«Кейіпкерінің тұтқыны» немесе қайдасың, қаһарман режиссер?!.

«Кейіпкерінің тұтқыны» немесе қайдасың, қаһарман режиссер?!.

Қазақта «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген сөз барын біле­міз. Яғни жаңа түскен жұртындағы ешкімнің түсін әлі түстеп білмейтін келін үшін, соның бәрін таныстырған адам ыстық. Осы сөздегі келіннің орнына кино кейіпкерлерін қойсақ... Жаңа жерге түскен келін мен кино кейіпкерінің ұқсастығы неде дерсіз, бәлкім? Мәселе – келіннің де, кейіпкердің де алғаш «бетінің ашылуында»... Келін үшін алғаш бетін ашқан адам ыстық болса, көрермен үшін қандай да бір актерді таныт­қан бейне ыстық. Ыстық болғандығы сонша – кейіннен қанша рөл ойна­са да, көрермен оны басқа кейіпте қабылдай алмайды, оның көз алдында тек сол бір бейне оттай басылып қалады. Осының сыры неде? Қысқасы, бүгінгі айтпағымыз – көрерменнің көз алдында бір ғана бейнеде қалып қойған актерлер жайы.

Жұлдызды рөл – басқа қонған бақ
Көзінде үлкен көзілдірігі, селдір сары шашы бар, түсі жылы және ең басты ерек­ше­лігі үнемі бір оқыс оқиғаға ұшырайтын да жүретін кейіпкер кім десек, бәріңіз оны бірден табарыңыз хақ. Әрине, Шурик! Алек­сандр Демьяненко өзінің кино ғұмы­рында 112 рөл сомдаса да, көрермен оны тек Шурик деп қабылдап, тек сол бейнені ғана жаттап қалды. Ең алғаш бұл кейіпкер кино әлеміне 1965 жылы Леонид Гайдай­дың «Операция Ы және Шуриктің басынан кешкен хикаялары» фильмі арқылы жол тартыпты. Көрермен бір көргеннен осы бір аңғал да ақкөңіл жігітті жақсы көріп кеткен­діктен, режиссер араға екі жыл салып тү­сір­ген «Кавказ тұтқынын» онсыз шығара алмады. Дәл сол Шурик 1973 жылы «Иван Васильевич мамандығын ауыстырады» атты фильмде инженер Саша Тимофеев болып, көрерменге жол тартты. Бірақ жұрт оны Саша деп емес, бәрібір Шурик деп қабыл­дады. Бір жақсысы, оған дейін 15 шақты фильмге түссе де, соншалық таныла қоймаған актердің осы рөл бірден бағын ашты. Ол тіпті өз заманының символы дәрежесіне бір-ақ көтерілді.
Кеңестік киноларда дәл осылай бір рөлмен естен кетпей қалған кейіпкерлердің бірі – Шерлок Холмс (Василий Ливанов), Амфибия-адам (Владимир Корнев), Буду­лай (Михай Волонтир) әлемдік кинодағы детектив Коломбо (Питер Фальк). Мысалы, осы Фальктің әртістік шеберлігіне ешкім шүбә келтіре алмас еді және 64 жылдық актерлік карьерасында ол сомдаған бей­нелер жай ғана саусақпен санап бітіре са­ла­р­­лықтай емес, көп әрі қандай рөлдер еді десеңізші?! Тіпті екі рет «Оскар», бес рет  «Эм­ми», тіпті «Алтын глобусқа» дейін алып, асарын асап, жасарын жасап қойса да, ешбір рөлі оған дәл осы Коломбодай таны­малдылық сыйламап еді. 1968 жыл­дан 2003  жылға дейін түсірілген «Колом­бо» кино­сының бас қаһарманы бүгінде 83-те болса да, әлі де ат үстінде! Айтпағы­мыз, кімге қай рөл бақ болып орнап, қан­ша­лық танымалдылық сый­лағандығы жайлы  емес. Таяқтың екі ұшы болатынын ескер­сек... Алайда әзірге мұны қоя тұрып, қазақ кино­сындағы дара бейнелерге көш­сек.
Шурик те жылайды...
немесе «бақсам, бақ дегенім сор емес пе?»

Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаевтар тұсында «алтын заманды» бастан кешіріп, әлі күнге ұлт болып ұйып көретін туындыларын дүниеге келтірген қазақ киносында да «мәңгілік бір рөл тұтқындары» жетерлік. Мәселен, Қыз Жібек. Әйгілі актриса Меруерт Өтекешо­ва­ны жұрт басқа кейіпте көре ала ма? Жалғыз Жібек емес, Төлеген де Құман Тастанбеков үшін жалғыз рөл болып қалғандай. Сон­дай-ақ «Тақиялы періштедегі» Тайлақ. Оған дейінгі өмірінде актерлік салаға мүл­дем қатысы болмаған Әлімғазы Райым­бековті осы рөлінен кейін режиссерлер көріп, оған рөл ұсынған. Бірақ халық бәрі­бір өз Тайлағынан айырылмады. «Менің атым – Қожадағы» бас кейіпкер Қожа – Нұр­лан Сегізбаевты да осы ортадан табуға болады. Санай берсек, тағы қаншасын табарымыз сөзсіз. Алайда мақсат ол емес, мәселе – бас­қада. Яғни, жалпы, «жалғыз рөлдің тұт­қы­ны» немесе «жұлдызды рөл­дің құрбаны» болу қаншалықты керемет, керісінше, қан­шалықты ауыр? Сырт қара­ғанға өз заманы­ның символы дәрежесіне көтерілу, тіпті күні бүгінге дейін сүйікті кейіпкер болып қалу – екінің біріне бұйыра бермейтін ба­қыт. Алайда мұның да бағы­мен қатар соры бар екен. Айталық, Шурик – Демьяненко жұлдызды рөлдің маңдайы­на таңба болып басылғаны сонша – ешкім оған басқа рөл ұсына қоймағанына өкіне­тінін жасырмай­ды. Трагедия, міне, осында! Өйткені мүм­кін­дігі сан қырлы шебер актер үшін өзінің басқа да қабілетін көрсете ал­маудан артық қандай өкініш, қандай мұң болушы еді?.. Алайда оған бас ауыртар кім болды? Кө­ше­де көрінгеннің «әне, Шурикті қараңдар!» деген сұқ саусағынан құтыла алмаған зия­лы, сабырлы актер Александр Демьяненко осылайша жалғыз рөлдің тұтқы­ны болып қалғанына күйінгенін жан адамға түсіндіре алмаған күйі, басымен дубляжға кетіп қа­лып еді. Біз атын атаған, атамасақ та көрер­меннің көкейінде тұрған дәл осы типтес «жалғыз рөл тұтқындары­ның» осы тақы­лет­тес сыры мен мұңы болғаны даусыз.
Кейіпкерінің тұтқыны болуға өте ұқсас тағы бір құбылыс та осы тұста қылаң бере­ді. Ол – үнемі бір образдың таз кепеші басы­на киіліп, содан өмірінің соңына дейін құ­тыл­мағандар жайы. Мысалы, қазақ кино­­сын­да о баста шал кейпінде көрініп, әлі күнге тек шалдың шекпені иығынан түспей келе жатқан актерлердің көш басында Нұржұман Ықтымбаев атамыз тұр. Кейінгі кезде кинодағы қарияны тек бірыңғай осы актердің мойнына арта сал­ғанымыз анық. Бекжан Тұрыс та одан қалыспай келе жат­қан­дай. «Ұят болмасын­да» Ақылбай ақса­қал болып көрініп еді, тіпті былайғы өмірде де жұрт Бекжанды жас күйінде қабылдай алмайды. Тағы да осындай бір мұңды ар­қа­лап жүрген жандар – сатирада көрінген актерлер. Оларды көрермен жеңіл-желпі ажуаның адамы деп қабылдап қояды да, актер қанша мықты болса да, одан кейін өмір бойына драмалық кейіпкер ретінде көріне алмай қалатынға ұқсайды. Алысқа бармай-ақ, марқұм Құдайберген Сұлтан­баев­ты алсақ. «Тамашаның кемпірі» күйі кеткен Сұлтанбаев баспасөзге берген бір сұхбатында өзінің драма актері ретінде көріне алмағанына аздап қынжылатынын сездірген. Бұл жерде кінәнің бір ұшы ре­жис­серлерде де жатқандай. Себебі актер­дің бағын ашатын бірден-бір тұлға сол – ре­жиссер. Ендеше, неге олар осындай ак­терлерді басқа қырынан ашып көруге тырыспайды? Қазіргі Ресей киноиндустрия­сы бұл жағынан бізге озық үлгі бола алар еді. Мәселен, Константин Хабенскийдің бір кейіпкері бір кейіпкеріне ұқсамайды. Ол Адмирал Колчак та, ол Бекмамбетовтің әр киносында әр түрлі кейіпкер, алқаш та болды, қысқасы, бір рөлмен қалған жоқ. Сол секілді Безруков та тек Саша Белый болып қана қалған жоқ. Демек, мықты бір режиссер шықса, Бекжан Тұрыстан шалдың шекпенін шешіп, басқа жаңа кейіпкер шы­ға­руға әлі де кеш емес. Актерлерді «кейіп­керінің тұтқыны» болып қалудан құтқара­тын «қаһарман» режиссерлер қайда екен?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста