Кітап оқудан қол үзіп барамыз

Кітап оқудан қол үзіп барамыз

«Адам жанының тәрбиешісі», рухани құндылықтардың қайнар көзі саналатын кітапқа, әдебиетке жетері бар ма? Бүгінгідей ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып отырған кезінде балаларымызды күні бойы компьютердің алдынан тұрғыза алмай әлекпіз. «Заманауи құралдар біздің бүгінгі ұрпағымызды «торына» түсіріп, шырмап алғандай. Қала берді, ұялы телефон бар. Ол да шексіз мүмкіндіктерімен баланың басын айналдырып, көзін байлап тастағандай. Балаға кітап ұсынсаң, селқос, енжар қарап,  сәлден соң оны ысырып тастап, компьютерге телміретінін қайтерсіз...
Соңғы жылдары қазақ баспаларынан шық­қан кітаптардың полиграфиялық сапасы жақсарып, мазмұны тереңдей түсті. «Алматы­кітап», «Аруна», «Атамұра», «Балалар әде­бие­ті», «Балауса» сынды баспалардың өз өнім­дерін безендіруде ұлттық на­қышқа басымдық беретіні көңілге қуаныш ұя­латады. Қазір ТМД елдерінің арасында кітап басу ісі жағынан Қазақстан алдыңғы орындарда. Десек те, бұл біздің «кітапқұмарлығымыздың» көрсеткіші бола алмай тұр.
Елімізде 282 баспа ісімен айналысатын мекеме бар. 142 әмбебап баспа, 60 жоғары оқу орнының баспасы, 20 ғылыми-зерттеу меке­мелері мен 14 қоғамдық ұйым бас­палары бар. Мемлекеттік тап­сырыспен 432 аталым кітап жарық көрген, оның ішінде 47 аталым саяси әдебиеттер, 126 аталым оқу­лықтар, 30 аталым анықтамалық басы­лым­дар, 10 аталым ғылыми-көпшілік әдебиеттер, 13 ата­лым балалар әдебиеті, 159 аталым көр­кем әде­биет­тер, 11 аталым өмірбаян мен 8 фотоальбом шық­қан. Кітап пала­та­сының деректерінде 2009 жылға қарағанда 2011 жылы баспа өнімдерінің көлемі 6,58 па­й­ызға артқаны айтылады. Демек, қазақ бас­палары кітап шығармай жатқан жоқ, кітап та­ратпай отыр. Баспагер ағаларымыз кітап­та­­рының өтпейтінін жиі айтады. Қазақ­стан­дық­­тардың тек 17%-ы ғана белсенді оқыр­ман қата­рына енеді. Әр адам жарты жылда орташа есеппен тек 3,7 кітап сатып алады. Соңғы 15 жылдағы жас тол­қынның басым бөлігі көркем әдеби шы­ғар­малармен таныс емес. Ал орыстілді оқырман ара­сында Ресей баспаларының жеңіл-желпі махаббат ро­мандары мен детективтері сұранысқа ие.
Тәуелсіздік алғалы бері қазақ кітап­та­ры­ның таралмауына олардың таралы­мының аздығы да бірден-бір себеп болып отыр. Ал, негізінде қазақ, баспалары кітап шығармай жатқан жоқ, олар қандай кітап шығару керектігіне мән бермей жүр. Батыс баспалары, соның ішінде Ресей баспалары 2000 жылдың басында кітап саудасын едә­уір жолға қойды. Олар, біріншіден, на­рық­ты зерттеп, кітап маркетингін дамыт­қан. Байқасақ, батыс баспалары өз тұтыну­шыларын жобалап алмай, өнім шығар­майды. Әртүрлі сауалнамалар мен әлеу­мет­тік зерттеулер негізінде оқырманды қай автор, қандай тақырып қызықтыраты­нын анықтайды. Біздің қазақ баспаларына да кітап маркетингінің қыр-сырын меңге­ретін уақыт жетті. Екіншіден, қазақ баспалары кітап шығармай отырған жоқ, тарата алмай отыр. Мысалы, Алматыдағы Баспалар үйіне (Абай мен Гагарин көшелері­нің қиылысындағы) бара қалсаңыз, баспа жанындағы кітап дүкендеріндегі өнімдерге көз тоймайды. Қазақ классикалық әде­биетін серия-сериясымен шығарып жат­қан­дары да бар. Бірақ сол кітаптар Баспалар үйінен ұзап кете алмай, оқырман қолына тимей отыр.
Ғалымдардың айтуынша, 10 мың тұр­ғынға бір кітап дүкені болуы керек. Кеңес үкіметінің тұсында 1500-ге жуық кітап дү­кені болған. Қазір аудандар мен ауылдар­дағы кітап дүкендері жабылған. Сондай-ақ кітап таратумен айналысатын фирмалар саусақпен санарлық. Ресей баспала­рының өнімдерін бұрынғы ТМД елдеріне таратумен айналысатын фирмалар күн санап дамып келеді. Баспалардағы маркетингілік шараларға кітап дүкендерінің аздығы мен кітап таратушы мекемелердің жоқтығы кедергі келтіріп отыр. Алматы қаласында Ресей баспала­ры­ның өнім­дерін саудалайтын 43 кітап дүкені бар екен. Олар көбіне өз сөрелеріне қазақ баспаларының өнімде­рін қоюдан қаш­қақтайды. Себебі, олардың ойынша, қа­зақ кітаптары өтпейді. Ресей бас­пала­ры­ның өнім­дерімен салыс­тыр­ғанда біз­дің кітап­тары­мыздың таралымы аз болған­дықтан, бағасы да қымбат. Қа­зақ­­станда сапалы қағаз шығаратын өнді­ріс те жоқ. Қағазды Ресей мен Қытай­дан тасы­мал­даймыз, жоғарыда­ғыға 13% қосым­ша құн салығын (ҚҚС) қо­сы­ңыз. Осы­лардың барлығы, қазақ кітап­тарының өзіндік құны­на әсер етуде.
Үшіншіден, қазақ кітаптарына жарнама жоқ. Жалпы, көпшілік оқырман баспалардан қандай өнім шығып жатқандығынан бейхабар. Қазақ баспаларында аудиовиз­уалды ақпарат құралдарына жарнама беретіндей қаржы жоқ екендігі белгілі. Осы мәселеде мерзімді басылымдар да қазақ кітабына жанашырлықпен қараса екен деген ойдамыз. Алайда баспалар да қарап отырмай, жоғары оқу орындарымен, мектептермен, өзге де мекемелермен тығыз байланыс орнатып, көрмелер ұйым­дас­тырып, жарнамалық каталогтер мен парақ­шалар таратып, әрекетке көшетін уақыт жетті. Тендерге телміріп отыра беруден баспагер ағаларымыз әлі жалыққан жоқ. «Кітап-пошта» жүйесін дамытып, авторлармен кездесулер, кітап жәрмеңкелері сынды шараларды атқаратын кез келді. Тіпті кітап оқуды жастар арасында жаппай насихат­та­сақ та артық болмас еді. Төртін­шіден, қо­ғамда оқырман азайды, жастар мүлде кітап оқымайды деген пікір бар. Ертеңгі оқыр­манды бүгін тәрбиелеуіміз керек. Балалар басылымдарын шығаратын «Балауса», «Ару­на» сынды баспалар бала­бақша­лар­мен, мектептермен тығыз байланыс ор­на­тып, авторлармен кездесулер және көр­ме­лер ұйымдастырса, балаларды қы­зық­ты­рып, әдеби-танымдық кітап оқуға ма­шық­тандырса, өз тұтынушы­ларын табар еді.
Кезінде жоғалтып алған кітап таратудың инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселе екені мәлім. Алайда қазақ баспагерлері де қазақ кітабына жанашырлықпен қарап, өз өнімдерін сұранысқа сай шығарып, қалай­да оқырман қолына жетуіне мүдделілік танытса, нұр үстіне нұр болар еді. Өкінішке орай, Қазақстан баспагерлері мен поли­графистерінің ассоциациясы өз жұмыс­та­рын дұрыс жолға қоя алмай келеді. Егер кітап тарату мәселесін тез арада шешпесек, 17 пайыз оқырманымыздан да айырылып қаламыз. Бәсекеге қабілетті 50-ге жуық баспамыз күш біріктірсе, оларға мемлекет және БАҚ тарапынан қолдау болып жатса, қазақ кітабының бағы ашылар еді. Қазақ кітап оқымайтын елге айналып бара жатса, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қалай қосылмақ? Экономикалық дағдарыс рухани дағдарыстың жанында түк емес екенін түсінетін уақыт жетті.

Мәлім ет...
Әлемдегі бірқатар елдерде кітапқа салынатын қосымша құн салығының төмен­дігі айқын байқалады. Мәселен, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Норвегия, Оң­түстік Корея және т.б. елдерде бұл мүл­дем жоқ. Ал өзге елдерде кітапқа қосы­ла­тын қосымша салық өзге тауарлар салы­ғынан әлдеқайда төмен. Атап айтар бол­сақ, Германияда өзге тауарға қосылатын салық 16% болса, кітаптікі – 7%. Ал Францияда – 19,6% және 5%, Испанияда – 16% және 4%. Ал АҚШ-та салық кітаптың жанрына қарай қосылады екен.

Қаперге
Әлем бойынша көп оқитын елдердің бірі – жапондар. Олардың дүкендеріне бір жылда 25 мыңнан астам кітап түседі. Демек, әрбір жапондыққа 11 кітаптан келеді екен. Ал кітап басу ісі бойынша көшті Ұлыбритания бастаса, жапондар – Германия мен АҚШ-тан кейінгі төртінші орында. Зерттеушілер Жапонияны Ресейдің өкшелеп келе жатқандығын айтады. Күншығыс елінде 4 мыңнан астам баспа үйі бар, жылына шамамен 6,7 млрд дана баспа өнімдерін шығарса, оның 500 млн данасы тек кітап өнімдері екен. АҚШ-та 6,5 мыңға жуық әртүрлі баспа жұмыс істейді екен.

Мәрия Майлықұтова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасының аға оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста