Исабек Ишан кесенесі бой көтермек

Исабек Ишан кесенесі бой көтермек

Алдымыздағы жазда Ертістің Кереку өңірінде сымбатты сағаналардың қатары тағы біреумен толықпақ. Ол – Әулиелі Ақкөл-Жайылма мекенінде өмір сүріп, ел аузында аты аңызға айналған Исабек Ишан хазіреттің кесенесі.
Тарихи-шежірелі Баянауыл баурайын­да­ғы Мұрат қожаның отбасында дүниеге кел­ген Исабек хазірет өз заманының ғұ­ла­масы болған. Талай ислам даналары білім алған Бұхарда хат танып, кейін Ақкөл-Жайыл­маға қоныстанады. Сол жерде мед­ре­се ашып, мешіт ұстаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы өлкедегі мұсыл­мандардың көбі Ишан атаның бағыт сілтеуімен Меккеге қажылық жасап қайт­қан көрінеді. Ислам дінінің Баянауыл-Қар­қа­ралы бойына кеңінен қанат жаюына Иса­бек хазіреттің сіңірген еңбегі мол. Кеңес­тің қатыгез саясатының астарында елді тілден, діннен айыру атты үлкен жы­мыс­қы саясат жатыр еді. Сондықтан да ислам дініне тыйым салып, жұрт әулие-ән­бие­лердің аттарын ауызға алуға да қор­қа­тын жағдайға жетті. Соның кесірінен қан­ша­­ма ғұлама, оқыған, елге исламның нұ­рын сепкен Исабек ишандай хазіреттер атау­сыз, ескерусіз қалды. Ел азаматтарының тізе қосып, берекелі іске жұмыла кірісуі – сол жоқ­тың орнын толтыруға деген ұрпақ ал­дындағы парыз.
Кесене құрылысына кетер қаражатты халық өзі көтеріп отыр. Ол үшін Исабек ишан атындағы қор да құрылды. Осыған орай арнайы құрылған қор жетекшілері Естай атындағы қалалық мәдениет са­райын­да қайырымдылық концертін ұйым­дас­тырды. Билет құны 10 мың теңгеге дейін жеткенімен, мың адамдық залда ине шаншар жер болмады. Бұл халық пейілінің дарқандығын аңғартса керек. «Көп түкірсе, көл болады» дегендей, салтанатты шара­дан түскен қаражаттың өзі 4 млн теңгеден асып жығылады. Келелі істі қолға алған Ер­лан Арын, Әбілхақ Түгелбаев сынды ел аза­маттары жиналған жұртқа алғыс айтып, сәулет нысанының іргесі жақын арада қаланатынын жеткізді.
Айта кету керек, бұдан бес жыл бұрын да Мәшһүр Жүсіп кесенесінің бой көтеруіне ұлтжанды азамат, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Ерлан Мұхтарұлы тіке­лей мұрындық болған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста