Юрий Лазурко, әнші: Әкем – украин, шешем – орыс, өзім – таза қазақпын

Юрий Лазурко, әнші: Әкем – украин, шешем – орыс,  өзім – таза қазақпын

Оны қалың көпшілік алғаш Илья Жақановтың «Еділ мен Жайық» әні арқылы таныды. Тоқсаныншы жылдардың басында «Әнші балапанға» қазақша ән айтып шыққан украин баласы содан бері өнер жолында жүр. Репертуарында  тек қана – қазақ әндері. Қазақ жерінде дүниеге келіп, осы елде өсіп-өнсе де оның тілі мен дініне немқұрайды қарайтындар аз емес. Юраның олардан ерекшелігі, әкесі – украин, анасы орыс болса да, өзін таза қазақпын деп есептейді.

– Юрий, сіз қазақ тілінде тіпті осы ұлттың өкілінің өзін жаңылдыратын­дай, әдемі сөйлейсіз. Қазақтың дана­лық сөздері мен мақал-мәтелдерін де әжептәуір меңгергенсіз. Заңды сауал туындайды, қазақ тілін қайдан, қалай үйрендіңіз?
– Көзімді ашқалы қалың қазақтың ортасында жүрмін. Сондықтан маған бұл сұрақтың қойылуының өзі артық деп ой­лай­мын. Әкем мен шешемнің ұлттары өзге бол­ғанымен, мен өзімді толыққанды қа­зақ­тың азаматымын деп білемін. Балалық ша­ғым ауылда өтті. Қазақтың ауылын­да­ғыдай кеңдік пен дарқандық, жомарттық еш жерде жоқ секілді көрінеді. Кіш­ке­не кезімнен көрші тұратын кіндік шешем­нің тәрбиесінде болдым. Сол үйдің бір ба­ласындай болып өстім. Кіндік шешем мені ұл­тың өзге деп бөлген жоқ, өз ұлдарын қа­лай көрсе, маған да солай қарады. Ойын қу­ған өңкей қара сирақ бала жаздыгүні «қой­кезекке» шығатынбыз. «Қойкезек» біз­дің балалық шағымыздың бір тәтті кө­рінісі болып жадымызда қалды. Бүгінгі ба­ла­ларда біздің кезіміздегідей балалық жоқ секілді көрінеді кейде. Әке-шешем мені орыс мектебіне бер­ді. Бірақ бәрібір қазақ тілі жаныма жақын еді. Со­ның дәлелі шығар, күнде­лі­гімде орыс тілі мен әдебие­ті­нен қаз­дай тізіліп «үштік­тер» тұ­ра­тын да, қа­зақ тілі­нен «бес­тен» өзге баға ал­май­тын­мын.
– Тоқсаныншы жыл­дар­дың басында өзге ұлт өкілдерінің қазақша ән айт­қа­ны тосын көрінетін еді. Сіз осы кезде сах­наға шықтыңыз, көпке таныл­ды­­ңыз.
– Ұлтыңыздың украин еке­ні өнерде өрлеуіңізге се­беп болған жоқ па? – демек­сіз ғой.
Иә.
– Мен олай ойламаймын. Және еш­қандай жағдайда да тегімнің бөлек екенін ал­ға тартқан кезім болған емес. Мұ­ны қайталаудан жа­лық­паймын, мен күні үшін қазақ тілін үйренуге қа­­рекет қыл­ғандардың қа­та­рынан емеспін. Бір кездері «Қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдеріне басымдық бе­рілуі және еңбекақы­ла­рына сол үшін үстеме қо­сы­луы керек» деген де әңгі­ме­лер болды. Сонда мен қазақ тілін білгенім үшін мемлекеттен артық ақ­ша алады екенмін де, орыс тілін, ағылшын, тіпті қытай тілін жетік меңгерген менің қа­зақ досымның қолы бұған жетпейді екен. Бұ­лай болмайды ғой! Қазақтың нанын жеп, суын ішіп отыр­ған адам, мейлі қай ұлттан болсын, Абай­дың тілін құрметтеуге міндетті және сол үшін қандай да болсын басымдық алуға тиісті емес.
– Шыны сол, Тәуелсіздік алғанымыз­ға жиырма жылға жуықтаса да, бізде әлі мемлекеттік тілге қатысты мәселе шешімін таппай тұр. Осы орайда сізді де ашындыратын жайттар аз еместей көрінеді.
– Иә. Осыдан бірер жыл бұрын Астана­да мемлекеттік тілді қолдау саясатының айналасында фестиваль болып өтті. Сол жерде «қазақ тілін дамыту керек» деп жүр­ген азаматтардың өздері орыс тілінде сайрап жүр. Бұл менің намысыма тиіп, «Өзі­ңіз қа­зақ тілін қолдаймыз деп шара ұйымдас­ты­расыз да, өзіңіз орысша сөйлей­тініңіз қа­лай?» деп қалып едім, «Бұл Аты­раудың адам­дары осылай тікесінен ай­тады» деп жылы жымиып, құтылып кетті. Ал менің ішім­де ыза қалып қойды. Мем­ле­кеттік тілді қол­дау саясаты көз алдау бол­маса екен. Өйт­кені бұл күнге қазақ оңай жеткен жоқ қой...
Өзімнің қазақтармен тілім ғана емес, дінім де бір дей аламын. Құдайға сенемін. Мешітке барып тұрамын. Мынадай қызық болған. Алматыда бес жыл тұрдым. Ра­йым­бек даңғылының бойында Райымбек ба­ба­ның мазары бар. Бірде автобусқа міндім. Кісі лық толы. Сығылысып, әйтеуір, аяқ іліктіріп тұрмыз. Ойымда ештеңе жоқ, қорым көрсе, бет сипамай өтпейтін ауыл баласының әдетімен бабаның басына келе берген мезетте қос қолымды әзер дегенде шығарып, «бісміллә» деп бетімді сипадым. Айналамдағы адамдар жын көргендей шошып кетті. «Айдаладағы орыстың Ра­йым­бек бабада не шатағы бар?» деп ойла­ған шығар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста