Кәмшат Жолдыбаева кезекті ашық образымен елдің талқысына түсті (фото)
Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаева тағы да көпшілік арасында қызу талқыда. "Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған ару желіде аса ашық образдарын жиі жариялайтын болған. Ол талдырмаш мүсінін ғаламтор қауымына паш етуді әдетке айналдырып алса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отандық шоу-бизнесте өзін әнші әрі актриса қырынан сәтті түрде танытып жүрген Кәмшат бұл жолы ұзын және оқтай аяқтарын ел назарына ұсынған. Аталмыш фотодан өнер иесі өз шұлығын түзетіп жатқанын байқауға болады.
Эстрада жұлдызы қызыл түсті көйлегіне сай етіп, қызық туфли киіп алған.
Жолдыбаеваның Instagram парақшасындағы бұл суретіне қатысты желідегілердің пікірі бөлініп кетті. Бірі сылқымның әрекетін ерсі санап, оны сынап жатыр. Енді бірі, керісінше, оның мінсіз мүсінінен тәнті болғанын жасырмады.
"Сіздің суреттеріңіз барша Инстаграмның әшекейі болып табылады" , "Қандай жарқын әрі бірден көзге түсерлік фото" , "Ұят деген атымен қалмапты ғой" , "Сөзім жоқ айтарға, енді немен таңғалдырады екенсің?" , "Қазақ қыздарына не болып барады" , "Денеңмен емес, өнеріңмен тәнті қылсаңшы", "Денңізге сөз жоқ. Талодырмаш мүсін әркімнің арманы" , - деп жазуда халық.