"Көлігімді саттым": Танымал әнші концертіне түрік жұлдыздарын шақыру үшін қанша мың доллар жұмсағанын айтты
Елімізге белгілі әнші Нұрсұлтан Нұрбердиевті көпшілік плагиат әндерді жиі орындайтыны үшін сынға алады. Осы орайда, өнер жұлдызы шетелдік әншілердің әнін тегін орындамайтынын, қырау қаржыға сатып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Журналистер осы сұрақты көп қояды. Иә, шетелдіктерден ән аламын. Бірақ мен ақшасына сатып аламын. Кешегі концертімде "Сенсің" атты жаңа ән қостым. Оның оригинал нұсқасын орындайтын түрік әншісін Антальядан арнайы шақырттық. Нұрсұлтанды Нұрсұлтан қылған "Жүрек алдамайды" әні. Бұл - түріктің әні. Концерт атмосферасына сай болу үшін түрік әншілерін де шақырдым. Жолын, жатын-орнын, барып-келу билетін, гонорарын - бәрін өзім төледім. 2018 жылы түркиялық Мұрат Япракты шақырар кезде өзімнің көлігімді саттым. 40 мың доллардай кетті. Ал осы жолы танысып, білісіп қалған соң өзіне тікелей шықтық. Мен Стамбулға бардым дегендей... Соңғы концертіме 15 мың долларға келді. Ал екінші әншінің жол-пұлы мен жатын орнын есептемегенде, тек қана гонорарына 25 мың доллар кетті. Концертке біраз шығындалдым. Бірақ өкінбеймін. Бұл менің жұмысым. Өзіме керек нәрсе", - деді Нұрсұлтан. Айта кетелік, Нұрбердиев бағдарлама барысында алғаш рет халыққа әйелі мен отбасын көрсетті. Сондай-ақ ол өзінде тіл-көз барын қалай анықтайтынын да айтып берді.