«Көк тудың желбірегені» әнінің сөзі қалай жазылды? (ВИДЕО)

«Көк тудың желбірегені» әнінің сөзі қалай жазылды? (ВИДЕО)

Ақын Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» өлеңі атамекенге деген ыстық сағыныштан туған. Қандасымыз Қазақстан Тәуелсіздігін алғанда алғашқылардың бірі болып, елге оралған.
«Елге оралып келе жатқанымда «Қорғас» бекетінде желбіреп тұрған көк Туымызды алғаш рет көрдім. Шағын ғана шатырлы үй болатын. Соның төбесінде тұрған Туымыз желмен лапылдап, өз тілінде дыбыс шығарып тұрған сияқты көрінді», - деп еске алады ақын.

Ерекше көріністен ақынның көңілі алабұртып, шабыты оянады.
«Көк тудың желбірегені,
Бақыттың елжірегені.
Қиырда қалған қазақтың,
Көзінің мөлдіргені...», - деген жолдар сол жерде туады.

Алматыға келген соң, өзге шумақтары жазылады. Ал 2000 жылы композитор Ермұрат Зейіпхан осы өлеңге арнап, ән шығарады, деп хабарланған «Қазақстан» телеарнасының сайтында.

Бұл ән бастапқыда бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Сол кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендірдің құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді.
 

www.inform.kz/kaz/article/2850905

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста