Көктемді көрсететін клип түсірудеміз

Көктемді көрсететін клип түсірудеміз

Роза Әлқожа, әнші-сазгер:
Көгілдір көктем келіп жеткелі көңілдерге де бір серпіліс келгендей... Әнші-сазгер Роза Әлқожа да жаңа әндер жаздырып, бейнебаян түсіруді қолға алыпты. Аз жазса да, саз жазатын, әндерді жүректен өткізе орындап, жүректерге жеткізіп жүрген сыршыл сазгермен сұхбаттасудың сәті түсіп еді.

– Роза, көктем келіп жеткелі қызу жұмысқа кірісіп кеткен сияқтысыз. Ару-көктем айрықша әсер беруде-ау, шамасы?
– Ойды ой қозғап, шығармашылық шабыт билеп, ерекше әсерленіп жүрмін. Кішкентайым өсті. Шүкір, жүгіріп жүр. Былтырғы жылды екінші альбомымды шығарып, жеке авторлық кешімді өткізіп, жақсы бастағаныммен, жыл соңында өнеріме мән бермей кетіппін. Оны Жаңа жылда байқадым. Биыл енді соның орнын толтырып, А.Леубаеваның «Сыңарым»,
Ғ.Жай­лы­байдың сөзіне жазған С.Жан­болат­тың «Гүлтолқын» әндерін, Қ.Омар­дың сөзіне жазған өзімнің «Жүрек назы» деген әнімді өңдеттім. Қазақы және заманауи екі образда фотосессия жасаттым. Бұрын суретке мән бермеуші едім, достарым өздері шығынын төлеп, студияға ертіп апарды. Заман көшіне ілесу де керек екен. Осы «Жүрек назын» ұнатқан бір досымыз бейнеклиптің қаржысын көтеріп жатыр. Қ.Омар екеуміз ақылдаса отырып, клипті О.Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің желісі бойынша түсіруді дұрыс деп шештік. Бірақ Оралханды «сөйлету» оңай емес екен. Оралханды «сіңірген» кинорежиссер іздеп, Бейбіт Бөрі басқарған «Төрт тұғыр» студиясының кинорежиссері Ән-нас Бағдатқа сценарийін жаздырттым. «Жылымық» картинасы жоқ болғандықтан, Базархан Дәлелханға арнайы тапсырыспен сурет салдырдық. Дәл осы қазіргі мезгіл ғой. Өткізіп алмайық деп жанталассақ та, бір күн қар жауып кетіп, қиындық тудырды. Қажет деген техника құралдарын тауып бердік. Клип емес, кино түсіргендей халдемін. Өйткені зиялы қауым сынмен қарайтын, Оралханды «тірілтетін» бұл түсірілімнің жауапкершілігі үлкен болып тұр. Режиссер бүкіл шығарманы 4 минутқа сыйғыза ала ма деген қорқынышым да жоқ емес. Клип «Ақ қайың» санаторийінде үш күн бойы түсірілді.
– Әңгімедегі Жанар өте сұлу қыз ғой. Рөлге актерлерді қалай таңдадыңыз?
– Иә, рас, бізде сұлу қыздар көп сияқты болғанымен, шындап қарасаң, көзі, қасы, мұрны, ерні келіскен нағыз табиғи сұлу аз екен. Ол қызды ҚызПИ-дің филология факультетінен таптық. Фариза Әмзеева деген 1-курс студенті. Ал жазушы образына «Ел» продюсерлік орталығы ұйымдас­тырған кештерде екі жыл бойы Мұқағали образын сомдап келген Рауан Бекбауовты таңдадық.

– Қай әніңізді тыңдасақ та, нәзік сырға, қоңыр мұңға толы. Сонша сезімді жұдырықтай жүрегіңізге қалай сыйдырып жүрсіз?
– Талантқа тағдыр керек шынығуға,
Жаралған аз жаныңды шын ұғуға.
Шынымды айтып, өзіңе мұң шағушы ем,

Жүрегім шытынаса, шыны мына, – деп Ақмарал апама хат жазып едім. Өмірдің қуанышын да, қайғысын да тек жүрегіммен қабылдаймын. Сондықтан кейде шытынап кеткендей болады. Бірақ ән болып төгілсе, жеңілдеп қаламын. Тез күліп, тез жылай салатын, болмашыға мұңайып, титтей нәрсені қуаныш көретін өте әсершіл адаммын ғой. Ондай болмасам, ән жазбас па едім?! Жаңбыр жауса деп көкке телміріп, күннің шуағын аңсаған, құшағы кең, дауыл-боран соқса, көпке әйгілі дарқан-далам сынды жанмын мен. Көкжиекке көз тігіп, арман-қиялмен өскен баламыз ғой, Алла сыйлаған сезім әсерін кеудемде әлдилеп сақтап жүрсем, бір күні өзі ән болып құйылады.
– Көбі сәнмен киінуге құмартып, өздерін асқақ ұстауға тырысса, сізден барынша қарапайымдылық байқалады. Әлде көпбалалы ана болғандықтан, құрбыларыңызға ілесуге уақыт жоқ па?
– Жоға. Әдемі, сәнді киінгенді ұната­мын. Бірақ ақынжанды болған соң ба, көбіне еркін киініп, боянбай жүре берем. Ал қарапайымлыдыққа келсек, өзім кіш­кентай ауылда туылып, қара жұмысты істеп өскен соң ба, сол санамдағы ауылдың талғамына қарай қызмет етемін. «Сол ауылдағы ақсақалдар, аналар, жеңгелер қалай ойлайды» деген ой мазалап тұрады. Біздің ауыл шариғат заңдарын бұлжытпай орын­дайтын, ақсақалдар алқасына бағынатын, өте қазақы ауыл еді ғой...
– Ауылға жиі барасыз ба?
– Барар едім, қазір шекараның ар жағында қалып қойды. Онда ешкім де жоқ. Сағынамын, әрине! Барып, баяғы жылқы мініп, қой баққан бала күндерімді еске түсіргім-ақ келеді... Ұстаздарымды, мекте­бімді, сыныптастарымды көргім келіп жүр.
– Адамдардың қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?
– Жанының тазалығын. Осыдан бес-алты жыл бұрын бір жағдай болып, саябақта жалғыз өзім жылап отырғанмын. Сырттай зиялы көрінетін жандардың бәрі кекесінмен қарап өтуде. Бір кезде қасыма екі қаңғыбас келді де: «Айнаға қараңыз­шы», – деді. «Қойшы» десем де алып қарадым, бетім айғыз-айғыз екен. Еріксіз күліп жібердім. Шын жанашыр адамдар солай кемшілігіңді түзеткісі келіп тұрады екен.
– Сұхбаттарыңызда ұлттық құндылықтарымыз жайлы батыл үн қосып қаласыз. Қоғамдық құбылыстарға бейжай қарай алмайтын сияқтысыз...
– Елдің алдына шығу – әркімге бұйыр­майтын бақ. Сол бақ бұйырған адам халық­тың мұңын айтуы керек. Жөнді сөзің болмаса, атағың мен көркіңнің құны қан­ша?! Ұлымды емес, ұлтымды ойлап мұңая­мын, ұлым соның бір бөлшегі шығар деп ұрпақ өсіріп отырған соң, болашақ алаң­датады ғой. Фариза апамызды оқып өскен соң ба, біздің де «юбка киген Махам­бет» болғымыз келіп тұрады... Қазір ер басымен өмірден түңілетіндер көбейді. «Мен сенің серпілмеген күніңе де, Қарай­мын керемет­тей серпінменен», – деп Т.Ай­бер­генов айтқандай, мен еліме үмітпен қараймын. Елі үшін, жері үшін жанын құр­бан еткен менің жұртымда батырлар әлі де бар, туылып та жатыр. Әйтпесе, бала­лары­мыздан несіне үміт күтеміз?!
– Шығармашылық ұстанымыңыз бен арманыңыз қандай?
– Кей журналистер «сіз ақынсыз ба, әншісіз бе, сазгерсіз бе» деп сұрақ қойып жатады. «Талантты адам барлық істе талантты», негізі. Мысалы, қазақ вальсінің королі – Шәмші ағамыздың өмірбаянын оқысақ, жазушының жазғанындай әсер қалдырады. Ал ән мәтініне өте кірпияз қараған. Тіпті бір әніне өзі сөз жазған. «Таланттың тоқсан тоғыз қасіреті бар, бірі – кедейлік» демекші, талант берген Құдай тағдырды да береді. Әнге, өлеңге деген адалдығыңды тексеріп, жиі қыспаққа алады. Дүние-мансап кімге керек емес?! Ал шығармашылық адамы пендешіліктен аулақ болуы керек. Өйткені шығарма – сенің жан дүниеңнің сыртқы көрінісі. Тіл маманы болған соң шығар, мақалалар миымда жазылып жатады. Шабытты ұзақ күтіп жүремін. Ән жазбаған күндерім жай күндер сияқты. Балаларымды ұлтқа қажетті азаматтар етіп тәрбиелегім келеді. Ал, негізі, бар арманым әнмен байланысты. «Әнші деген – аққу. Әдемілігіне, жүріс-тұрысына тәнті етіп, бірақ аяғын көрсетпей жүзуі керек» деп еді Қ.Бекбосынов ағамыз. Бекзат болмысынан бір танбаған Р.Бағ­ланова апамыздай өнер айдынында тер­беліп өтсек, арманымыз жоқ шығар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста