Кілем ілулі үйде бойжеткен бар

Кілем ілулі үйде бойжеткен бар

Бауырлас түрік елінде тұрмысқа шығуға даяр бойжеткен қызы бар отбасы қызына күйеужігітті қалай таңдайтынын білесіз бе? Ал қазақ халқы ше, қызы оң жақта отырып қалмау үшін қалай әрекет жасайды? Түбі бір бауырлас елдерде сақталған ескі дәстүр туралы не білеміз? 

Осы күзде жол түсіп, Түркияның Алания қаласына сапарлап қайттым. Анталия әуежайына түскеннен кейін гид күтіп алып, Аланияға қарай жол тарттық. Екі жарым сағаттық жер екен. Автобустың терезесінен табиғатты, қалаларды тамашалап отырған қатты ұнайды. Гид өте өжет, пысық, сауатты жігіт екен. Аланияның арғы-бергі тарихы жайлы әңгіме айтып, сұрақтарға жауап беріп отырды. Қыркүйек айы болғасын, ол жақта жемістің түр-түрі төгіліп тұрғанын көрудің өзі керемет. Тек ыстық жақта өсетін апельсин, анар, банан, құрма жемістерін көріп балаша мәз болдым. Ыстық демекші, ауа райы өте ылғалды, қапырық болғандықтан болса керек, ол жақтағы үйлердің балконы өте үлкен екен. Бөлмелерінен гөрі ашық терассалары, бакондары кең секілді көрінді. Түрлі формада салынған үйлерге жол бой қарап отырғанда кейбір үйлердің балконында кілемнің ілініп тұрғанын көзім шалды.

Гид менің ойымды оқып қойғандай, «Байқадыңыздар ма, кейбір үйлердің сыртында кілем ілінген» деді.  Бұл ненің белгісі деген сұраулы көзбен қарағанымыз сол еді әлі жігіт бірден көңілді кейіппен жауап берді.

«Егер түріктердің үйінің қоршауында немесе балконында кілем ілініп  тұрса, ол үйде тұрмысқа шығуға әзір бойжеткен қыз бар деген сөз. Егер екі  кілем ілініп тұрса, демек ол қызға тез арада тұрмыс құру керек» деп рахаттанып күліп алды. Көңілді жігіттің айтуынша, Түркияда үйлену оңай емес, өйткені қыздың қалыңмалы өте көп, жігіт жақтың қыздың отбасына беретін сыйлары да аз емес екен. Сондықтан жігіттер үйленер алдында жұмыс істеп, әжептәуір қор жинау керек.

Айнұр Сенбаева 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста