Индира Расылхан: Анам әкемнің екінші әйелін үйге кіргізді, себебі жүкті еді

Индира Расылхан: Анам әкемнің екінші әйелін үйге кіргізді, себебі жүкті еді

Индира Расылхан ұзақ жылдар бойы жасырып келген отбасылық құпиясын ашты. Әнші әкесінің өзге әйелмен көңіл қосып, оны жүкті еткенін айтты. Ал Индираның анасы көрегендік танытып, екінші әйелді үйге кіргізген. Бұл туралы әнші Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында сыр шертті, деп хабарлайды Stan.kz.

Индира - отбасында үш қыздың кенжесі. Әкесі ізін жалғайтын ұлдың дүниеге келгенін қалаған. Сөйтіп өзге әйелмен көңіл қосып, оны жүкті еткен. Бұл жағдай үйдегі үш қызға ауыр тиген. 

"Үш қыз тудың деп кінәламаған-ау, тек ұл керек деген. 
Әке мен ананың арасындағы кикілжің әңгіме бала кезде өтіп кеткен дұрыс па деп ойлаймын. Біз есейіп, ес біліп, барлығымыз үй-жайлы болғаннан кейінгі жағдай біз үшін өте ауыр тиді. Оның үстіне, ол әйелдің аяғы ауыр дегеннен кейін, анамның көрегендігі шығар, "қанша дегенмен қазақпыз, ұрпақ керек" деп екінші әйелді үйге кіргізді. 
Ең бірінші естіген кезде анама ақыл айттым. - Тағдырына осылай жазылып тұрса, бәрібір болады. Рұқсат беріңіз, дедім. Анама ауыр тиді, бірде жылайды, бірде былай", - дейді Индира.


Әнші ол кезде 24 жаста болғанын айтады. Алғашқыда інілі болатынына қуанған ол әкесі өзге әйелді қара шаңыраққа әкелгенде қатты ренжіген. 

"Қанша сабырлық етсем де, іштей қызғаныш болды. Әлі де өзіңді әкеңнің алдында бала сезінесің. Ата-әжемізбен бірге тұрмағанда, анама көрсетпейтін ба еді?! Ата-әжемен бірге тұрғандықтан, сол үйге алып келуге тура келді. 
Бірақ ол кісіні бірінші көргенде: "Ол екіқабат емес, өтірік алдап тұр, осыдан қарап тұрыңыздар, үйтіп-бүйтіп жоқ қылады", дедім. "Сен не айтып тұрсың? Бәріміз сол үшін басымызды тігіп жатқан жоқпыз ба?" деді анам. Әкеме білдірмедім. Әжем мен анама айттым”, – деген Индира өтірікті сезгенін айтып өтті.
Қызығы, Индираның болжамы орындалған. Алайда соған қарамастан, әкесі 20 жылдан бері сол әйелмен бірге тұрады екен. 

“Әкем анам үшін жоқ адам болса да, бала-шағасы, әке-шешесі үшін үйге келіп тұруына рұқсат берді. Бірақ өзі үшін Расылхан жоқ, сызып тастады. 
Ол әйелдің бұрынғы күйеуінен екі ұлы бар. Әлгі әйел ауырып қалған кезде, сол екі балаға анам қарады. Сабақтарына жібереді, тамақтарын береді, сабақтарын оқытады. Баланың кінәсі жоқ деп олардың көзінше сөйлетпейтін. Әкеммен қарым-қатынастың дұрыс болуына анамның үлкен үлесі бар", - дейді Индира Расылхан.
Индираның айтуынша, анасы ол кезде 43 жаста (қазіргі Индираның жасы) болған. Индира алғашқы күйеуінен ажырасып, егіз қыздарымен қайтып келген соң, анасы бар өмірін соларға арнапты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста