Индира Расылханның күйеуімен ажырасып кеткені рас па?
Сахнадан көрінбей кеткен Индира Расылхан туралы ел арасында "күйеуімен ажырасып кетіпті" деге қауесет тараған. 31 арнаға сұхбат берген әнші мұндай алып - қашпа әңгімелерді өзінің де естігенін жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.
"Неке жүзігін бүгін тақпағанымның себебі, басқа жүзік саусағыма сыймайды. Сол үшін орнын алмастыруға тура келді. Шыны керек мені жұрттар ажырасып кеткен деп ойлайды екен. Мен соған өзім таңғалдым. Алдында маған айтады: "Сіз ажырасып кетіпсіз, мен сондай әңгімелер естіп жатырмын",- деп. Мен күйеуімді көп көрсетпеймін. Асекеңде эфирге шығып, ел алдында жүргенді көп ұнатпайды",- деп ағынан жарылды әртіс.
Сахнаға қайта оралдым деген әнші алдағы уақытта тек шығармашылықпен айналысатынын айтты.
"Расымен де сахнадан біраз уақыт тысқары қалып қалдым. Оның барлығы уақытша, енді Алла қаласа тек қана шығармашылықпен айналысамын. Биыл 40 жасқа келіп жатқандықтан, көпшілік алдында есеп беру кешін өткізуді ұйғарып отырмын. Халық біраз сағынып қалған сияқты, себебі мен орындаған әндерді, стилді еске салып отырады",- деді ол.