға шығарарда қи­нал­майды деген сөз емес. Зерттеу жұмы­сының қиындығы – математикаға да, фи­ло­логияға да қатысты. Әлем жұртшылы­ғының ең көп зерттейтіні гуманитарлық ғылым салалары екенін ескерсек, дәл қазіргі уақытта өзекті мәселе де – қай ұлт­тың болмасын, оның ішінде Қазақстан сынды енді дамып келе жатқан түркі халықтарының тіл мәселесі екендігін ға­лым­дар алға тартады. Зерттеу жұмысының мойындалуы оның ашылу салмағына байланысты.
Халық қашанда «ғалымның хаты өлмейтін» құндылығын сезіп, парқын білген. Тышқақ лағы болмаса да, телегей-теңіз білімнен асқан байлық жоқтығын мойындаған. Қасиетті Құран-Кәрімде де: «Білмегендер білгендерден сұраңдар» делінуі бекер емес. Ендеше, оқу, іздену, зерттеу арқылы дәлелдеуге негізделген  ғылым теориясы еріккеннің ермегі емес. Аспанда ұшқан ұшақты, суда жүзген кемені ойлап тапқан адам баласының талаптанса  қабілеті жетпейтін биігі жоқ. Тек адам ал­ды­мен бойында сол қабілеттің бар-жоқ­тығын анықтап алуы керек. Әйтпесе адас­қанның қайтып үйірін тапқызатын биле­ріндей, бүгінде жүгінеріміз – терең білімді ғалымдар. Жер сілкінсе – сейсмо­логке, ауырсақ – медикке, күн тұтылса астро­логке қарап қаларымыз анық. Ғылым­ды ойын­шық еткен, атағы саудаға түскен «қалталы» ғалым жол сілтемейді, керісінше, адасты­рады. Ендеше, ғалымы­мыз – елінің қамын жемес залымға, ғылым әркім бір шегіп көретін арзан шылымға айналмаса болға­ны... Ғалымдар қазақ ғылымы абы­ройына кір келтірмеуді ойлаған күнде ғана алға жылжитынымыз хақ.

P.S.
Аталған мәселеге орай Білім және ғылым министрлігіне апта бойы хабарласып, бірауыз жауап ала алмадық.
Министрліктің баспасөз қызметіндегілер ( тел: 8(7172) 74-24-14) бұл мәселемен «анау айналысады, мынау айналысады» деп, бір-біріне сілтей береді.
Күні кеше ғана ҰБТ-дан шыққан шуға қатысты «ондай-ондай болып тұрады, ренжімеңіздер...», – деп ақталмақ болған білім басында отырғандар ғылыми атақ төңірегіндегі шатаққа не дер екен?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста