Игорь Крутой Димаш туралы: 10 млн... Сұмдық қой. Мен мұндайды көрмеппін

Игорь Крутой Димаш туралы: 10 млн... Сұмдық қой. Мен мұндайды көрмеппін

Ресей композиторы Игорь Крутой "өзін Димаш Құдайбергенге көмектесіп, көтерді" деген пікірге қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы Ресейдің халық әртісі ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз сұқбатында ресейлік композитор Димаштың өз шығармашылығына ерекше леп әкелгенін, оның өзіне көмегі барын жасырмай айтты.

— Біздің жоспарымыз өте үлкен, біз бір-бірімізге теңдей ырзамыз. Мен Димаш Құдайбергенге көмектесті деген сөз емес. Ол маған да сондай деңгейде көмек жасады. Қай жағынан дейсіздер ме? Менің әнімді тыңдармандарға жеткізу тұрғысынан. Мұны бір ауыз сөзбен жеткізу өте қиын. Мысалы, ән шықты делік, таңертең қарасаң 2 млн қаралым, тағы бір айналып қарасаң 10 млн... Сұмдық қой. Мен мұндайды бұрын ешқашан көрмеппін. Осының бәрі соның арқасы, менің емес. Мен оған дейін де жақсы әндер жазып, танылып жүрдім ғой. Бірақ тура Димашпен бірге кездегідей ол ауқымды аудиторияны қамтып, тез тараған емес. Сондықтан менің алғысым шексіз оған..., - дейді ол.
Крутой өз сұқбатында Димашпен қалай танысқанын да баяндап беріпті.

- Димаш әкесі екеуі менің досымның әнінің тұсау кесері кезінде қасыма келді. Ол ыңылдап бір әндерді айта бастады маған, сөйтсем ол "Жаңа толқын" фестивалінде қойылған менің әндерімнің барлығын жаттап алыпты. Телевизордың алдында отырып, осы байқауға қатысуды қалай арман еткенін де айтты. Осының бәрін ол қобалжып тұрып, шын пейілімен жеткізді. Жақсы адам екені бірден көрінді. Иә, өте жақсы жігіт, адамгершілігі мол, кез келген қысылмай-қымтырылмай емін-еркін сөйлесе кетеді онымен, - дейді атақты сазгер.
- Болашақ жоспарларға келетін болсақ, 26 қазан күні Нью-Йоркте "Барклайс-центерде" өтетін менің мерейтойлық кешімде Димаш танымал болып үлгерген бес-алты таңдаулы әнді айтады, бұдан бөлек тағы біраз жаңасының үстінен жұмыс істеп жатырмыз, - деді Игорь Крутой.

Димаш Құдайберген тамыз айының аяғында Сочи қаласында Игорь Крутой ұйымдастырғалы отырған "Новая волна" фестивалінде, күзде Нью-Йорк, Мәскеу, Минск, Дюссельдорф қалаларында өтетін мерейтой концерттерінде өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, қазақ әншісі Ресейдің Санкт-Петербург және АҚШ-тың Нью-Йорк қалаларында жеке концертін өткізеді.

Сұқбат барысында тілші Игорь Крутойды Димаштың Ресейдегі "өкіл әкесі" деп атапты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста