Интернет журналистика жайы сөз болды

Интернет журналистика жайы сөз болды

Жуырда Сүлеймен Демирел атындағы Қазақ-түрік университетінің Қа­­зақ филологиясы және журналистика факультетінің сту­дент жастары Abai.kz порталы ұжымымен кездесті.
«Интернет журналистика» тақырыбын қау­заған кездесу пікірталас сипатында, сұ­рақ-жауап түрінде өрбіді.  Өздерін ма­за­ла­ған сұрақтарды ірікпей бөліскен шәкірттер бү­гінгі қазақ журналистикасына бейжай қа­рай алмайтынын аңғартты. Әсіресе дәс­түрлі қазақ журналистикасы мен жаңа ме­диа­ның тоқайласатын тұстарына келгенде әр­түрлі таласты пікірлер айтылды. Бұл мә­селе төңірегінде «Абай» порталының бас ре­дакторы Дәурен Қуат мырза қазіргі қа­зақтілді сайттардың қазақ баспасөзінде қа­лыптасқан әуелгі дәстүрді сақтай оты­рып, жаңа медиа талаптарына жауап бе­руге тырысатындығын жеткізді. Журналист Өмір­жан Әбдіхалықұлы интернет жур­на­лис­тиканың мазмұнына тоқтала келіп, «Абай» порталының оқырмандары, не­гі­зі­нен, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, зия­лы, кез келген ұлттық мәселеге үн қатып оты­ратын азаматтар екендігін тілге тиек етті. Ғаламтордың шекарамен шек­тел­мей­тін­дігін, сондықтан қазақ ғаламторы, интернет журналистикасы әлемдегі бар қа­зақтың басын қосуға қызмет жасау ке­рек­тігін айтқан журналист Біләл Қуаныш қазақ сайттарындағы әліпби мәселесіне де назар ау­дарды. Келелі әңгіме қозғалған кез­де­суде осы жоғары оқу орнында ұстаздық ететін белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы қазіргі қазақ журналистикасын кәсіби тұрғыдан заманға сай шыңдау қажет деген пікір айтты.
Айта кетерлігі, аталмыш университет «оқу орның қайсы десе, мынау» дейтіндей өте еңселі, әсем безендірілген екен. Әсі­ресе шәкірттердің өздерін еркін сезінуі, білім құмарлығы Тәуелсіз Қазақстанның бо­лашақ тізгін ұстарлары біз дегенді аң­ғартқандай.
Аталған оқу орны студенттерге екі тіл­де: қазақ және ағылшын тілінде дәріс оқи­ды екен. Биылғы оқу жылында кейбір та­лап­керлер мен олардың ата-аналарының тарапынан «Дәріс орыс тілінде оқытылсын» деген ұсыныс болған көрінеді. Оларға уни­верситет ректоры Мухаммет Акдиш: «Орыс­ша оқығыларың келсе, Ресейге ба­рың­­дар» деп жауап беріпті. Міне, азамат!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста