Кеш Алаштың Мұстафасына арналды

Кеш Алаштың Мұстафасына арналды

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында ұлт мұраты үшін күрескен, қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарының бірлігі мен ынтымағын аңсаған Алаш қозғалысының төл перзенті Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығына арналған «Алаштың Мұстафасы» атты ғылыми-танымдық кеш өтті. Кешке ғылым жолында үлкен еңбек етіп жүрген белгілі алаштанушы, әдебиеттанушы ғалымдар, ақсақалдар, мектеп мұғалімдері, студенттер қатысты.

Ғылыми-танымдық кешті Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент Әубәкір Жандос Мағазбекұлы ашты. Өз сөзінде мұражай басшысы: «Кешті өткізудегі басты мақсатымыз жалпы Алаш азаматтарының ел үшін істеген еңбектерін тағы да оқырмандарға, көрермендерге, тарихшыларға насихаттау болып отыр. Мұстафа Шоқайды еске алып, оның кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасын қайта жаңғыртып, еске алу», – деді.

Кеште белгілі тарихшы, ғалым М.Қозыбаев атындағы тарихи және саяси-әлеуметтік зерттеулер орталығының  директоры Мұхтар Кәрімов «Мұстафа Шоқай көзқарасының қалыптасуының тарихи алғышарттары» тақырыбында баяндама жасаса, Түркістан қаласынан келген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Хазіретәлі Тұрсын «Мұстафа Шоқай және Түркістан» жайлы ойын ортаға салды.

Аталған кеш мұражайдың «Алаш арыстары. Мұхтар Әуезов» бөлімінде өткізілді. Бұл бөлім 1997 жылдан бері қала тұрғындарына, қала қонақтарына Мұхтар Әуезовтің өмірін, қызметін, шығармашылығын және Алаш үкіметінің тарихын, Алаш қайраткерлерінің қызметін, еңбектерін зерттеп, насихаттап келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста