Кинотеатр көп, бірақ өлі залдар одан да...

Кинотеатр көп, бірақ өлі залдар одан да...

Соңғы 10 жылда елімізде театрға барушылар саны 50%, музейлерге - 25%, кітапханаға - 40%, концерт залдарына – 100%-ға өссе, киноға деген қызығушылық – 400%-ға дейін күрт өскен. Ranking.kz жобасының зерттеуіне сенсек, өткен жылдары қазақстандық кинопрокатшылар 10 млрд тенгені жамбасқа басқан сыңайлы. Ал ол – 420 мың киносеанс орын алып, онда 13 млн. билеттің өтуінің арқасында қол жеткен табыс. Бұл – еліміз кинөндіріс нарығында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс, рекордтық көрсеткіш. Кинотеатр жайын "Алаш айнасы" тілшісі мәселе етіп көтереді.
«Қазақфильм» АҚ берген мәліметке сенсек
2011 жылы Қазақстанда әр 100 мың көрерменге 4,4 кинозалдан келген. Ал енді мына қызықта қараңыз, одан кейінгі жылдары қаланың әр бұрышындағы сауда және ойын-сауық орталықтарында, атап айтқанда Chaplin ADK, «Иллюзион Атриум», Bekmambetov Cinema, Kinopark Esentai секілді кинозалдар қарқынды түрде ашылғандықтан, небары үш жылда 33 жаңа кинозал қосылыпты. Расында, кинопрокаттан табыс түсіруден көшбасында Алматы тұрса керек, сандық деректермен сөйлесек, Қазақстан бойыша 3,9 млрд тенге, яғни, кино табыстың 39% әлі де болса осы қаланың еншісінде. Ал Астана әзірге 2,5 млрд тенге табыс түсіретін көрінеді. Мұны кино зерттеушілер Алматыдағы халықтың және соған сай кинотеатрлардың (кинозал емес) көптігімен де түсіндіреді. Айталық Алматыда күні бүгін 22 кинотеатр болса, Астанада - небары 6, ал қлған қалаларда бірен-саран, ары кеткенде бесеу ғана. Бір ғана Алматының өзінде бүгін әр 100 мың көрерменге 6-7 кинозалдан келеді екен шамамен.
Әйтсе де, әлі ерте...
... қуануға да, әрине.
Себебі кинозал жағынан Алматы жалпы ТМД елдерінде көшбасшы болғанымен, бізде кинотеатрлар қала бойынша дұрыс бөлінбеген. «Мәселен, «Айнабулақ» мөлтекауданында бірде-бір кинозал жоқ. Ол жақтың тұрғындары кино көру үшін орталыққа келуге мәжбүр. Ал негізінде кинотеатрларды орталыққа шоғырландырмай, керісінше, қаланың шет жақтарына қарай ығыстыру керек» дейді «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шукенов. Сосын «аты бар, заты жоқ» кинозалдарды жабу керек. Себебі оларға кісі айына-жылына бас сұқса жарады, болмаса ол да жоқ, Ендеше, өз шығынын өтемейтін ондай «өлі» залдарды ұстағаннан не ұтамыз?
«Қарақшылар»
Баяғыда саудагерлер керуенін немесе жүк артқан кемелерді тонаса, бүгінде олардың осы заманғы ізбасарлары тіпті киноны да «тонайды». Елімізде кинотеатр ашушы кәсіпкерлерге құлақ түрсек, осы салада ең басты кедергі қарақшылық болса керек. Қарап тұрсақ, бір кездері расында кинотеатр Алматының ана бұрышында біреуі болса, екіншісі тіпті шалғайында, яғни, бір қаладағы олардың саны таздың шашы секілді селдіреп тұратын. Қазір олай емес, Құдайға шүкір, бүгінде аяқ аттасақ, «Сауда және көңіл көтеру орталығы», ал оның ішінде міндетті түрде кинозал бар. Тіпті Kinopark, Star Cinema, «Арман» секілді алпауыттарда кинозалдар бір емес, бірнешеуден. Оларда билет бағасы күндізгі сеанста 400-600 теңге аралығында сатылса, түнгі сеанста мың теңгенің үстіне шығады, ал VIP орындар бөлек әңгіме. Соған қарамастан, киноға деген құмарлық, бүгінде тіпті жігіттің қызға деген ғашықтығын «әй, шаң қаптырып тұр ау»... Осылардан жап жақсы пайда түсуі керек сияқты, алайда кинопрокатшылар еңірегенде етектері жасқа толады: «шығынды өтей алмай қаламыз» дейді олар. Неге? Біріншіден, демография мәселесі, ал одан бұрын «қарақшылар» қағып кетеді де, көпшілік шығын шығарғанша, соның небары оннан бір бөлігіндей қаржыға әлгі киноны көре алады, тіпті интернеттен тегін көруі де ғажап емес.
Бәрін айт та, бірін айт, «отандық киноға...
көңіл аудартуға бертінде, яғни, 2010-2011 жылдары ғана қол жеткіздік, ал оған дейін кинотеатрларымыз тек голливудтық кинолардың қосымша кеңісігі ғана болып келді, – дейді «Казақфильм» киностудиясының директоры Ермек Аманшаев. – Бірақ ол қызығушылық қарқынды өсіп, соның арқасында, 2012 жылы «Жаужурек мын бала» қызығушылықтың ең жоғарғы шыңына қол жеткізді. Мәселе тек кассааға миллиондаған қаржы түсіруде емес, қазақ киносына, қазақша киноның өзіне лайық құрметке ие болғанында. Ал «Жау жүрек мың бала» бізге сондай табысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді». Сондай-ақ Ермек Аманшаев, кинодағы орыс тілінің үлес салмағы бұрын 70, ал қазақ тіліндегі кино небары 30 пайыз болса, аталған кинотуындыан кейін айтарлықтай өзгеріс енгенін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста