Kazakh TV арнасы алыстағы ағайынның көз қуанышына айналып отыр

Kazakh TV арнасы алыстағы ағайынның көз қуанышына айналып отыр

Kazakh TV тұңғыш спутниктік телеарнасы 2002 жылдың 25 қазанында эфирге шыққан болатын. Бүгінде әлемнің 90-нан астам мемлекетіне қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабар таратып келе жатқан телеарна жаңа маусымда көрермендерге көптеген жаңа бағдарламалар ұсынып отыр. Осы орайда, Kazakh TV арнасы қазақ бөлімінің бас редакторы Гүлжайнар Қайымқызы Сүлейменовадан сұхбат алған едік.

– Гүлжайнар Қайымқызы, Kazakh TV арнасы былтырдан бері жаңа атау­ға ие болып, көрер­мен­дердің көзі үйреніп қалған сияқты. Енді арнаның көпшілікке айтар жаңалықтарын білсек...
– Өткен жылдан бері біз өз көрер­мен­дерімізге арнамыздың жаңа атпен қоса, жаңаша сипатқа ие болып жатқан­дығын жа­рия еткен болатынбыз. Сол кезеңнен бері біраз өзгерістер болды. Арна арқаның төріне ауысып, медиа­орта­лықтан хабар тарата бастады. Телевизия саласының бүгінгі замандағы жаңа жетістіктеріне қол жеткізіп, техникалық мүмкіндіктеріміз әлем­дік белді арналардың деңгейімен қатарласып жатыр. Осы ретте, Kazakh TV арнасы да жаңа маусымдағы бағдарлама­лар қатарын молайтып отырғандығын баса айтқым келеді. Бұл журналистердің арқа жерінде үлкен ізденіске қол жеткізіп, ша­быт­танып жаңа шығармашылықпен жұ­мыс істеп жатқандығын айқындайды. Ар­намыздың көрермендеріне айтар жа­ңа­­­лығымыз биылғы жаңа маусымда 20-ға тарта жаңа хабарлар ашылып жатыр. Оның ішінде бұрыннан келе жат­қан бағдарламалар қатарын қайта жаң­ғыртып отырмыз. Сондай-ақ өзіміз даяр­лап жатқан бірнеше төл хабар­лары­мыз да бар.
– Осы жерде Kazakh TV арнасындағы тек қазақ тіліндегі бағдарламалар ту­ралы білгіміз келеді.
– Жалпы, арнамызда 40-тан астам бағдарлама үш тілде эфирге шығады. Оның тең жартысы, негізінен, қазақ тілінде көрерменге ұсынылып жатыр. «Асыл қа­зына», «Соңғы көш», «Дала дауысы», «Ата­мекен», «Ағайын», «Сәлем-әлем», «Masters of creativity» (қолөнер шебері), «Celebrity World» (жұлдыздар әлемі) сияқ­ты көптеген бағдарламаларымыз бар. Ал биылғы жаңа маусымда үш хабар жарыққа шығып отыр. Олар: «Нeritage» (мұра) деректі фильмі, «Әдебиет әлемі», «Ұлттық энциклопедия». Бұл танымдық, тарихи телетуындылардың көрермен ал­дын­да арқалаған үлкен жауап­кер­шілігі бар екендігін баса айтқым келеді. Мәселен, олардың әрқайсысын таратып айтар болсам, «Нeritage» (мұра) деректі фильмін­­де ұлтымыздың ғасырлар бойы жоғалмай келе жатқан жәдігері, қолөнері, сәулеті, музыкасы туралы аңыз әңгімелер желісінде көркем дүние жасалады. Ал «Әдебиет әлемі» өзінің аты айтып тұр­ғандай, хал­қы­мыздың шұрайлы тілі, көсем­сөз құдіретін баяндайды. Бұл жерде ақын-жазу­шыларымыздың жеке өмірінен гөрі, әңгіме оның шығармаларының жа­зылу процесі, өмірден алынған протиптері сияқты жазу­шының біз білмейтін құпия­ларына тереңі­рек үңілуге бағыт­талады. «Ұлт­тық энцик­лопедия» бағдарламасын­да қазақтың тек өзіне ғана тән төл құнды­лық­тарымыз, салт-дәстүріміз туралы ауқымды әңгіме қозғалады. Дәлірек айтқанда, «қымыз», «күбі», «шымылдық», «бастаң­ғы» деген сияқты біздің сонау ата-баба­мыздан келе жатқан ғұрыптарымыздың қазірде жоғалмай ұрпақтан-ұрпаққа жал­ғасып отырғандығын шағын хабары­мызға арқау етеміз. Осы арқылы шетел жұрт­шылығына қазақтың мәдениетінің қан­шалықты мағыналы, мәнді болған­дығын айтатын боламыз.
– Шетелдегі қандастарымыздың өміріне арналған немесе тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға көшіп келген ағайындарымыз туралы хабар­лар бар ма?
– Kazakh TV арнасы шетелдегі қан­дас­тарымыз бен Қазақстанды жалғап отырған алтын көпір іспетті. Қазір әлемнің 35 елінде 4 млн-нан астам қандастарымыз тұрып жатыр, ал сырт елдегі әр қазақтың төрінде Kazakh TV арнасы үзіліссіз қосулы тұрады. Алыстағы ағайындарымыздың өмі­рін, салт-дәстүрді сақтап отырғандығын кеңінен әңгімелейтін «Ағайын» деген хабарымыз бар. Осыдан 2-3 жыл бұрын ашылып, күні бүгінге дейін алыс-жақын шетелді аралап 30-дан астам хабар жаса­дық. Ай сайын іссапарға шығып атажұрттан жырақта жүрген бауырлары­мызды көзіміз­бен көріп, көңілімізді бірлеп қайтамыз. Өзім Моңғолия, Қытай, Париж, Өзбекстан елдеріне барғанда ондағы қазақтарымыз­дың тыныс-тіршілігін терең біліп, ерекше сезіммен оралдым. Мысалы, Моңғолия­дағы қазақтардың жайлаудан күзеуге келіп жатқаны, құлын-тайлардың тебісіп жүр­гені, ат құлағында ойнаған қандас­тары­мыздың боямасыз өмірі біздің бағдар­ламаға арқау болды, ал Париждің төрінде қазақтың киіз үйін құрып, уығын шаншып тұрған ағайындарымыздың көздерінен қуанышты көргенде жүрегім елжіреп кет­кені рас. Атажұрттан жырақтағы аға­йын­дармен кездескен сайын алған әсерді ауызбен айтып жеткізу қиын. «Әр қазақ менің жалғызым» деп Сабыр Адай айт­қандай, жүрегің толқып тұратын кездер көп болады. Көршілес Қытай елінде 1,5 млн қазақ тұрады. Олар тіл мен салт-дәс­түрдің қаймағын бұзбай сол күйінде сақтап отыр. Біздер Үрімші қаласынан, Алтай ай­мағынан бірнеше хабар дайындап келдік. Сонда көзім жеткені, Алтайдың тамыл­жыған табиғатының аясында төрт түлік малын жайып, құрт-майын, бауыр­сағы мен қазысын қанағат көріп, ұлттың ұлы­лығын сақтап отырған ағайындардың тіршілігі көңілімді қуантқанын жасыра алмаймын. Енді елімізге оралған бауыр­ларымызды айтар болсам, Kazakh TV ар­насында «Соңғы көш» деген бағдар­ламада ел тәуелсіздігін алған жылдар ішінде Қа­зақстанға оралған ағайын­дарымыз туралы кең көлемде сұхбаттар беріліп, олардың атажұрттан «не алам деп емес, не берем» деп келіп жатқан мақсаты баян­далады. Бұл екі хабардың бірі – алыстағы ағайынды Қазақстанға жақын­датса, екін­шісі – елге келген қа­зақтың ұлтына жасап жатқан еселі еңбегін әлем халқына паш етіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста