"Картоп аршымаймын": Салтанат Бақаева қандай келін болғанын айтты

"Картоп аршымаймын": Салтанат Бақаева қандай келін болғанын айтты

Салтанат Бақаева енесімен қарым-қатынасы жайлы сыр шертті. Ол алғашқыда қандай келін болғанын ашып айтты, деп жазады Stan.kz.

"Келін ененің топырағынан!" Бақаева бұл сөздің мағынасын бар жан-тәнімен сезінген. Ол бүгінде жарының анасымен жақсы тіл табысады. Ортақ қызығушылықтары да жоқ емес.

"Екеуміз де өнерліміз, анамыз үнемі ыңылдап ән айтып жүреді, мен де дәл солай. Негізі ене мен келіннің қарым-қатынасында көп нәсрсе келіндерге байланысты. Жаңа түскен келінге ата-енесімен сыйластық, мейірімділікпен бөлісуге жасқанбаған дұрыс", - деп жазды Салтанат желідегі парақшасында.
Алайда әнші мұндай күнге бірден жетпеген. Алғаш келін болып түскенде ол да талай қателікке бой алдырғанын жасырмайды. 

 
"Жолдасым жұмыстан келмегенше, мен де түзде құрбыларыммен немесе театрда ұзағырақ болуға тырысатынмын. Содан соң үйде әңгіме болды, Салтанат барынша өзгергісі келмеді, жұлынды, бұлқынды.
Дегенмен қазіргі постты жазып отырған Салтанат басқа. Бұрынғы “картошка аршымаймын” деген Салтанат мүлдем басқа адам. 
Және меніңше бұл дұрыс, адам өзгеру керек, даму процесі жүруі тиіс, өзгеру қашан да қиын, дегенмен сен басқа сатыға көшесің, басқа дүниелерді түсіне бастайсың. 
Әрине бастапқы кезде біз келіндер көптеген қателіктер жасаймыз, ол да керек шығар, сол қателіктердің арқасында оң мен солды ажырата бастаймыз. Мені дұрыс түсініңіз, өзгеру дегенім өзіңді жоғалту емес, керісінше өзіңде бар тәрбиеңді, білгеніңді тереңдету!

Әрқашан бір-бірімізден жақсы қасиеттерді іздейік. Кейде біреулер айтып жатады, енем осылай сөйлейді, тиісе береді, не үшін сыйлаймын деп?! Менің оларға айтарым, қыздар, жолдасыңызды жақсы адам қылып тәрбиелегені үшін, жұмыстарыңызбен жүргеніңізде балаларыңызға қарап отырғаны үшін риза болыңыз. Ризашылық сезім жүректі жібітеді. Кез-келген адамнан жаман нәрсе емес, жақсылығын көре білгенде сіз бақытқа бөленесіз", - деп түйіндеді сөзін Бақаева.

Оқырмандардың бір тобы Бақаевамен келіссе, ендігілері өз енелері жайлы сөз қозғады. 

"Ене ене болып келінді тартпаса, үлкен болып ақылын айтпаса, әже болып немерелерін қарамаса, тіпті немерелеріне жоламаса, ұлына әйелін жамандап, қарсы қойып отырса, ондай адамды қалай сыйлауға болады?" - деп жазды оқырмандардың бірі. 

"Сонда да қыздар, әр адамнан жақсы нәрсе көре білу керек!
Кінә тек бір жақтан болмайды, сізден де қателіктер кетіп жатқан шығар, әдетте бір өзіміздің қатемізді көрмеймін, тәкаппарланып кетеміз", - деп жауап берді оған Бақаева.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста