Ираннан Қасым хан туралы тағы бір дерек табылды

Ираннан Қасым хан туралы тағы бір дерек табылды

Қазақтың Қасым ханы туралы кезекті дерек парсы тіліндегі «Алам арайи шах Исмаил (Исмаил шахтың арайлы тарихы)» атты шығармадан табылып отыр. Аталмыш қолжазбаның бірнеше нұсқасы Тегеран қаласындағы қоғамдық және жеке кітапханалардың қолжазба қорларында сақтаулы тұр.

Қолжазба шындығы
Шығарманың авторы белгісіз. Қолжазбаның жа­зыл­ған уақыты – 561-бетте айтылғандай, хижраның 1086 жылы (1675-1676 ). Библиограф Ахмад Мун­за­видің каталогінде «осы еңбектің екінші бөлімі Түр­кіс­тан хандарына арналған» деген бір ауыз сөз бар. Сол жетекпен осы тарихи еңбекті  оқи отырып, қа­зақ­тың Қасым ханы туралы таңғаларлық деректерді кез­де­с­тірдік.
Қасым ханға қатысты оқиға Иран шахының Осман тү­ріктерімен шайқаста қаза болғандығы туралы жалған ақпараттан кейін басталады. I Исмаил шах  Ирак жерінде жарақат алады, бірақ тез жазылып, Хорасан жақтағы бітіспейтін жер дауын шешемін деп он екі шиға имамының атымен ант етеді. Иран шахы «Егер Ша­хибекті (Бұхар ханы – Мұхаммад Шайбани хан) өл­тіргенім рас болса, осы жолы да Хорасанды өз­бек­тер­ден біржолата тазартамын» деп шешеді. Шамамен 30 мыңнан астам (кейбір беттерде 40 мың) қол­мен Хорасанға қарай жылжиды. Сол кездегі Балх әмір­ші­сі Жәнібек сұлтан осы сыбыстан қорқып, қаланы тас­тап Бұхараға келеді. Сол кездегі Бұхараның әміршісі Убай­долла хан «Самарқанға барайық, сонда бір ше­шімге келерміз» деп ұсыныс жасайды.
Содан Са­мар­қанға келіп, Самар­қанның әміршісі Мұхаммад-Ти­мур сұлтан үшеуі ақылдасады. Ақылдаса келіп, жасы үлкен, орталарындағы ақсақалы Жәнібек сұл­тан­ды Дешті Қыпшақтың ханы – Қасым ханға кө­мек сұрауға жіберейік деген олар: «Естуі­міз­ше, Шыңғысханның мұрагері Қасым хан өзінен жасы үлкендерге құрмет көр­се­теді екен, сондықтан Жәнібек сұлтан ханға ла­­йық­ты көптеген сыйлық алып, алды­на көмек сұ­рап бар­сын» деген шешімге ке­леді. Жәнібек сұлтанның ке­ле жатқанын ес­тіген Қасым хан арнайы адам жіберіп кү­тіп алады.
Енді қолжазбада Қасым ханға қатысты жа­зылған мәліметтерге назар аударайық: «Иіліп сәлем берген соң, Жәнібек сұл­тан­ның көзі бір сәт Қасымханға түседі. Қа­раса, патша өзінің тағында дию іспет­теніп отыр екен! Тағы таза саф алтыннан жа­сал­ған екен, тақтың төрт бұрышы арыстанның, жол­барыстың, қабыланның, аждаһаның бас­тарымен және құстардың суреттерімен өрнектеліпті. Басына 70 мың Ирақ тұманы тұратын әшекей тастармен көмкерілген «шыңғысхандық» үлгідегі баскиім киіпті. Жүзі айбатты, көзінің ағы қарасынан кө­бі­рек, ал сақалдары сирек екен. Бірнеше та­рам сақалы үш жерден, бірі оң жақ ұрты тұ­сынан оң жақ омырауына, бірі сол жақ­та­­ғы ұрты тұсынан сол жақ омырауына, бі­­рі тура ортадан кіндік тұсына түсіп тұр екен. Бұл Шыңғысханның белгісі еді, пат­шаның әрбір мұрагерінің егер он мың қолы болса, онда осылай үш жерден үш тарам сақал өсіреді және оны патша өзінің мұра­гері деп біледі. Халық та ол адамды өзінің қор­ғаушысы, патшасы, муршиді деп біле­ді», – деп суреттелген.
