Кененнің кені таусылмас...

Кененнің кені таусылмас...

1963 жылы оқуды жаңа ғана бітіріп, жолдамамен Жамбыл облысы, Қордай ауданына барған жас маман Мамытбек Қалдыбай басқа барар жері болмаған соң, Кенен ақсақалдың үйіне түседі. Қасиетті Кенен ата «Бауыржан Момышұлының інісімін» деп келген баланы жылы шыраймен қарсы алып, «қанша жүрсең де еркің» деп төрінен орын берген. Құдайдың құтты күні есті әңгіменің түймесін ағытқан кеудесі кен ата бір әңгімесінде әйел затын бес топқа бөліп беріпті: «Алтын әйел – күйеуімен қайда болса да бірге жүретін, бір елі қалмайтын, көлін қорғаған қызғыштай, күміс әйел – күйеуі қай жерде жүрсе де, «аман жүрсе болды» деп, үйінде шаруасын түгендеп, тілеулес болып отырады, темір әйел – «айтқанымнан қайтпан» деген, көмір әйел – үй-іші ыбырсып, шашылып, есік алды кір-қоқыс боп жататын, ал жез әйел – бүгін мынамен, ертең анамен болсам деген жезөкше әйел». Әншілік, сазгерлік, ақындығынан бөлек, афоризм болатындай, кесек ойлар қалдырған қазына қарт ұрпағының ұлықтауымен көрерменімен деректі фильм арқылы қайта қауышты.
«Түркі әлемі» телестудиясында «Ала­тау­дың ақиығы» деген атпен жуырда тұ­сауы кесілген 70 минуттық деректі фильм­ді режиссер Доқтырхан Тұр­лы­бек пен Бақыт­жан Кененұлы бір жыл жүріп түсірді.

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры, жазушы:
— 1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда, Кенен Әзірбаев жоқтау айт­қан. Еш жерде көрінбеген жоқтауды мұрағатты қарап отырып кездейсоқ тауып алдым. Кенен атамыз 1920 жылы Қордайда рев­комның алғашқы төр­ағасы болған. Кеңес үкіметінің залым сая­сатынан мемлекеттік қызметтен қа­шып, ақындық жолға түскен. Партия қыз­меткерлері, НКВД «бұл ескілікті аң­сайды, Кеңес үкіметіне қарсы» деп Ал­матының абақтысына жабады. Сол кезде қазақтың зиялы азаматтары Мұха­мед­жан Қаратаев пен Ораз Жандосов бол­мағанда, Кенен Әзірбаев атылып кетуі мүмкін еді. 60-жылдары тоталитарлық заман­ның кесірінен, идеологияның на­шар­лығынан «Алатаудың ақиығын» еш­­кім іздемеген, ұмыт қалған. Сол кезде алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы Сәбит Мұқанов Алматыдан арнайы іздеп келіп, кітаптарын жариялатып, өкі­метке қайта-қайта айтып жүріп 10 бөл­мелі үй салдыртып беріп, мұражайын аш­қызыпты. Кенекең өмірінің соңына дейін Сәбиттің еңбегін айтып өткен».
Бір жылдары елді жалмаған шешек ауруынан әншінің қос бірдей құлыны қайтыс болып, ақынның «Базар-Назар» жоқтауын шығарғаны белгілі. Баласы «Төрткенге» ақын жүрегінен жыр түлеп ұшты. Ел ішінде «ән-жыр кені Кененнің басқа ұрпағы қалмапты» деп жүргендер де болған.
Көркемжан мен Бақытжан
Екі өркеші түйенің.
Екі емшегі биенің,
Маңдайыңнан сүйемін,
– деген өлең жолдары әкесінің жоғын жоқтап, мұрасын насихаттап жүрген Бақытжандай журналист перзентіне арналған. Демек, Кенен ақсақалдың өзі айтқандай, әнші-сазгер «күлшашардан» кенде емес.
Бақытжан КЕНЕНҰЛЫ, ақынның ұлы:
— Әкем Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқа­нов, Ғабит Мүсірепов, Хамит Ерға­лиев, Тайыр Жароковтармен сыйлас бол­ған. Олардың көзі жоқ болса да, ұр­пақтарынан естелік алдық. Ораз Жан­досовтың баласы Санжар Жандо­сов ұлының атын Кенен атаның құрме­тіне Кенен деп қойған. Сол Кененді тауып алып, сөйлеттік. Осындай тың дүниелерді табуға тырыстық. Жиналған материал сегіз сағатқа жетеді, бірақ ол – болашақтың ісі. Әкемнің әндерінен айтқан «Алтын қорда» концертім бар. Үлкен жиын-тойларда әндерін, термелерін айтам. «Екі Кенен болмайды, Алатауға ексең де» дегендей, ол кісідей болмасақ та, өнерін насихаттау жағында жүрміз. Әкеміздің «Ауылынан ғашық жар­дың аттанарда», «Ерлі-зайып» өл­ең­деріне ән шығардым. Ол кісінің 61 жасында көрген ұлының кенжесімін. Ба­ла­ларға айғайлап ұрысуды білмейтін. Ай­тарын дастарқан үстінде өлеңмен-ақ ақтарып салатын. «Қарағым, мен халық ақынымын, халық ақыны болған соң, менің балаларым да халықтың ішінде жүруі керек. Менің атымды пайдаланып, өздеріңді биік ұстамаңдар» дейтін.
Бекен БАТЫРБЕКҚЫЗЫ, Кененнің ақындығын зерттеуші:
— Академияда аспирант боп жүр­ген кезімде «Кенен Әзірбаевтың ақынды­ғы» деген тақырыпта Мәлік Ғабдул­лин жетекшілігімен диссертациялық ең­бек жаздым. Сол ғылыми еңбегімді жинақтап, кітап қып шығарсам деген арманым бар. Атаның 90-нан асқан кезінде үйіне ба­рып, қолын алдым. Бәй­бі­шесі Әсет апамыз бар болатын. Екі күн қонып, сыр тартқан едім. Жантайып қалған кезі екен, әңгімесі дәділ. «Бақыт­жан баламның құрдасы екенсің», – деп жақсы қарсы алып, батасын берді».
1902 жылы қырғыз манабы Шәбденге ас беріледі. Ел-елден келген сыйлы адам­дардың ішінде атақты Жамбылмен қатар 18 жасар Кенен де бар еді. Әуелде жас­қанған жас бала еті қызып алған соң, жыр нөсерін ағызған. Өнеріне тәнті болған жыр жампозы Жамбыл батасын беріп, Жамбылмен қатар жүлде алып қайтады.
Кенен ата өміріндегі елеулі оқиғаның бірі — Ораз Жандосовпен кездесуі. 1919 жылы Жетісу ақындарының әнші-күйші­ле­рінің басқосуында танысқан ақын Ораз­ды аузынан тастамай, айтып жүретін. Оған арнап «Оразжан» деген үлкен поэ­ма да жазады. Әйгілі музыка зерттеушісі А.За­таевич Ораз Жандосовтың аузынан Кенен­нен естіген Жетісудың бірнеше әнін нотаға түсірген.
Композитор 90-ға келгенде республика болып дүбірлетіп той жасаған. Әнші-ақынның торқалы тойына сол кездегі ел басшысы Дінмұхаммед Қонаев ағамыз ең жоғары награда «Ленин орденімен» марапаттау үшін арнайы жеделхат жібереді. Кенен атамыз Димаш інісіне алғысын мына өлең арқылы білдірген-ді:
Көрген жоқ қорқып сенің жаудан бабаң,
Қиядағы қыранға да таңданбаған.
Білемін арғы-бергі заманда да,
Бұл қазақ сендей ұлды армандаған.
«Нарым» деп ардақтаймын мен де сені,
Қырандар аспанда емес жерде өседі.
Түсінем, Димаш балам, сен болмасаң,
Кеудеме күн шуағы енбес еді.
Қонды ғой бақыт құсы басыма кеп,
Әзірмін ән салуға қасыңа кеп.
Мен саған 90-ымды бердім, ұлым,
Ел үшін Жамбылдың да жасына жет!

1984 жылы Жетісудың желмаясы Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы өз баяндамасында Кенен атаның елеулі еңбегін тілге тиек еткен болатын: «Халық өмірінде Кенен Әзірбаев үн қоспаған, өзінің жарқын таланты мен шуағын төкпеген бірде-бір айтулы оқиға болған емес. Оның тамаша өшпес туындылары бүгінде осы жауапты, құрметті істе сапта тұр. Ақиқаты да – сол!». Расында, «Көкшолақ», «Шырқа, дауысым!», «Базар-Назар», «Бозторғай», «Тік шырқау» сынды озық әндерді қазаққа сыйлаған Жетісу ән-жыр мектебінің белді өкілі Кенен Әзірбаев халық жадынан өшпек емес. Заманында үлкен сый-құрметке бөленген халық еркесінің әндері жылда дәстүрлі түрде өтетін «Шырқа, дауысым» Кенен әндерін орындаушылардың байқауында кеңінен шырқалып та жүр. Аталған мектептің орындаушы-ұстаздары Ержан Қосбармақов, Ақан Әбдуәлі, Шолпан Даржановалар да шәкірттерін Кенен әндерімен сусындатудан жалыққан емес. Кенен атаның келелі жырлары әлі талай буынды тәрбиелейтініне күмәніміз жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста