Көңіл құрғыр бәрін қалап тұрады - Ақбота Сейітмағамбет
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде жан сырын ақтарған жазба жариялап, көпшілікті барынша қарапайым болуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дәурен Айдарқұловтың экс-жары әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөліскен.
Актриса адамдар арманы орындалған сайын асқақтап, тәкаппар бола беретінін алға тартты.
Бұл жайтты болдырмас үшін Ақбота ескі күннің естелігін әркез еске алып тұру керек екенін айтты.
"Сіз білесіз бе?! Адам арманы орындалған сайын асқақтай береді. Көңіл құрғыр бәрін қалап тұрады. Ең кішкентайы - тәкаппарлыққа бас ұру. Ең үлкені - Жаратқанды ұмыту. Осы әдеттен арылу үшін Алла тағаланы еске алып отыру қажет. Ескі күннің естелігін, еске алып отыру шарт. Әйтпесе, өзіңе білінбегенмен, өзгеге асқақтағаның айдай көрініп тұрады. Қарапайым болайықшы барынша. Сіз де, біз де қарапайым пендеміз. Барар жеріміз бір. Кейде көп нәрсені армандап қойсам, барыма шүкір деймін. Үлкен нәрсені армандауда кішкентай дүниеге қол жеткізгенімді аңғармай да қаламын. Қысқасы, өмірге өкпем жоқ", - деп жазды өнер иесі.