«Келінді» ойнаған актриса Тұрсыновқа қалай алданғанын айтты (видео)

«Келінді» ойнаған актриса Тұрсыновқа қалай алданғанын айтты (видео)

Қоғамның наразалығына ұшырап, Парламент қабырғасында талқыланған «Келін» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Жұбаеваның режиссер Ермек Тұрсыновқа өкпесі қара қазандай екен.

Ол өзі туралы Ермек Тұрсынов сұхбатында өтірік айтып, ар-намысына тигенін айтты. Бұл туралы 31-арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтылды.

Ұятсыз кадрды көрсетпейміз, перде тұрады деген, алдапты…
„Ашық-шашық кадрға түспеймін деп кесіп айттым, сол арадан тоқтамақ та болдым. Бірақ сол кездегі «Қазақфильмнің» басшылары мені сол үшін ортаға алып, қақпақылады. «Ойлан, өйткені бұл мемлекеттік қаржыға түсіріліп жатыр, қандай да бір әуесқой фильм деп ойлама, мен дардай сценаристпін, мен дардай режиссермін сенің алдыңда ойнап жүр екенбіз ғой» деп ұрысты.

«Кімсің сен?» — деді олар. Мемлекеттің қаржысына екі ай түсесің де, жол ортаға келгенде қарсы болып, түспей қояйын деп тұр екенсің ғой деді. Иә, басында мемлекеттік қаржыға түсіріліп жатқандықтан оның мән-мағынасы да патриоттық, ұлттық сипатта болады деген үміт те болды.

Бірақ ортасына келгенде өзімді экраннан көріп қалдым да, қорқып кеттім. Көрсетпейміз, перде болады деген. Алдапты. Дегенмен, шегінуге кеш еді.

Тағы бір жағынан, маған ақша керек болды. Осынша еңбек төгіп, ауылға сүмірейіп барып тұрғым келмеді. Атырау қаласына келіп, біреудің үйінде үй қызметшісі де болдым. Кафеде де, дүкенде де істедім. Істемеген кәсібім қалмады. Тіпті подъезде түнеген күніміз де болды.

Ақша үшін түскен дейді. Бірақ қазір кім ақша үшін не істемей жүр? Содан тапқан ақшаның барлығы, шыны керек, өзімнің еміме кетті. Бұл фильмнен кейін өте қатты ауырдым, асқазаным ауырды.
Қытайға барып емделіп, ақшаның барлығы соған кетті. 

Гипноз істепті деген сияқты сөздер тарап кетті. Егер өйтетін болсам, мен ары қарай киноға түспес едім. Мамандар біледі ғой, экран алдамайды. Экранда мен ащы су ішіп ойнайтын болсам, ол көрініп тұрар еді. Бұл әңгімені ары қарай үдеткім келген жоқ. Қырқысып, бықсып жатқанды қаламадым. Бұл фильм режиссерінің жылдар өткеннен кейін қайтадан соны сенсация қылғысы келіп, жасаған пиар қадамы деп ойлаймын», — деді актриса.

Ермек Тұрсынов — обалды білмейтін адам

— Ермек Тұрсынов қазір өтірік сұқбат беріп жүр. Ол маған өте ауыр тиді. Мен қазір біреудің жарымын, екі баланың анасымын. Келінмін. Обал дегенді білмейді.

Жылдар өткеннен кейін болмаған нәрсені болды деп мақтанып, сұқбат беріпті. Мені Атырауда тойда билеп жүрген жерінен алып келдім депті. Ішкізіп түсіріп алдым депті. Бұл таза өтірік қой. Мені киноға бекіткен, тіпті ол да емес. Оған дейін басқа режиссер болатын. Бүкіл актерлік құрам бөлек болатын. Бұл фильмді түсіріп бастағанда, бастапқыда мұндай ашық түсірілімдер болған да жоқ. Жақсы түсіріліп бастаған. Бірақ фильмнің алғашқы нұсқасын көркемдік жетекшілер көргеннен кейін, ол өтпей қалды.

Ол нұсқа екі ай түсірілген болатын. Қайтадан актерлерді ауыстырды, режиссер де ауысты. Сценаристің өзі Ермек Тұрсынов болып келді. Мені қалдырды, қайны рөліндегі актерді қалдырды. Басқалары ауысты.

Ермек Тұрсыновтың өтірігін шығарғым келген кез болды. Тіпті, біраз адамдарға барып, жүгіріп те көрдім. Сұхбатында айтқан сөздерін қайта алып, кешірім сұрайтындай не істеуге болады деп ойландым.

Бірақ мені кезінде үгіттеген адамдардың ішінен «осылай саған жала жабылып жатыр екен ғой, сені мас қылып түсірдім деп жатыр екен ғой. Ол өтірік сөз, мен қасында болдым ғой» деп айтатын ешкім табылған жоқ.

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста