Ислам жайлы мультимедиалық жоба

Ислам жайлы мультимедиалық жоба

Ертең – Рамазан айының алғашқы күні. Мұсылман баласы асыға күтетін осы қасиетті мереке қарсаңында елімізде ислам негізі бойынша жаңа мультимедиалық жобаның тұсауы кесілді. Бұл туралы кеше Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында жобаның авторы әрі жетекшісі Аманжол Темірбек, жобаның бас ғылыми кеңесшісі Алмат Сапарбаев және Астана қаласындағы «Шұбар» мешітінің бас имамы Ибрагим Таиржан жария етті.

«Бисмиллях: Исламмен танысу» деп аталатын бұл жобада исламның бес қағидасы, діннің алты шарты түгел қамтылған. 2,5 сағаттық бейнефайлдардан, 34 сағаттық дыбыстық фрагменттер мен 12 кітаптық кітапханадан және жүзге тарта ғылыми мақалалардан тұратын дискіде дәрет алудан бастап, намазды дұрыс оқудың бейнетүсініктемесі 3D форматтағы техникалық сипаттамада тәптіштеп көрсетіледі. Сондай-ақ Құранның мазмұндық аудармасы, дұрыс оқу ырғағы, Қасиетті хадистер топтамасы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайлы материалдар енгізілген бұл топтаманы мұсылман қауымға жасалған үлкен бір сый деуге әбден болады.

Қара базарда сатылатын кәсіби деңгейі төмен әрі кімдердің қолынан шыққаны, тіпті түпкі мақсаты да белгісіз болғандықтан, адамдарды адасуға алып баратын дискілерден бұл туындының айырмашылығы жер мен көктей. Себебі біріншіден, жоба ҚР Әділет Министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті жанындағы Дін мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталықтың мақұлдауына ие болған. Екіншіден, жобаны жасауға жұмылдырылған жетекші дінтанушы-теологтар, филолог, аудармашы, дизайнер, бағдарлама жасаушы, бейнеинженерлердің жиынтығы, жиырма адам болатын топ түгел дерлік өздері де — дінді ұстанушы әрі кәсіби мамандар. «Олар тіпті он ай бойына осы жұмысты ақшасы үшін емес, алдымен Алла разылығы үшін істеді» деген жоба жетекшісі Аманжол Темірбек әрі қарай: «Диск бірегей әрі сапалы шықты. Біздің мақсатымыз ислам діні туралы ақпаратты түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсыну болды. Бүгінде сол мақсатымыз орындалды деп нық сеніммен айта аламыз», – деп ойын сабақтай түсті.

Қуанарлық, құптарлық жайт. Тек бір әттеген-айы — жобаның орыс тілінде болғандығы. Ол үшін жобаны жасаушылардың өздері де көпшіліктен кешірім сұрап, «бас-аяғы он айда жасап бітіріп, Рамазан айына үлгеру керек болғандықтан, бірінші техника, технологиямен жұмыс істеуге қолайлы деп орысша түсіргенін» айтып, жағдайды түсіндірді. Ал қазақ тіліндегі нұсқасы келесі жылы жарыққа шығарылмақ екен.

Басқосу соңында Астана қаласындағы «Шұбар» мешітінің бас имамы Ибрагим Таиржан жиналған көпшілікке көшедегі көлденең көкаттылар сататын түрлі басылымдар мен диск өнімдерінен сақтануды, егер Діни басқарма тарапынан мақұлданбаса, сатып алмауды ескертті. Себебі діндегі адасушылық, қайшылық атаулы, дінді бұрмалау көбіне елге бұрыс ақпарат берудің кесірінен болады екен. Ал оның өзін мақсатты түрде жүзеге асырып, мұсылмандар арасына жік салуды көздейтін арнайы топтар бар көрінеді.

Расында, Абай айтқандай, «ақылды адамға иман — парыз». Ал сол иманды жетілдіру құралдарының өзін таңдап, талғай білу үшін әуелі Құран Кәрімді негізге алып, содан соң осындай кәсіби мамандардың қолынан шыққан өнімдерді пайдаланған абзал.

Иманға мойын бұрып, мұсылмандықтың шарттарымен толық танысқысы келген кез келген мұсылманның көкейіндегі сауалына жауап табатын бұл топтаманы оразаның алғашқы күнінен бастап «Меломан» сауда нүктелерінен табуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста