«INSTAGRAM ЖЕЛІСІНДЕГІ ЕҢ БАЙ БАЛАЛАР» тізіміне енген қазақ баласы (фото, видео)

«INSTAGRAM ЖЕЛІСІНДЕГІ ЕҢ БАЙ БАЛАЛАР» тізіміне енген қазақ баласы (фото, видео)

Алматылық Димаш Әділет Instagram-дағы ең бай балалар тізіміне еніп, ағылшындардың назарын аудартты. Жақында желіге қазақстандықты басты кейіпкерлердің біріне айналдырған британиялық деректі фильм жүктелді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.
Instagram-дағы ең бай жастарды көрсетуге тырысқан деректі фильмде жерлесіміз өзінің дүниесін ашық көрсетеді.
Ол алдымен өзінің қымбат сағаттарын көрсетіп, тіпті Софи есімді итімен де таныстырады.
Фильмнен алматылықтың үйінде джакузиден бастап барлық игіліктер бары, ал еденінде жолбарыстың терісі жайылғанын көруге болады.Димаш досы Асқармен бірге шетелдік түсіруші топты Шымбұлаққа ертіп апарды.
Сол жерде 24 мың жазылушысына арнайы фотоға түсетін қалталы жігіт бір мезетте мыңдаған адаммен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығудан ләззат алатынын жасырмады.
Фильмде алматылықтан өзге суперяхталарда селфиге түсіп, ақша толы ваннаға шомылатынымен мақтанатын өзге елдің жастары да баршылық. Мәселен, Монакодағы 20 жасар Лана есімді қалталы бойжеткен кей кездері іші пысса тікұшаққа отырып қыдырғанды ұнатады екен. Димаш Instagram-ға осыдан 4 жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті сурет­­терін жүктеп, өміріндегі қызық­тар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.«Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. «Көппен көрген — ұлы той» демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақ­шама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі та­қырыпта шағын әңгімелер жа­зып, жариялай бастадым. Нә­тижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті», — дейді Димаш. Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшын тілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жария­лайды. 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста