«Көліктер» қазақ балаларын баурай бастады

«Көліктер» қазақ балаларын баурай бастады

Қазақ бүлдіршіні күні бүгінге дейін әлемдік анимация кейіпкерлерін орысша тыңдап, былдырлаған тілін шүлдірлетіп келді. Өрмекші адам, Наруто болсын, «Мұз басу дәуірі» болсын бәрі-бәрі басқа тілде сөйлеген соң, баланың көкейінде «неге мен де солар секілді сөйлемеймін?» деген сауал туындары хақ. Көп күттірсе де, мультфильм кейіпкерлері қазақша үн қататын күнге жеттік. Ең алғаш ана тілімізге сөйлеген туынды «Көліктер 2» болып, қазақ анимациясы тарихына қалды.
Голливудтық компаниямен серіктес ретінде қолға алынған бұл жоба арқылы Қазақстан сондағы 39-дубляж тілі болып тіркелгенін айта кеткеніміз өте орынды. Ал негізі, елімізде Disney/Pixar студиясымен алғаш байланысқа түсіп, осы бастаманы қолға алған, сондай-ақ бейне­материал­дары мен диалог мәтіндерін ұсынған «Болашақ» қауымдастығы болатын. Сон­дай-ақ «Меломан» компаниясы мен «Ал­тын қыран» қоры да осы серіктестер қата­рында. Бүгінде өздерінің о бастағы мақсат­тарын соңына дейін жақсы жеткізген топ ел үшін бір іс тындырдым деп толығымен айта алады. Ерте көктемде бастаған жұ­мыс­ты екі жақ бірігіп, Балалар күні қар­саңында-ақ бір ретке келтірген, солайша қазақ баласы өзінің Найзағай МакКуйн мен МакМиссл, Мэтр сынды сүйікті кейіпкерлерін өз тілінде қуана тамашалаған болатын. Енді аталған мультфильмнің DVD және Blu Ray форматындағы нұсқалары жарық көріп, көпшілікке тарамақ. Бір сөзбен айтқанда, бұл форматтарда көрген көз қуанса, қазақша тыңдаған құлақ та қуанатын болады.
Нышанбек Жұбанаев, Найзағай МакКуйнді сөйлеткен актер:
– Негізі, мультфильмді дыбыстауға актерлер арасында соншалықты күшті іріктеу жүрді. Сондықтан мен ол рөлге өтем деп нақты сенгенім жоқ. Дегенмен бағымды сынап көрейін деген ой болды. Басты рөлдегі төрт кейіпкер дауысын Гол­ливудта бекітті. Алдымен әрине, осында, сонан соң – Мәскеу, ары қарай – Лондон, солайша бағымыз шауып, басты кейіпкерге өтіп кеттік. Дауыс жазу процесі ұзаққа созылған жоқ, бас-аяғы он шақты күнде бірақ соншалықты қатаң жұмыс тәртібімен, сондай қатаң талаппен жүзеге асты. Жай отырып сөйлеу емес, кейіпкерге жан бітіру, тірілту керек деген талап қойылды және бір қиындық туғызғаны біз орысшадан емес, ағылшыншадан тікелей сөйлеттік қой, солардың дыбыстауына ауыз қимылын сәйкестендіріп, қазақша сөйлеу керек. Соған қарамастан, қиналған, шар­шаған ешкім жоқ, себебі бізде студияда әр­­дайым позитивті атмосфера болды. Сон­дай-ақ жанр комедия ғой, шығар­машылық процесс кезінде барлығын ұмыт­тық.

Жалпы, осындай жобаны қолға алған – қазақтың Жанна Исабаева есімді аяулы қызы. Ел-жұрты оны «Ойпырым-ай» және «Қарой» сынды кинолары арқылы режис­сер ретінде таниды. Дауыс жазу процесі Алматыдағы «Синема Тон Продакшн» студиясында жүргізілді. Сосын дубляждың дәлдігін саралау үшін келісім бойынша дайын болған жұмыс, яки қазақшаланған анимация Лондондағы Shepperton сту­диясына берілді. Солайша, үндерді іріктеу сонау Тұманды Альбион елінде жүргізілді. Кейінгісі көрерменнің көз алдында, яғни және орыс тіліндегі мультфильм Қазақстан мен Ресейде бір мезгілде, яғни маусымның 23-інде про­кат­қа шығарылды.
Болатбек ЖҮНІСОВ, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы Алматы филиалының директоры:
– «Болашақ» қозғалысының алға қойған мақсаттарының бірі – жас ұр­пақтың бойындағы патриоттық сезімді ояту. Осы орайда ең алғаш қадамды балалардан бастап, олардың өз тіліне деген құрмет сезімін ояту, сүюіне игі ықпал ету керек деп білдік. Себебі болашақ – балаларда. Біз бүгін балаларға көңіл бөлгеніміз, өз болашағымызға зор үлес қосқанымыз болып табылады. Сондықтан біз бұл ретте, осы мақсатқа сәл де болса бір қадам жасадық деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста