«Келіндер бәйгесі» — 31 арнадағы ерекше тұсаукесер!
Салтанатты неке қию рәсімі – әр бойжеткеннің өміріндегі ең маңызды күні. Бала күннен әдемі ақ көйлек, неке жүзіктері мен ерекше мерейтойды армандайтыны сөзсіз. Ал енді елестетіп көріңіз, төрт бойжеткен, ең үздік қалыңдық атағын иемдену мақсатында бір-бірімен күресуде. 31 арна Қазақстанда болмаған ерекше реалити-шоуды ұсынады.
Аталмыш жоба той алдындағы қобалжу, ерекше тойдың ұйымдастыруының көрінісі. Жоба барысында 4 қалыңдық бір-бірінің тойына барып, әрқайсысының мерейтойын бағалайтын болады. Оның ішінде: мәзір, залдың безендіруі, қызықты ойындары мен қалыңдықтың бейнесі.
Шақырылған жұлдыздар немесе өздерінің ән орындауы, кәсіби бишілер немесе халық билері, қымбат көйлек немесе өз қолымен тігілген қарапайым той көйлегі, экзотикалық тағамдар немесе өзіміздің бешбармағымыз? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын төрт қатысушы жоба барысында іздейтін болады. Соңында жалғыз ғана қалыңдық өз бәсекелестерінен озып шығып, бал айына арналған жолдаманың иесі атанады.
«Келіндер бәйгесі» - интрига, ащы шындық, той алдындағы қобалжулар ғана емес. Әр бөлімін көрген көрермендер, болашақ немесе тойға дайындалып жүрген қалыңдықтар өздерінің тойына керек кеңестер ала алады. Ең әдемі той көйлегін қалай таңдау керек, қандай қызықты ойындар ойластыру, бірінші және екінші дастарханға не қою керек, қомақты қаражат жұмсап, немесе ақшаны үнемдеп-ақ той өткізуге бола ма? Осы сұрақтардың барлығына жауапты «Келіндер бәйгесі» жобасынан көресіздер!
28 наурыздан сағат 23:00, 31 арнада
«31 арна» – жоғары сапалы ұлттық төл өнімдері бар, отбасылық көрсетілімге арналған шабыттандыратын, мейірман, күлкілі, қызық әрі қауіпсіз қазақстандық ойын-сауық арнасы. Арна ұраны: «Отбасымен бірге көрейік!». Отыз бірінші арна бүкіл арналар арасындағы ұлттық телерейтингі бойынша екінші орынды ұстап, прайм-таймда бірінші орында.