Бұл еңбекте жазылған деректерге қа­ра­ғанда, Қасым ханның  1200 әміршісі (ге­­­не­­ралдары) болған екен. Солардың ішін­де Байрам аталық ханның аты ықы­лас­пен аталады.
Хан баласы Әбілқайыр
Бір назар аударарлық жағдай – шығар­мада Қасым ханның Әбілхайыр деген ұлы ту­­ралы да айтылған. «Тақта ханның үлкен ұлы Әбіл­қайыр хан тізе бүгіп, әдеп сақтап отыр­­ды. Басында – өзбек топысы, ал оның жие­гіне ал­тындатылған матадан сәлде орап, оны қым­бат бағалы таспен маңдай тұ­с­ына әкеп тү­йіп қойған. Оның бойы Ес­кен­дір мұна­ра­сын­дай биік, кеудесі ал­пам­са­дай, белі буыл­ған, екі иығына төрт адам мін­гендей төрт­пақ келген. Қатысқан жо­рық­тарында көп­теген жауының аяғын ас­пан­нан кел­тір­ген. Осынау отыз жасында кү­рес алаңында өл­тірген адамдарының са­ны мың екі жүзден асады және олардың әрқайсысы даланың жаға жыртарлары мен диюлары және алыптары болатын», – деп суреттейді шығарма ав­торы Қасым ханнның ұлы туралы.
Автор сондай-ақ ханға қарасты аймақты бы­лай деп бейнелейді: «Ханның шы­ғыс­та­ғы, Түркістандағы басқа әміршілері, сол­түс­тік­те Еділ бойына дейін, шығыста Дешті Қып­шақ шетіндегі Ақжейран (онда Қытай елік­тері бар және олардан хош иісті иіссу да­йындалады) аймағы, оңтүстікте Ташкент да­ласы мен Баркент тауына дейін шамамен мыңға жуық қала мен қыстақтардың бар­лы­ғының әкімдері Қасым ханның тарапынан та­ғайындалады. Халқының жартысы – мұсылман, жартысы – кәпірлер. Ал ханның өзі – мұсылман, ханафи».  
Автордың жазуынша, Жәнібек сұлтан бә­рін бақылап болған соң, бұйымтайын айтады. Қасым ханның намысын қамшылау мақсатында әңгімесін әсірелеп жеткізеді, яғни Иран шахының қолбасшысы қызылбас Наджм Сани: «Ешкімді қалдырмай, қырып са­ламын» деп жатыр деп бір тоқтайды. Қа­сым хан: «Шахибек ақылсыз болса да, одан бас­қа ол орынға ие болар ешкім жоқ, бірақ ен­­ді уайымдамаңдар, ұлым Әбілқайыр хан­ға қол жинап беріп, сендермен бірге аттан­ды­­рамын, қызылбастар Әмудариядан өт­пей жа­тып-ақ шаңырақтары ортасына опы­ры­­лып түсетін болады», – дейді. Осыны ай­тып Қа­сым хан Байрам аталыққа қарап, «Ба­­рың­дар, әрбір үйден атқамінер аза­мат­тар осында жиналсын деп бұйырыңдар» дей­ді. Сол кезде Қасым хан жайлауда, киіз үйде Еділ өзенінің бойында отырған екен. «Қа­сым хан уәлаяты (өлкесі) бір жылдық жол, ал Еділ өзені алты айлық жол болатын. Кей­бір жерлерінде өзендер ағып, құстар сай­­рап, бұлақтар ағып жататын. Қасым хан­­ның елі сонда мекендейтін. Аз күннің ішінде... Қасым хан олардың ішінен 160 мың адам­ды таңдап алып, бес қаруын асын­­ды­рып, ұлы Әбілқайыр хан мен Бай­рам ата­­лық­ты қосып, үлкен жорыққа ат­тан­дыр­ды», – деп жазылған аталмыш шығар­ма­да.
«Алам арайи шах Исмаил» шығар­ма­сын­дағы деректерге қарағанда, бұл жорық сәт­сіз аяқталған. Себебі Қасым ханның кө­мек­ке жіберген үлкен қарулы әскері жер жағ­дайын жетік білмеуіне байланысты Бай­рам аталықтан айырылып қалады, ал Әбіл­қа­йыр ханды жанындағы өзбектер жеке ша­буылға шықпауға, оның орнына қашуға үгіт­тейді. Қасым ханның ұлы қарсыласып, қар­сы шабуыл жасауды ұйымдастыруға күш салады, бірақ қорқыныштан берекесі қаш­қан өзбектермен бір мәмілеге келе ал­май, арпалысып жүргенде қоршауға түсіп, мерт болады...
Өзге хандықтарға қол ұшын берген
Осы оқиғадан кейін өзбектер Қожа Әбд ар-Рахим үш жүздей ақсақалдары мен ата­лық­­тарымен бірге, Иран шахымен бейбіт бі­­тім жасау үшін сыйлықтарын алып ат­та­на­ды. Иран шахы мен өзбек хандарының ари­зесін (өтініш хаттарын) оқып шығып, олар­дың  ендігіде Әмудариядан аттап өт­пей­­мін деп уәде берулерін талап етеді. Бәрі де алдын ала келісілгендей уәде береді жә­­не жеңілген жақ жылда салық төлеп тұ­ра­тын болып келіседі.
Қолжазбада Қасым ханның Әбіл­қа­йыр хан деген ұлының аты аталып отыр. Бұл ту­ралы басқа деректерде ешқандай бір мә­лімет кездеспейді. Біздің пікірімізше,  Қасым хан­­ның қанша ұлы болғандығы туралы нақ­­ты мәлімет жоқ. Бұл  – сол кезде билік құр­­ған барлық ханға қатысты мәселе. Екін­ші­ден, Қасым ханның өзбек хандарына кө­мегі ре­тіндегі жорығы туралы мәлімет кез­де­седі. Қасым ханның қатерлі қарсылас екен­дігі туралы деректер мен аңыздардың таралу себебі де осыған байланысты болса ке­рек. Себебі бірде шауып, бірде сұс көрсе­тіп үре­йін қашырып отырған Қасым хан, қы­зыл­бас­тардың Орталық Азия ай­мағына енуінің қауіпті екендігін, оның алдын алып отыру ке­ректігін жақсы түсінген. Осы тұрғы­дан ал­ған­да, ылғи да Шайбани хандары мен сұл­тан­дарына әскер жіберіп көмектесіп отырған.
Бұл деректе Қасым хан жіберген әскер­дің саны туралы мәлімет тым көбейтіліп көр­­сетілген сан болуы әбден мүмкін. Себебі «Алам арайи шах Исмаил» шығармасының бел­­гісіз авторы мүмкін болғанша шиға­лық­ты ресми түрде жариялаған I Исмаил шахты дә­ріптеуге құлшынған. Сондықтан аз ғана қолмен қыруар әскерді жеңген етіп көрсету, яғ­ни шындықты бұрмалап көрсету тарихта жиі кездесетін жағдай екендігін атап көр­сет­кен жөн.      
Қорыта келе, қазақтың ханы – Қасым хан туралы мәліметтер парсы тіліндегі жаңа дереккөзбен толықты деп сенімді түрде айта аламыз. Аталмыш дереккөзді зерттеу төл тарихымыздың белгісіз парақтарын ашуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста